Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 909 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 827 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 909 қаулысы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин