Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Үлесінің жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 – 2020 жылдардың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |