Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 796 қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Балаларды ерте дамыту институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      6-бөлімде:

      мына:

      "

10)

"Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы

40

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10)

Балаларды ерте дамыту институты

40

      ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин