Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 842 қаулысы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде:

      5-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ БТН коды";

      2) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:

      4-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ БТН коды".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин