"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 881 қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 881 қаулысымен
бекітілген

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясы

Мазмұны

      Кіріспе

      1-бөлім. Холдингтің ағымдағы жағдайын талдау

      1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау

      2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау

      2-бөлім. Миссиясы және пайымы

      3-бөлім. Қызметтің стратегиялық бағыттары, қызметтің мақсаттары, түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

      1-кіші бөлім. Деректер ағындарын басқару тиімділігін арттыру

      2-кіші бөлім. Экономиканың түйінді салаларының әрқайсысында технологиялық экожүйелерді ілгерілету

      3-кіші бөлім. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стартап-экожүйенің дамуын қамтамасыз ету

      4-кіші бөлім. Холдингтің және еншілес ұйымдардың тұрақты дамуы және қызметінің тиімділігі

      5-кіші бөлім. Холдингтің компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру

      1-қосымша

      2-қосымша

      3-қосымша

      4-қосымша

Кіріспе

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – холдинг) "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды.

      Холдингтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

      Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) болып табылады.

      Холдингтің 2021 – 2030 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) холдингтің 2011 – 2020 жылдарға арналған стратегиясының қолдану кезеңінің аяқталуына байланысты әзірленді және оның 2021 – 2030 жылдарға арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

      Аталған құжат ақпараттандыру және байланыс, цифрландыру, индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық саладағы және холдинг қызметінің бағыттары бойынша өзге салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленді.

1-бөлім. Холдингтің ағымдағы жағдайын талдау

1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау

      Инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізу экономиканы жаңғыртудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. АКТ саласын дамытуға инвестициялар кез келген елдің ұзақ мерзімді перспективадағы бәсекелестік жағдайын күшейтуге ықпал етеді.

      Атап айтқанда, Еуропалық комиссияның McKinsey & Company компаниясына тапсырмасы бойынша жүргізілген "Shaping the digital transformation in Europe" зерттеуінің базалық сценарийінде озық цифрлық технологиялар 2021 – 2030 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің орта есеппен жылдық 1,1 пайыз өсіміне ықпал етеді деп атап өтілген. Жиынтық әсері – осы технологиялардың нәтижесінде ЕО-28-ге мүше мемлекеттерде ЖІӨ-нің 2030 жылға қарай 14,1 пайызға өсуінде.

      Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) бағалауы бойынша цифрландыру кейінгі онжылдықта бизнес пен қоғам үшін зор әлеуетке ие және алдағы 10 жыл ішінде әлемдік экономика үшін 30 трлн АҚШ долл. астам қосымша табыс әкелуі мүмкін.

      Сонымен қатар, озық АКТ-ның өзіндік құндылығына кепілдік берілмейді. Мемлекеттердің цифрлық экономика мен қоғамға көшуін қамтамасыз ету үшін түйінді АКТ әсер ету мүмкіндіктерін пайдалану үшін барлық деңгейде ынталандырушы іс-қимылдар қажет болады.

      Цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде (IMD World Digital Competitiveness Ranking 2019) Қазақстан Ресей (38-орын) мен Украинаны (60-орын) басып озып, 35-орынды иеленеді. Дегенмен, Қазақстанның үлкен деректерді пайдалану және талдама, компаниялардың икемділігі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік сияқты көрсеткіштер бойынша бағалануы әзірге төмен.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросының деректері) деректері бойынша ҚР-да 2009 – 2018 жылдар аралығындағы кезеңде АКТ саласының тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) өндіру және өткізу көлемінің өсуі 626764 млн теңгеден 2053129,9 млн теңгеге дейін 327,6 %-ды құрады.

      2014 – 2018 жылдар аралығындағы кезеңде АКТ саласының тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) өндіру және өткізу көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Атап айтқанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша көлем 2053,1 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық (Ұлттық статистика бюросының деректері).

      Сондай-ақ, осы кезеңде АКТ нарығында ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – ІТ) нарығының үлесі 26,5 %-дан 40,2 %-ға дейін өсті (Ұлттық статистика бюросының деректері).

      Бүгінде Қазақстанда ЖІӨ-нің шамамен 5,5 %-ы АКТ-ға тиесілі, ал Корея Республикасында елдің ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 11,8 %-дан, Швецияда – 7 %-дан, АҚШ-та – 6,8 %-дан жоғары (Ұлттық статистика бюросының деректері).

      Алайда, көлемнің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, елдің ЖІӨ-де сектор үлесінің кері динамикасы байқалады. Елдің жалпы ЖІӨ көлеміндегі АКТ саласының тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) өндіру және өткізу көлемінің үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға төмендеп, 2019 жылы 3,3 %-ды құрады (Ұлттық статистика бюросының деректері).

      Кәсіпорындарда АКТ-ға арналған шығыстардың өсуі 2014 жылдан бастап орта есеппен 14 %-ды құрады. Оң динамика кәсіпорындардың бағдарламалық қамтылымының төлеміне жұмсалатын шығындар үлесінің 2017 жылы жалпы шығындар көлемінен 21 %-ға дейін ұлғаюына байланысты (Ұлттық статистика бюросының деректері).

      Аталған шығындардың ұлғаюы АКТ пайдалану факторының кәсіпорындар мен бизнестің тиімділігіне әсерінің артуын айғақтайды. Дегенмен, IDC компаниясының болжамдары бойынша жетекші компаниялардың 40 %-ын әуел бастан цифрлық жолға түскен жаңа компаниялар нарықтан ығыстыруы мүмкін.

      Осылайша, әлемдік экономиканың экономикалық өсуі баяулауының жаһандық үрдістерінің әсерінен АКТ-ны мемлекеттік секторда пайдаланудың кейінгі сценарийлерін айқындайтын макро, сондай-ақ технологиялық және бизнес трендтердің ұлғаюы атап өтіледі.

      Мемлекеттік компаниялар үшін ақпараттық технологиялар саласында АКТ-ның рөлі мен маңызының одан әрі эволюциясының бағыттарын айқындайтын мұндай макро, сондай-ақ бизнес және технологиялық трендтер Gartner-дің бірқатар зерттеулеріне сәйкес мыналар болмақ:

      1. Мемлекеттік электрондық көрсетілетін қызметтердің құны мен құндылығын қоғамдық бақылау әсерінің өсуі аясында АКТ-ға жұмсалатын мемлекеттік шығыстарды қатаң үнемдеу және қысқарту бағдарламалары режимі, қоғамның қартаюын және білікті жұмыс күшінің трансшекаралық көші-қонын қоса алғанда, демографиялық ілгерілеулер.

      2. Жаһандық және жергілікті компаниялар арасындағы өскелең бәсекелестік, табыстардың теңсіздігі, АКТ нарықтарынан алынатын салықтардың әділетсіз (үйлесімсіз) бөлінуі, сондай-ақ жылдам технологиялық өзгерістер елдерді ірі ұлттық, өңірлік дербестікті және цифрлық ұлттар егемендігін қорғап қалуға итермелейді.

      Бұл бағыттағы бірқатар протекционистік қадамдар Еуропалық одақта, Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі – АҚШ), Қытайда, Ресейде және басқа да бірқатар елдерде бағдарламалық құжаттар мен заңдар деңгейінде тіркелген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 407 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігі тұжырымдамасында көрініс тапқан).

      3. Ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу және пайдалану және ақпаратты (деректерді) өңдеу кезінде экономикалық тиімділікті құру және арттыру тәртібін оңайлату:

      Agile by Design – икемді жүйелер мен шешімдер әзірлеу үшін пайдаланылатын тәсіл;

      Shared Services 2.0 – ұйымдарға деректерді өңдеумен байланысты бизнес-процестердің бір бөлігін мамандандырылған ұйымдарға беру арқылы шығындарды азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсіл;

      Managed Service Providers (MSP) – басқарылатын сервистерді ұсыну тәсілі, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік аутсорсингі (Managed Security Service Providers (MSSP);

      Anything as a Service – IaaS, PaaS және SaaS модельдерін үйлестіре отырып, тиімділікті, ауқымдалуын қамтамасыз ететін бұлтты технологиялардың көмегімен іске асырылуы мүмкін барлық көрсетілетін қызметтер спектрін ұсынатын тәсіл.

      4. "Электрондық үкіметтің" шынайы уақытта деректер ағыны мен талдауын басқаратын цифрлық үкіметтік платформа жағына қарай дамуы. Деректердің қосылған құнын жасау тәсілін қолдау үшін Еуропада Деректерді өңдеудің 2019 – 2024 жылдарға арналған еуропалық стратегиясы қабылданды, 2020 жылы АҚШ-та онжылдық кезеңге арналған Деректер саласындағы ұлттық стратегиясы (Federal Data Strategy) бекітілді.

      Жасанды интеллект негізінде деректер айналымын қамтамасыз ететін технологиялар (көрсетілетін қызметтерді реттеуші, бақылаушы, көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші, көрсетілетін қызметтерді тікелей жеткізуші) қабылданған және енгізілген соң мемлекеттер көрсетілетін қызметтерді ұсынуда атқаратын рөлдеріне қарай мемлекеттік ІТ-компаниялар үшін одан әрі дамудың 4 сценарийін ашады:

      1-сценарий: Қамқоршылдық

      Жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) және ЖИ-ді пайдаланатын жаңа технологиялардың әсері салыстырмалы түрде төмен және мемлекет қызметтер көрсетуде жетекші рөлін сақтайтын жерде туындайды.

      Бұл ретте сценарий көрсетілетін қызметтерді дербестендірілген ұсынуға басым көңіл бөледі. ЖИ мемлекеттік ІТ-ұйымдарда цифрлық жұмыс орындары мен виртуалды (қашықтағы) цифрлық жұмыс орындарын сақтай отырып, талдаманы және мемлекеттің азаматтардың қажеттіліктеріне әрекет ету қабілетін жақсарта алатын жерде еңбек ресурстарының мүмкіндіктерін кеңейту үшін пайдаланылады.

      2-сценарий: Болжамдық

      Жұмыс күшінің мөлшері оңтайландырылатындықтан, шығыстарды оңтайландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерді төмендетуге бағытталады. Мемлекеттік ІТ-ұйымдар бұл сценарийде бизнес-қызметтерді тікелей ұсынуға бағдарланады.

      3-сценарий: Әріптестік

      Бұл сценарийде үкімет азаматтардың мүдделері саласындағы реттеуші рөлін сақтай отырып, тиімділіктің түйінді көрсеткіштері (ТТК) арқылы көрсетілетін қызметтер ұсынуды коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға береді.

      Мемлекеттік IT-ұйымдар бұл сценарийде өздері жұмыс істейтін экожүйені қолдауға жұмылдырылуға тиіс.

      4-сценарий: Коммерциялық

      Үкімет басқарушы емес, қадағалаушы рөлді атқарады және клиентке бағдарланушылық талаптарына сәйкес келуі үшін азаматтарға қызмет көрсететін экожүйелерді қадағалайтын болады.

      Мемлекеттік IT-компаниялар бұл сценарийде Initial Public Offering (бұдан әрі – IPO) арқылы да жекешелендіру объектілеріне айналып, көрсетілетін қызметтер экспортын қоса алғанда, нарыққа басқа қатысушылармен "тең" шығуға тиіс болады.

      Аталған трендтер айтарлықтай дәрежеде әмбебап сипатқа ие, барлық мемлекеттерге ықпал етеді және Қазақстан Республикасының бірқатар стратегиялық құжаттарында көрініс тапқан.

      Атап айтқанда, "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" шеңберінде үшінші индустриялық революция бағыты іске асырылуда, ол өндіріс ұғымының өзін түбегейлі өзгертеді: "Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз" (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы).

      2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес, оның ішінде экспортты мемлекеттік ынталандыру арқылы толығымен жаңартуға тиіс.

      Өз кезегінде, АКТ дамыту инновацияларды дамыту үшін адами және инфрақұрылымдық әлеуетті қалыптастыруға және жеке компанияларды зерттеулер мен инновацияларға инвестициялар салуға ынталандыруға бағдарланады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары аса жоғары өнімділік пен ғылымды көп қажет ету, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, сондай-ақ шетелдік технологиялар трансфері мен оларды бейімдеу және өз технологияларын дамыту үшін орта құру есебінен экономикалық өсуді ынталандыру міндетін қояды.

      "Ақпараттық Қазақстан – 2020" мемлекеттік бағдарламасы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ЦҚ МБ) болып қайта форматталды. ЦҚ МБ ІТ индустрияны дамытудың заманауи трендтерін – "Big Data" үлкен деректерін, мобильді және бұлтты технологияларды, Интернет "заттарын" пайдалануды, өндірісті роботтандыру мен автоматтандыруды енгізуді толығырақ есепке алады.

      ЦҚ МБ қолданысы кезеңінде өнеркәсіп пен электр энергетикасын, көлік пен логистиканы, ауыл шаруашылығын цифрландыру және "ақылды" қалаларды дамыту жөніндегі міндеттер шешілуге тиіс.

2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау

      Активтерді қайта құрылымдауға байланысты бүгінгі күні холдингтің құрылымы мынадай:

      1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –"ҰАТ" АҚ);

      2) "Astana Hub" халықаралық IT-стартап технопаркі" корпоративтік қоры (бұдан әрі – "Astana Hub" технопаркі);

      3) "TRANSINFOTECH" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "TRANSINFOTECH" ЖШС);

      4) "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "Astana IT University" ЖШС);

      5) "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "QazInnovations" ИДҰА" АҚ).

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысына сәйкес холдинг "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы болып айқындалды және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 695 қаулысына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалды.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен "ҰАТ" АҚ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының (бұдан әрі – ЭҮ АКИ) операторы болып айқындалды.

      "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 644 қаулысымен "Astana Hub" технопаркі "Astana Hub" халықаралық технологиялық паркі болып айқындалды.

      Холдинг басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы шешімімен холдингтің "TRANSINFOTECH" ЖШС құруда "TRANSINFOTECH" ЖШС жарғылық капиталына 10 пайыз мөлшерінде қатысуын мақұлдау туралы шешім қабылданды.

      "Astana IT University" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 9 пайызын сатып алу "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының "Astana IT University" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 9 пайызын сатып алу-сату шартын жасасуы туралы" холдинг басқармасының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі шешіміне сәйкес 2019 жылғы қарашада жүзеге асырылды.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес холдинг акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді.

      "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 687 қаулысымен "Қазтелерадио" АҚ акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызы республикалық меншікке берілді.

      2020 жылғы 19 ақпандағы № 3/20 сыйға тарту шарты негізінде "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ны холдингтің қарамағына беру жүргізілді.

      Холдинг Басқармасының Жалғыз акционер ретінде 2021 жылғы 19 ақпандағы шешіміне сәйкес "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ның атауы "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі" АҚ болып өзгертілді.

      2019 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің шоғырландырылған еңбек өнімділігі 11,6 млн теңгені құрады. Бұл ретте, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2018 жылдың қорытындысы бойынша
(2019 жылдың қорытындысы бойынша деректер жарияланған жоқ) еңбек өнімділігі (жұмыспен қамтылған бір адамға шаққандағы жалпы қосылған құн), жалпы Қазақстан экономикасы бойынша 6,2 млн теңгені құрады. Осылайша холдингтің шоғырланған еңбек өнімділігі жалпы Қазақстан экономикасы бойынша мәнге қатысты 87 %-дан жоғары.

      Ішкі және сыртқы ортаны талдау нәтижелері холдингтің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қатерлер мен мүмкіндіктерді бөліп қарастыруға мүмкіндік берді, олар төмендегі кестеде келтірілген.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Холдинг құрылымына кіретін компаниялар синергиясын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін функциялар үйлесімдігінің бірегейлігі.
2. Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының (бұдан әрі – ЕҰ) әдіснамалық сүйемелдеу мәселелеріндегі тәжірибесі және тиісті қызметтерді көрсету үшін құзыреттің болуы.
3. Холдингті және оның ЕҰ-ны басқа АКТ компаниялары арасынан ерекшелейтін заңнамалық базасының болуы.
4. Холдингтің компаниялар тобының ауқымды жобаларды, оның ішінде АК-инфрақұрылымды, электрондық үкіметті дамыту саласындағы жобаларды іске асыруда жинақтаған тәжірибесі.
5. Меншікті өңірлік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы.
6. Холдинг ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі базалық ұйым (ТК-34), сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің АКТ саласындағы базалық ұйымы болып табылады.
7. Халықаралық ұйымдардың, оның ішінде халықаралық электр байланысы одағының, халықаралық стандарттау ұйымының және халықаралық электр техникалық комиссиясының жұмысына қатысу.

1. Басқарма мүшелерінің жиі ауысуына байланысты сабақтастық пен бірізділіктің тиісті деңгейінің болмауы және активтердің қайта құрылымдалуы.
2. АКТ дамытудың заманауи деңгейлеріне және халықаралық стандарттарға жауап беретін жоғары білікті ІТ-мамандардың жетіспеушілігі.
3. Мемлекеттік органдардың бюджеттік рәсімдеріне жоғары тәуелділік (мемлекеттік бюджетті секвестрлеу және оңтайландыру, ІТ-жобаларды іске асырудағы жүйесіздік, іске асыру кезеңдерін ауыстыру).
4. Бөгде байланыс операторларының көрсетілетін қызметтеріне жоғары тәуелділік (көрсетілетін қызметтердің сапасы және операторлар тарифтерінің өзгеруі).
5. Жобаларға қатысуды қамтамасыз ету үшін меншікті қаражатының болмауы.
6. Балама қорландыру көздерін тарту тәжірибесінің болмауы.
7. Коммерциялық жобаларды іске асыру саласындағы жеткіліксіз тәжірибе.
8. Персоналдың төмен уәждемесі және кадрлар тұрақтамауының жоғары болуы.

Мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктері

Қазіргі және ықтимал қауіп-қатерлер мен тәуекелдер

1. Ақпараттық қоғамды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
2. Мемлекеттік саясаттың Қазақстанның цифрлық даму мәселелеріне бағытталғандығы.
3. Экономиканы дамытуға, оның ішінде инновацияларды дамытуға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік саясат.
4. Холдинг көрсететін қызметтерге жоғары қажеттілік.
5. Деректер мен экономикалық орындылық негізінде прагматикалық шешімдер қабылдау арқылы қызмет тиімділігін арттырудың әлеуеті мен ішкі көздерінің болуы.
6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігінің болуы.
7. АКТ дамуының негізгі трендтерін пайдалану: мобильдік технологияларды, бұлтты есептеулерді, индустриялық интернетті дамыту, ауқымды және ашық деректерді басқару.
8. Қазақстан Республикасы арқылы үлкен трафик (деректер) көлемдерінің транзиті мен оларды берудің қолжетімділігі.
9. Холдингтің цифрлық теңсіздікті жоюға қатысуы.
10. АКТ саласындағы заңнаманы үздіксіз жетілдіру.

1. Макроэкономикалық тұрақсыздық, мемлекеттік шығыстардың қысқаруы, компаниялардың инвестициялық-инновациялық белсенділігінің төмендеуі.
2. Әртүрлі факторлар бойынша экономикалық даму қарқындарының баяулауы, мысалға пандемия, экспортталатын шикізат тауарларына бағаның төмендеуі және т.с.с., соның салдарынан мемлекеттік шығыстардың қысқаруы, компаниялардың инвестициялық-инновациялық белсенділігінің төмендеуі.
3. АКТ саласының импортқа жоғары тәуелділігі.
4. АКТ саласында әлемдік деңгейдегі отандық зерттеулердің төмен деңгейі.
5. Бизнестің технологиялық сипаттағы инновацияларды қабылдаудың төмен деңгейі.
6. Дербес деректер субъектілерінің құпиялылығы мен құқықтарын бұзудың үдемелі қауіп-қатерлері мен тәуекелдері.
7. Жасанды интеллект, "үлкен деректер" т.с.с. бағыттар бойынша жоғары біліктілікке ие мамандарды іздеу және жалдау проблемасы.


2-бөлім. Миссиясы және пайымы

      Холдингтің миссиясы: қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру.

      Холдингтің пайымы: холдинг – Қазақстанда АКТ дамуының драйвері.

3-бөлім. Қызметтің стратегиялық бағыттары, қызметтің мақсаттары, түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

1-кіші бөлім. Деректер ағындарын басқару тиімділігін арттыру


      1-мақсат. Деректерді экономикалық айналымға қосу

      Холдингтің деректерді экономикалық айналымға қосу жөніндегі түйінді құралы "электрондық үкімет" болып табылады. Дәл осы тетік мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимыл жасау процесін оңайлатуға мүмкіндік берді.

      2008 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан БҰҰ-ға мүше 193 елдің арасынан 81-позициядан 29-позицияға көтеріліп, БҰҰ-ның "Электрондық үкіметті" дамыту индексі" рейтингіндегі (EGDI) өз позициясын тұрақты түрде жақсартты. 2021 жылдың өзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің "цифрдағы" үлесі 90 %-ды құрайды деп болжанып отыр. Осыған байланысты, бүкіл ел бойынша цифрлық инновацияларды ынталандыру және азаматтар үшін қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін деректер әлеуетін ашу аса маңызды.

      Алайда қалыптасып қалған бытыраңқы жүйелер, деректер мен процестер мемлекеттің аса кең цифрлық экожүйеге қатысуын шектеуді жалғастырып, толықтай цифрлық технологияларды енгізуге кедергі келтіруде.

      "Dаtа Exchange Agency" тәсілі арқылы ақпараттық өзара іс-қимыл процестерін оңтайландыру төрешілдікті жоюға мүмкіндік беріп, азаматтарды мемлекеттік органдар арасындағы ішкі әкімшілік рәсімдерге тартылу қажеттігінен арылтады.

      Бұдан басқа, цифрлық трансформациялау азаматтардың ағымдағы ғана емес, сондай-ақ болжанатын қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бере отырып, азаматтарға деректер негізіндегі проактивті деп аталатын қызмет көрсетуді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің жаңа модельдерінің туындауына алып келеді.

      Бұл ретте, электрондық деректер осы моделдердің ортасында бола отырып, кәсіпкерлік субъектілері көрсететін басқа да көрсетілетін қызметтер мен өнімдермен үйлесімдікте үлкен пайда әкелуі мүмкін.

      Қызметтер көрсету және мемлекеттің азаматтар мен бизнеспен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің трансформациясы коммерциялық сектормен кооперацияның сапалы жаңа деңгейі жасалатын ашық архитектура қағидаттарына (Open API) өту болады. Бұл инфрақұрылымды қолдауға шоғырлана отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі "соңғы миляны" экономиканың үкіметтік емес секторының өкілдеріне бере отырып, ақпараттық ресурстарды (деректерді) тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік емес ақпараттық ресурстар азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсетуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді меншікті экожүйелерге интеграциялай отырып, фронт-енд болып табылады.

      Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде қазіргі уақытта холдинг, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы ретінде, орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың архитектурасын әзірлеуде, сүйемелдеуде және дамытуда және ақпараттандырудың сервистік моделін ілгерілетуде.

      Міндеттер:

      1) үлгілік архитектураны әзірлеу;

      2) "Деректер – маңызды мемлекеттік актив" парадигмасында мемлекеттік деректерді басқару тәсілдерін дамыту (Open API);

      3) ақпараттандырудың сервистік моделін дамыту және жетілдіру;

      4) цифрлық экожүйе процестерін стандарттау;

      5) "ақылды қала" концептін ілгерілету.

      Осының бәрі азаматтарға және кәсіпкерлерге кез келген жерде, кез келген уақытта және кез келген құрылғыдан цифрлық үкіметтің жоғары сапалы ақпараты мен көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін береді.

      Осы мақсат шеңберіндегі қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) электрондық үкіметтің даму индексі;

      2) Қазақстанның электрондық үкіметтің даму индексінің (БҰҰ әдістемесі бойынша) мемлекеттік онлайн сервистерді дамытудың кіші индексіндегі (Online Service Index) позициясы;

      3) мемлекеттік емес қосымшалар мен сервистерде пайдаланылатын ашық деректер жинағының үлесі.

      Мақсатты іске асырудан күтілетін нәтижелер:

      Ел ауқымында сапалы, бірдейлендірілген, машинамен оқылатын әдепкі бойынша деректер жинағы.

      Азаматтардың қажеттіліктері мен сұрау салуларын болжамдауға негізделген мемлекетпен электрондық өзара іс-қимыл тұжырымдамасынан (Е-GOV) цифрлық үкімет тұжырымдамасына (AI-GOV) көшу.

2-кіші бөлім. "Экономиканың түйінді салаларының әрқайсысында технологиялық экожүйелерді ілгерілету

2.1-мақсат. Инновациялық жүйелер құру және дамыту

      Ақпараттық және коммуникациялық жүйелер экономиканың нақты секторы ғана емес, сондай-ақ барлық заманауи инновациялық экономикалық жүйелер мен қоғамдардың негізі.

      Қазақстан экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыты цифрлық инновациялық жүйелерді технологиялық платформалар немесе кластерлер ретінде құру және дамыту болып табылады.

      Айталық, экономиканың түйінді салаларында барлық қолда бар ресурстар мен мүдделі тараптарды шоғырландыру арқылы технологиялық платформаларды қалыптастыру инновациялық және ғылыми-техникалық даму шеңберіндегі түйінді бағыт ретінде айқындалды.

      Елдің инновациялық және технологиялық әлеуетін дамыту үшін "QazInnovations" ИДҰА" АҚ-ның қызметі мынадай стратегиялық бағыттарды іске асыруға жұмылдырылған: инновациялар экожүйесін дамытуды талдамалық сүйемелдеу және инновациялық қызметті ынталандыру.

      2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 10 технологиялық платформа (электрондық өнеркәсіп, 4.0 Индустрия, GreenTech, SmartCity, AgriTech, ЖИ, GovTech, FinTech, SpaceTech және GeoTech) бойынша олардың одан әрі даму пайымы әзірленді, операторлар айқындалып, технологиялық платформаларды іске асыру жөніндегі нақты іс-шаралардан тұратын жол карталарының жобалары айқындалды.

      Технологиялық жобаларға немесе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға салымдарды қаржылық қамтамасыз ету мәселесін шешкен кезде басымдық коммерцияландыру мүмкіндігімен аралас қаржыландыру нысанына берілетін болады.

      Бұл мәселені шешудегі икемділікті қамтамасыз ету үшін іргелі зерттеулерді қаржыландыруды мемлекет жүзеге асыратын болады. Мұндай жағдайда, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жүзеге асыру бойынша тапсырыстарды орындауға арналған ашық конкурстардың жеңімпаз ұйымдарымен технологиялық платформалар шеңберінде мемлекеттік келісімшарттар жасалатын болады.

      Электрондық деректер ҒЗТКЖ зерттеулер орталығында орналасады және талдау немесе көрсетілетін қызметтермен және өнімдермен үйлесімдікте үлкен пайда әкелуі мүмкін.

      Міндеттер:

      1) технологиялық платформалар бағдарламасын іске асыру арқылы 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру;

      2) инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін 25 %-ға жеткізу;

      3) ЖІӨ-дегі инновациялық өнімнің үлесін 5 %-ға жеткізу.

      Осы мақсат шеңберіндегі қызметтің түйінді көрсеткіші:

      1) инновациялық гранттар есебінен қаржыландырылып енгізілген технологиялар саны.

      Мақсатты іске асырудан күтілетін нәтиже:

      ДЭФ ЖБИ рейтингінде "Инновацияларға қабілеттілік" индикаторы бойынша жақсару – 2030 жылға қарай 50-орын.

3-кіші бөлім. АКТ саласындағы стартап-экожүйенің дамуын қамтамасыз ету

      3.1-мақсат. АКТ сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау

      Қазақстанда АКТ сегментінде кәсіпкерлік бастаманың төмен деңгейі байқалады. Бұл фактор Қазақстан Республикасында венчурлық капитал нарығы өзінің бастапқы қалыптасу кезеңінде тұрғандығымен шиеленіседі. Бірқатар сарапшылардың пікіріне сәйкес, венчурлық капитал нарығының көлемі шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрайды.

      Осыған байланысты Президенттің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауын іске асыру мақсатында АКТ сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау үшін 2018 жылғы 6 қарашада "Digital Bridge" форумын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен "Astana Hub" технопаркінің ресми таныстырылымы өтті. 

      "Astana Hub" технопаркі қызметінің нысанасы "Astana Hub" технопаркінің қатысушыларына акселерация, технологиялық бизнес-инкубация қызметтерін көрсету, "Astana Hub" технопаркінің қатысушыларын консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру, маркетингтік қамтамасыз ету арқылы инновациялық мәдениетті дамыту және стартап-экожүйені жетілдіру болып табылады.

      "Astana Hub" технопаркі "Астана" халықаралық қаржы орталығымен, Назарбаев Университетімен, Халықаралық ІТ-университетімен және Жасыл технологиялар мен инвестицияларды дамыту орталығымен қатар экожүйені қалыптастырады. 

      Қазақстанның стартап-экожүйесін қалыптастыру кезінде қатысушыларға заманауи инфрақұрылымның, инвесторлар іздеуге және компаниялардың сыртқы нарықтарға шығуына жәрдемдесудің мүмкіндіктерін, сондай-ақ оңайлатылған және жеңілдікті визалық, еңбек және салық режимдерін заңнамалық деңгейде ұсына отырып, АКТ-ны кластерлік қағидат бойынша дамытып жатқан Сингапур, Оңтүстік Корея, Израиль сияқты алдыңғы қатардағы елдердің тәжірибесі қолданылды.

      Дәл осы стартап-компаниялар перспективада көрсетілетін ІТ-қызметтер мен шешімдер экспортының негізгі үлесін құрайды деп күтілуде.

      Осыған байланысты, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде холдинг ІТ-компанияларды дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша мынадай шаралар қабылдауда:

      инкубаторларды, акселераторларды, бағдарламалау мектептері мен өңірлік серіктестерді бірлескен жұмысқа тарту;

      әзірлемелер орталығын немесе R&D орталықтарын құру;

      бизнес-періштелер институтын, краудфандинг алаңдарын, корпоративтік венчурлық қорларды дамыту;

      мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор кәсіпорындарының стартаптармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы мемлекеттік және корпоративтік инновацияларды енгізу.

      Мысалы, Оңтүстік Кореяның бұл мәселедегі тәжірибесі Samsung, Daewoo, Hyundai, Goldstar (LG) сияқты квазимемлекеттік секторының ірі өнеркәсіптік компанияларының көрсетілетін ІТ-қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысу арқылы жергілікті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігін көрсетеді.

      Қазіргі уақытта "Astana Hub" технопаркке белсенді стартап-қатысушылардың саны екі жүзге жуық компанияға жақындап қалды. Олардың бірқатарының холдингтің "ІТ-чемпиондар" бастамасын іске асыруы шеңберінде аталмыш "ұлттық чемпиондар" ретінде дамуына мүмкіндігі бар (ШОБ өкілдері, капиталға қазақстандық қатысу, дамудың оң динамикасы, бизнес-модельді масштабтау мүмкіндігі, экспортқа және/немесе импортты алмастыруға бағдарланушылық, озық технологияларға бағдарланушылық (блокчейн, ЖИ, интернет заттар, роботтандыру және т.б.).

      Қазақстан нарығына орныққан мұндай компаниялардың холдингтің қолдауымен сыртқы нарыққа, ең алдымен, Қытай және Ресей сияқты іргелес елдердің нарықтарына шығуға мүмкіндігі бар.

      Міндеттер:

      1) көрсетілетін ІТ-қызметтердегі қазақстандық қамтуды ұлғайту;

      2) отандық ІТ-компанияларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету;

      3) "IT-чемпиондар" табысының өсуі;

      4) ІТ-нарығының жалпы көлеміндегі және көрсетілетін ІТ-қызметтерде қазақстандық қамтудағы көрсетілетін IT-қызметтер үлесін ұлғайту;

      5) техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында АКТ саласының мамандарын даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына ұсыныстар енгізу.

      Осы мақсат шеңберіндегі қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) капиталдануы 1 млрд АҚШ долларынан асатын компаниялар саны (өсу қорытындысымен);

      2) стартаптарға тартылған инвестициялар көлемі (өсу қорытындысымен);

      3) көрсетілетін ІТ-қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі;

      4) ІТ-өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі (өсу қорытындысымен).

      Мақсатты іске асырудан күтілетін нәтижелер:

      отандық ІТ-саланы дамыту;

      капиталдануы 1 млрд АҚШ долларынан асатын компаниялар саны;

      көрсетілетін ІТ-қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;

      ІТ-өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемін ұлғайту.

      3.2-мақсат. АКТ саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салу, инвестициялық қорлар құру және инвестициялық қорларға қатысу

      Міндет:

      Жеке секторды тарту арқылы, меншікті қаражаттың жеке қаражатқа 20:80 арасалмағымен 2023 жылы инвестициялық қор құру.

      Осы мақсат шеңберіндегі қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салуға және/немесе инвестициялық қорларға қатысуға бағытталған бос ақша қаражаты мен таза пайданың үлесі;

      2) ROI 10 % (5 жылдық инвестициялық шекті есепке ала отырып, 2025 және 2030 жылдары инвестициялардың қайтарылуы, өлшеу).

      Мақсатты іске асырудан күтілетін нәтиже:

      холдингтің инвестициялық портфелінің сапасы.

4-кіші бөлім. Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының орнықты дамуы және қызметінің тиімділігі

      Бұл бағыт бойынша мынадай мақсатқа қол жеткізу көзделген:

4.1-мақсат. Холдинг активтерінің құнын жоғарылату

      Бүгінгі таңда холдингтің ең ірі активі ІТ-жобаларды іске асыру, ақпараттандыру саласындағы міндеттерді шешу, еңбек, өндірістік және қаржы ресурстарын интеграциялау бойынша 20 жыл тәжірибесі бар "ҰАТ" АҚ болып табылады.

      Холдинг "ҰАТ" АҚ-ны өз көрсетілетін қызметтерін, шешімдері мен өнімдерін мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ квазимемлекеттік секторға, бизнеске және шетелдік компанияларға ұсынатын АТ технологиялар флагманы ретінде жайғастыруды жоспарлап отыр.

      "ҰАТ" АҚ көрсетілетін қызметтер спектрін және оларды көрсету сегментін кеңейту "ҰАТ" АҚ-ға өз рентабельділігі мен табыстылығын, капиталдандырылуын және инвесторлар үшін ІРО-ға шығу тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

      Болашақта коммерциялық қызметті жүзеге асыру арқылы "ҰАТ" АҚ-ның табыстылығын қамтамасыз ету "ҰАТ" АҚ-ның заманауи технологияларды қолдана отырып, сапалы әрі қолжетімді қызметтер көрсетуі есебінен мемлекеттік бюджет шығыстарын оңтайландыруға жәрдемдеседі.

      "ҰАТ" АҚ мынадай шараларды қолданады:

      ішкі бизнес-процестерді және бөгде операторлардың тарифтерін оңтайландыру есебінен байланыс қызметтерінің өзіндік құнын төмендету;

      МО қажеттіліктерін ұтымды ету есебінен олардың шығыстарын оңтайландыру;

      мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы үшін байланыс арналары мен жаңа деректерді өңдеу орталықтарын салу;

      бұлтты сервистердің қызметтерін көрсету үшін инфрақұрылым дайындау;

      жеке отандық IT компанияларымен бірлесіп, нарыққа шығу үшін бұлтты және веб-технологиялар негізінде қызметтер көрсететін заманауи технологиялық платформаларды құру және дамыту;

      "ҰАТ" АҚ көрсетілетін қызметтер каталогын жаңғырту;

      Қазақстан Республикасына байланыс, дата-орталықтар және сервистер көрсету бойынша ұзақ мерзімді серіктестерді тарту;

      жергілікті және шетелдік каналдық серіктестермен қарым-қатынастар қалыптастыру есебінен клиенттік базаны кеңейту, халықаралық нарыққа шығу.

      Міндеттер:

      1) корпоративтік басқару тетігі арқылы ЕҰ қызметінің мәселелері бойынша егжей-тегжейлі талдау, уақтылы түзету және анық бақылау жүргізу;

      2) холдингтегі және оның ЕҰ-дағы ақша ағындарының көлемі мен бағыты бойынша нысаналы параметрлердің оңтайлы диапазонын белгілеу;

      3) акционерлердің мүдделеріне залал келтіретін ықтимал тәуекелдер мен іс-әрекеттердің жолын кесу.

      Осы мақсат шеңберіндегі қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) "ҰАТ" АҚ компаниясын нарықтық капиталдандыру, IPO-ға шығу (2030 жылы құны 420 млрд теңге);

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларының және холдинг қатысатын синдикатталған жобалардың жылдық рентабельділігі;

      3) негізгі қызмет бойынша үшінші тұлғалардан бюджеттен тыс қаражат тарту;

      4) 2030 жылға қарай "ҰАТ" АҚ бұлтты сервистерінен түсетін табыстардың үлесі 50 %.

      Мақсатты іске асырудан күтілетін нәтиже:

      Холдингтің кірістілігін ұлғайту мақсатында бұл ретте Yellow Pages қағидаттарына қайшы келмейтіндей, нарықты қамтуды арттыру есебінен қызметті коммерцияландыруды арттыру және АКТ өнімдері мен көрсетілген қызметтерін тиімді іске асыру.

5-кіші бөлім. Холдингтің компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру

5.1-мақсат. Холдинг компаниялар тобының қызмет тиімділігінің өсуі.

      Холдинг функцияларының басқа ұйымдардың функцияларымен қайталануы тиісті ұйымдар арасында қызмет нәтижелері үшін жауапкершіліктің төмендеуіне әкеп соғады. Функциялар қайталанатын жағдайларда, олар холдингтің айрықша құзыретіне жатқызылады не функцияларды орталықтандыру шеңберінде (ақпараттық технологиялар саласындағы активтерді басқару) басқа мемлекеттік ұйымдарда орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективада қысқартылады.

      Директорлар кеңесінің, ішкі аудиттің, тәуекелдерді басқарудың, инвестициялау жүйесінің қызметі жетілдіріліп, қаржы-шаруашылық және сатып алу жүйесі оңтайландырылады әрі жетілдіріледі.

      Холдингтің және оның ЕҰ кадр саясатын іске асыру арқылы адами ресурстарды тиімді басқаруға қол жеткізіледі, ол мынадай міндеттерді көздейді:

      құрылымдық бөлімшелердің кадрлық құрамын оңтайландыру және тұрақтандыру;

      қызметкерлерді ынталандырудың тиімді жүйесін дамыту;

      холдингтің компаниялар тобының корпоративтік мәдениеті мен этикасын жетілдіру;

      шетелдік мамандарды негізделген тарту есебінен ішкі құзыреттерді нығайту;

      мамандар мен басқарушыларды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту.

      Міндеттер:

      1) ЕҰ функцияларының портфелін (өлшемшарттар) және корпоративтік орталықтан басқару функцияларын қайта қарау (тәуелсіз директорлардың біліктілігін арттыру, тәуекелдерді портфель деңгейінде басқару, ЕҰ синергиясы);

      2) еңбекті және жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жаңа нысандарына көшу;

      3) холдингтің және ЕҰ-ның имиджін көтеру.

      Осы мақсат шеңберінде қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) шоғырландырылған еңбек өнімділігі;

      2) холдингтің рентабельділігі.

      Мақсатты іске асырудан күтілетін нәтижелер:

      холдинг қызметі жоғары тиімді және залалсыз болады, компаниялар тобы рентабельділігінің, қаржылық есептілік пен ақша қаражатының жұмсалуын бақылау бүкпесіздігінің болуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ еңбек ресурстарының сапасы артады.

      Сондай-ақ аталған бағыт шеңберінде холдингтің компаниялар тобы брендінің танымалдығы артады.

  "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі"
акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға
арналған даму стратегиясына
1-қосымша

Холдинг қызметінің 2021 – 2030 жылдарға арналған түйінді көрсеткіштерінің тізбесі

Стратегиялық бағыттың, мақсаттың, түйінді көрсеткіштің атауы Өлшем бірл. Жыл
2021 2022 2023 2024 2025 2026 2027 2028 2029 2030


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

1. "Деректер ағындарын басқару тиімділігін арттыру" стратегиялық бағыты

1.1-мақсат. Деректерді экономикалық айналымға қосу

1.1.1. "Электрондық үкіметтің даму индексі" түйінді көрсеткіші

позиция

-

25

-

23

-

21

-

19

-

10

1.1.2. Қазақстанның "Электрондық үкіметтің даму индексінің (БҰҰ әдістемесі бойынша) мемлекеттік онлайн сервистерді дамытудың кіші индексіндегі (Online Service Index) позициясы" түйінді көрсеткіші

позиция

-

29

-

20

-

15

-

10

-

5

1.1.3. "Мемлекеттік емес қосымшалар мен сервистерде пайдаланылатын ашық деректер жинағының үлесі" түйінді көрсеткіші

%

5

15

20

25

40

45

55

65

75

80

2. "Экономиканың түйінді салаларының әрқайсысында технологиялық экожүйелерді ілгерілету" стратегиялық бағыты

2.1-мақсат. Инновациялық жүйелерді құру және дамыту

2.1.1. "Инновациялық гранттар есебінен қаржыландырылып енгізілген технологиялар саны" түйінді көрсеткіші

бірл.

6

6

6

7

7

7

8

8

8

8

3. "АКТ саласындағы стартап-экожүйенің дамуын қамтамасыз ету" стратегиялық бағыты

3.1-мақсат. АКТ сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау

3.1.1. "Капиталдануы 1 млрд АҚШ долларынан асатын компаниялар саны" түйінді көрсеткіші (өсу қорытындысымен)

бірл.





3





7

3.1.2. "Стартаптарға тартылған инвестициялар көлемі" түйінді көрсеткіші (өсу қорытындысымен)

млрд теңге

35,9

67

87

107

127

147

167

187

207

227

3.1.3. "Көрсетілетін ІТ-қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі" түйінді көрсеткіші

%

67,5

70

72

73,5

75

76,1

78,3

79,4

80

81,2

3.1.4. "ІТ-өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі" түйінді көрсеткіші (өсу қорытындысымен)

млн АҚШ долл.

52

93

148

220

294

390

490

600

720

890

3.2-мақсат. АКТ саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салу, инвестициялық қорлар құру және инвестициялық қорларға қатысу

3.2.1. "Индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салуға және /немесе инвестициялық қорларға қатысуға бағытталған бос ақша қаражаты мен таза пайданың үлесі" түйінді көрсеткіші

%

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

3.2.2. "ROI (жобалардың рентабельділігі)" түйінді көрсеткіші

%





5





10

4. "Холдингтің және ЕҰ тұрақты дамуы мен қызметінің тиімділігі" стратегиялық бағыты

4.1-мақсат. Холдинг активтерінің құнын жоғарылату

4.4.1. "ҰАТ" АҚ компаниясын нарықтық капиталдандыру (IPO-ға шығу)" түйінді көрсеткіші

млрд теңге

-

-

-

-

-

-

-

-

-

420

4.4.2. "МЖӘ жобаларының және холдинг қатысатын синдикатталған жобалардың жылдық рентабельділігі" түйінді көрсеткіші

%

10

12

14

16

18

20

22

24

26

28

4.4.3. "ҰАТ" АҚ бұлтты сервистерінен түсетін табыстардың үлесі" түйінді көрсеткіші

%

-

10

15

20

25

30

35

40

45

50

4.4.4. "Негізгі қызмет бойынша үшінші тұлғалардан бюджеттен тыс қаражат тарту" түйінді көрсеткіші

млн тг.

600

700

800

900

1000

1100

1200

1300

1400

1500

5. "Холдингтің компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру" стратегиялық бағыты

5.1-мақсат. Холдинг компаниялар тобының қызмет тиімділігінің өсуі.

5.5.1. "Шоғырландырылған еңбек өнімділігі" түйінді көрсеткіші

мың адам

12 467,23

13 464,61

14 541,78

15 705,12

16 961,53

18 318,45

19 783,92

21 366,64

23 075,97

24 922,05

5.5.2. "Холдингтің рентабельділігі" түйінді көрсеткіші

%

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

  "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі"
акционерлік қоғамының
2021 – 2030 жылдарға арналған
даму стратегиясына 2-қосымша

Холдингтің стратегиялық картасы


Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаты (бұдан әрі – МЖЖ) МЖЖ екінші деңгейдегі құжаты МЖЖ үшінші деңгейдегі құжаты Холдингтің Даму стратегиясында көзделген қызметтің түйінді көрсеткіштері
1 2 3 4

"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қаласы,
2012 жылғы
14 желтоқсан)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2021 жылғы
26 ақпандағы № 521 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
 

Холдингтің 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясы

Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.

1. Еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы деңгейден 2019 жылдың бағасында
өсу %-ы (2020 – -2,6; 2021 – 0,4, 2022 – 4,7; 2023 – 10,4; 2024 – 15,0; 2025 – 20,6)


1. Шоғырландырылған еңбек өнімділігі.
2. Холдингтің рентабельділігі.

2. АКТ саласындағы негізгі капиталға инвестициялар
(2020 – 17,4; 2021 – 20,0; 2022 – 21,3; 2023 – 23,2; 2024 – 25,2; 2025 – 30)
 

1. ЖІӨ көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі.
2. Жетекшілік ететін салаларда негізгі капиталға инвестициялар көлемі.
3. "Astana Hub" технопаркінде акселерация бағдарламасынан өткен стартаптар санының үлесі.
4. Стартаптарға тартылған инвестициялар үлесі.

1. "ҰАТ" АҚ компаниясын нарықтық капиталдандыру (IPO-ға шығу).
2. МЖӘ жобаларының және холдинг қатысатын синдикатталған жобалардың жылдық рентабельділігі.
3. "ҰАТ" АҚ бұлтты сервистерінен түсетін табыстардың үлесі.
4. Капиталдануы 1 млрд АҚШ долларынан асатын компаниялар саны (өсу қорытындысымен).
5. Стартаптарға тартылған инвестициялар көлемі (өсу қорытындысымен).

3. "Инновациялық әлеует" Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі
(2021 – 90, 2022 – 85, 2023 – 80, 2024 – 75, 2025 – 70).

1. Электрондық үкіметтің даму индексі.
 

1. Электрондық үкіметтің даму индексі.
2. Қазақстанның электрондық үкіметтің даму индексінің (БҰҰ әдістемесі бойынша) мемлекеттік онлайн сервистерді дамытудың кіші индексіндегі (Online Service Index) позициясы.


2. Көрсетілетін ІТ-қызметтердегі жергілікті қамту үлесі.

1. Көрсетілетін
ІТ-қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі.
2. ІТ-өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі (өсу қорытындысымен).


3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі.

1. Мемлекеттік емес қосымшалар мен сервистерде пайдаланылатын ашық деректер жинағының үлесі.
2. Индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салуға және/немесе инвестициялық қорларға қатысуға бағытталған бос ақша қаражаты мен таза пайданың үлесі.
3. ROI (жобалардың рентабельділігі).
4. Негізгі қызмет бойынша үшінші тұлғалардан бюджеттен тыс қаражат тарту.

4. Қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі, ЖІӨ-дегі % (2020 – 23,1; 2021 – 21,5; 2022 – 19,9; 2023 – 18,2; 2024 –16,6; 2025 – 15)

1. ҒЗТКЖ жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үлесі.

1. Инновациялық гранттар есебінен қаржыландырылып енгізілген технологиялар саны.

5. Номиналды мәндегі жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл.
(2020 – 9381; 2021 – 10073; 2022– 11094; 2023 – 12272; 2024 –13426; 2025 – 14648)


1. Шоғырландырылған еңбек өнімділігі.
2. Холдингтің рентабельділігі.
 

6. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ, халықаралық долларда (2020 – 26791; 2021 – 28351; 2022 – 30258; 2023 – 32406; 2024 – 34322; 2025 – 36245)


7. Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесі, өндірудің жалпы көлемінен %
(2020 – 3; 2021 – 3,3; 2022 – 3,8; 2023 –4,5; 2024 – 5,3; 2025 – 6,0)


1. Индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салуға және/немесе инвестициялық қорларға қатысуға бағытталған бос ақша қаражаты мен таза пайданың үлесі.
2. Инновациялық гранттар есебінен қаржыландырылып енгізілген технологиялар саны.

8. IMD цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі (2020 – 36 (66,5); 2021 – 35 (67,4); 2022 – 35 (67,4); 2023 – 34 (67,9); 2024 – 34 (67,9); 2025 – 33 (68,9))
 


1. Электрондық үкіметтің даму индексі (адами капиталды дамытудың кіші индексінің бірі) https://digital.gov.ru/ru/activity/statistic/rating/index-razvitiya-elektronnogo-pravitelstva/#tabs|Compare:Place


1. Холдингтің рентабельділігі (капитал).
2. Қазақстанның электрондық үкіметтің даму индексінің (БҰҰ әдістемесі бойынша) мемлекеттік онлайн сервистерді дамытудың кіші индексіндегі (Online Service Index) позициясы (әдістемеге инфрақұрылым кіреді).

1. Индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялауға және/немесе инвестициялық қорларға қатысуға бағытталған бос ақша қаражаты мен таза пайданың үлесі.


  "Зерде" ұлттық
инфокоммуникация холдингі"
акционерлік қоғамының
2021 – 2030 жылдарға арналған
даму стратегиясына
3-қосымша


Тәуекелдерді басқару

      Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі, оны дамыту және енгізу холдинг мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады. Тәуекелдерді басқару озық практикаларды және тәуекелдерді басқару әдістері мен рәсімдеріне стандартталған тәсіл негізінде жүзеге асырылады және теріс әсері болуы мүмкін тәуекелдер деңгейін уақтылы сәйкестендіруге және төмендету жөніндегі шаралар қабылдауға бағытталған.


      Холдингтің компаниялар тобының түйінді тәуекелдері


Түйінді тәуекел Тәуекел салдары Тәуекелдің алдын алу жөніндегі шаралар Тәуекел туындаған жағдайда ден қою жөніндегі шаралар

Мемлекеттік бюджетті секвестрлеу және холдингтің компаниялар тобының жобаларын/бағдарламаларын уақтылы және/немесе толық қаржыландырмау

Жобаларды/бағдарламаларды тоқтата тұру. Іске асыру мерзімдерін ұзарту.
Жобалар құнының қымбаттауы. Тиімділіктің төмендеуі.
Нысаналы параметрлерге қол жеткізбеу.

Уәкілетті салалық органмен бірлесіп, бюджеттік өтінімдерді дайындау сапасын және инвестициялардың негізділігін арттыру.

Балама қаржыландыру құралдарын пайдалану, өзіндік құнды және ағымдағы шығыстарды оңтайландыру жөніндегі шараларды іске асыру.

АКТ дамыту жобаларын/бағдарламаларын іске асыру бойынша инвесторлардың болмауы немесе төмен белсенділігі.

Жобаны іске асырудың мүмкін еместігі.
Талап етілетін қосымша қаржыландыруды тартудың мүмкін еместігі.
Даму стратегиясы мен Жоспарының ТҚК орындамау.

Жоба құрылымын әлеуетті серіктестермен пысықтау, әлеуетті инвесторлармен қолайлы параметрлерге қатысты алдын ала жұмыс.
Жобаларды консультациялық қолдау және сүйемелдеу.

Жоба құрылымын ұқсас жобаларды іске асырудың халықаралық тәжірибесіне қатысты өзгерту мүмкіндігін пысықтау.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді және бағдарламалық өнімдерді дамыту мәселелеріндегі төмен белсенділігі.

Мемлекеттік органдар қызметінің төмен тиімділігінің сақталуы.
Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу мерзімдерінің бұзылуы.

Электрондық үкіметті дамыту саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру.

Холдингтің мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаларға бастама жасауы және кейіннен олардың енгізілуі.

Техногендік тәуекелдер.

Жабдықтың және/немесе құрылыстардың (станциялардың) зақымдануы.
 

ТЖ бойынша жоспарлы-алдын алу іс-шараларын өткізу, объектілерді сақтандыру құралдарын пайдалану.

Резервтік схемаларға жедел көшу, зақымдануларды жою.

Дербес деректер субъектілерінің құпиялылығы мен құқықтарын бұзудың эволюцияланушы қауіптері мен тәуекелдері.

Жабдықтың істен шығуы, ИКИ операторының ақпараттық жүйелерінің, технологиялық платформаларының жұмысындағы ақаулық;
дербес деректердің жариялануы және жылыстауы; Мемлекеттік органдар тарапынан айыппұл санкциялары, сот шығындары.
Беделдік нұқсан.

Жабдықты монтаждау және пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік пен техникалық стандарттардың талаптарын сақтау, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу кестелерін сақтау. "Электрондық үкіметтің" ДӨО резервтік алаңын салу, байланыс арналарын, резервтік көшіру жүйелерін резервтеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік саясатын тұрақты жетілдіру, оның ішінде АКИ объектілерін сертификаттау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

АҚ жай-күйінің проактивтік мониторингі.
Резервтік көшірмелерден деректердің қалпына келтірілуін қамтамасыз ету.
Резервтік байланыс арналарын жұмылдыру.
Салдарларды оқшаулау.
Себептер мен жағдайларды жою.
 

Холдингтің және оның ЕҰ лауазымды адамдары мен органдарының белгіленген корпоративтік басқару рәсімдерін сақтамауы.

Холдингке және оның ЕҰ-на стейкхолдерлер тарапынан сенімнің төмендеуі.
Үлестес компаниялар мүдделік қолдайтын, холдингтің даму стратегиясына қайшы келетін шешімдер қабылдау.
Қаржылық және беделдік нұқсан келтіру.

Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу, дау-жанжалдарды реттеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жоспарларын әзірлеу және іске асыру.

Корпоративтік басқару рәсімдерін бұзу себептері мен салдарын жою.

Жаңа технологиялардың (бағдарламалардың/жобалардың) сәтсіз енгізілуі.

Инновациялық жобаларға/бағдарламаларға тиімсіз шығындар.
Әлеуетті инвесторлар қызығушылығының төмендеуі.

Инновациялық мәдениетті енгізу.
Жобаның бастапқы сатысындағы жете дайындық. Жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде орындалуын бақылау. Нарық жағдайында жобаның бейімделуі және мониторингі.

Түзету іс-шараларын, оның ішінде бағдарламаларды пысықтау немесе жетілдіру жөніндегі іс-шараларды қабылдау.

Қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтамау.

Тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық.
Сот талқылаулары және талап қоюлар.
Холдинг үшін материалдық және беделдік нұқсан.

Заңнама өзгеруінің мониторингі, контрагенттермен жасалған шарттар мен келісімдерге сапалы сараптама жасау, шарттардың орындалуын ішкі бақылау және мониторингі.

Холдинг үшін материалдық және беделдік нұқсанды барынша азайту жөніндегі шаралар қабылдау.

Холдинг тобын дамыту/жобаны іске асыру үшін қажетті құзыреттердің болмауы немесе жетіспеуі.

Еңбектің төмен өнімділігі. Орындалатын жұмыстардың төмен сапасы.
Холдингтің және ЕҰ стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізбеу.

Кадр саясатын және қызметкерлерді уәждеу жүйесін жетілдіру, қызметкерлердің еңбектің түйінді жағдайларына қанағаттанушылығын бағалау, кадрлар тұрақтамауын талдау, кадрларды іріктеуді жақсарту, мамандандырылған ЖОО-мен ынтымақтастық жасау, қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.

Бизнес-процестерді оңтайландыру, қызметкерлерді жалдау, оның ішінде АКТ саласындағы шетелдік мамандар тарту.


  "Зерде" ұлттық
инфокоммуникация холдингі"
акционерлік қоғамының
2021 – 2030 жылдарға арналған
даму стратегиясына
4-қосымша

Қызметтің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі


Р/с
Қызметтің түйінді көрсеткішінің атауы Есептеу әдістемесі / деректер көзі

1.

Электрондық үкіметтің даму индексі

БҰҰ сайтында орналастырылған әдіснамаға сәйкес
https://publicadministration.un.org/egovkb/en-us/About/Methodology

2.

Электрондық үкіметтің даму индексінің (БҰҰ әдістемесі бойынша) мемлекеттік онлайн сервистерді дамытудың кіші индексіндегі (Online Service Index) позициясы

Электрондық үкіметтің даму индексі (E-Government Development Index, EGDI) шеңберіндегі деректерді БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаменті (UN DESA, the United Nations Department of Economic and Social Affairs) екі жылда бір рет жасайды

3.

Мемлекеттік емес қосымшалар мен сервистерде пайдаланылатын ашық деректер жинағының үлесі (%)

Мемлекеттік емес қосымшалар мен сервистерде пайдаланылатын ашық деректер жинағының жалпы қолжетімді ашық деректер жинақтары санына қатынасы

4.

Инновациялық гранттар есебінен қаржыландырылып енгізілген технологиялар саны (бірл.)
 

"QazInnovations" ИДҰА" АҚ деректері негізінде сандық есептеу

5.

Капиталдануы 1 млрд АҚШ долларынан асатын компаниялар саны (өсу қорытындысымен) (бірл.)

Холдинг деректерінің негізінде сандық есептеу
 

6.

"ҰАТ" АҚ компаниясын нарықтық капиталдандыру (IPO-ға шығу)

Соманы өсу қорытындысымен сандық есептеу

7.

МЖӘ жобаларының және холдинг қатысатын синдикатталған жобалардың жылдық рентабельділігі

Есептеуді жобаның кірістілігі мөлшерлемесіне (бұдан әрі – ЖКМ) сәйкес жүзеге асыру
ЖКМ = (КАТҚ/КШ)x100 %
КАТҚ – кірістің ағымдағы таза құны (келтірілген кіріс сомасы минус келтірілген шығыстар);
КШ – келтірілген шығыстар.

8.

Негізгі қызмет бойынша үшінші тұлғалардан бюджеттен тыс қаражат тарту (млн тг)
 

Бөгде ұйымдардан негізгі қызмет бойынша шарттар негізінде алынған қаржы қаражаты

9.

"ҰАТ" АҚ бұлттық сервистерінен түсетін табыстардың үлесі: 2022 жылға қарай инфрақұрылымды дайындау және қызметтер көрсетуді бастау
 

"ҰАТ" АҚ бұлтты сервистерінен алынған кірістің көрсетілетін қызметтер мен өнімдерден алынған кірістің жалпы көлеміне қатынасы (2022 жылға қарай инфрақұрылымды дайындау және қызметтер көрсетуді бастау)
 

10.

Стартаптарға тартылған инвестициялар көлемі, өсу қорытындысымен (млрд теңге)

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіші, осы мемлекеттік бағдарламаның әдістемесіне сәйкес есептеу мен деректер көзі

11.

Көрсетілетін ІТ-қызметтердегі жергілікті қамту үлесі, (%)

Аталған көрсеткіш өткізілген көрсетілетін
ІТ-қызметтердегі жергілікті қамту көлемінің 100 %-ға көбейтілген жалпы көрсетілетін ІТ-қызметтері көлеміне қатынасымен айқындалады. Бұл ретте, көрсетілетін
IT-қызметтер Экономикалық қызмет көрсеткіштері жалпы жіктегішінің 62, 631, 951 кодтарымен және оларға ұқсас Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім кодтары анықтамалығының, Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай анықтамалығының, ӨСЖ Өнімнің (тауарлар мен қызметтердің) модельдік статистикалық жіктегішінің кодтарымен айқындалады.
Көрсетілетін IT-қызметтер "Тапсырыс берушінің атауы", "Көрсетілетін қызметтің атауы", "Сатып алу көлемі (мың теңге)", "Жергілікті қамту (%)" бойынша айқындалады.

12.

ІТ-өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі (өсу қорытындысымен)

(ІТ-мамандардың бір жылғы жиынтық табысы)+(IT-фрилансерлердің бір жылғы жиынтық табысы)+(Қазақстандағы шетелдік ірі компаниялардың қызметін кеңейтуден алынған бір жылғы жиынтық қосымша көрсеткіш)+(шетелдік компанияларды тартудан алынған бір жылғы жиынтық қосымша көрсеткіш)+(технологиялық платформалар шеңберінде жобаларды ауқымдаудан түскен бір жылғы жиынтық қосымша көрсеткіш)+(компаниялардың экспортқа таргеттелген ілгерілетуден алынған бір жылғы жиынтық қосымша көрсеткіші)+(компаниялардың дипломатиялық және сауда өкілдіктерін қолдаудан алынған бір жылғы жиынтық қосымша көрсеткіші)+(экспортқа ілгерілетудің қазіргі құралдарынан алынған бір жылғы жиынтық қосымша көрсеткіш).

13.

Индустриялық-инновациялық жобаларға инвестиция салуға және/немесе инвестициялық қорларға қатысуға бағытталған бос ақша қаражаты мен таза пайданың үлесі (%)

Инвестицияланған қаражат көлемінің есепті кезеңнің соңындағы бос ақша қаражаты мен таза пайданың жалпы көлеміне қатынасы (%)

14.

ROI

Жобалар рентабельділігі әрбір жоба бойынша салынған инвестициялардың пайыздық қатынасындағы санына кірістің қайтарылуын негізге ала отырып қалыптастырылады

15.

Шоғырландырылған еңбек өнімділігі, (мың адам)

Есептеу формуласы: I=X/ Y, мұндағы айнымалылар:
I – шоғырландырылған еңбек өнімділігі;
X – есепті жылдағы жиынтық кіріс;
Y – есепті жылдағы қызметкерлердің орташа тізімдік саны.

16.

Холдингтің рентабельділігі, (%)

R=

ТП

*100

К

мұндағы:
R – рентабельділік
ТП – таза пайда*
К – кірістер (мемлекеттік тапсырыстан түсетін кірістерді, дивидендтер мен демеушілік көмекті қоспағанда, барлық көрсетілетін қызмет түрлерінен алынатын кірістер).