Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 747 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:

      1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 5, 6 және 7-жолдар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин