Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларында:
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырған деректер банкінен алушыға мүгедектік белгіленуі туралы мәліметтерді сұратады.;";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарда мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік алып тасталған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері БЖЗҚ мен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |