"1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 886 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453 қаулысында мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – өздеріне қатысты дәрменсіздігі туралы банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың берешегін төлеуге байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың өтінішхаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша;";

      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) – прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша.";

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин