Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.10.2023 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру" бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 744 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылым бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын және кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2-тарау. Кеңестердің құрамы
4. Кеңестердің құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9-дан (тоғыз) кем болмайтын және 25 (жиырма бес) адамнан аспайтын тақ саннан құралуға тиіс. Бір адам қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық кеңес мүшесі бола алмайды.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңес құрамының кемінде үштен екісінің мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерге рұқсаты болуға тиіс.
5. Кеңестердің құрамдарын уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша құзыретті қазақстандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кеңес құрамын қалыптастыру үшін көрсетілген ұйымдар ғылым саласындағы уәкілетті органға кандидаттың осы Ереженің 6, 7, 8-тармақтарының талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді көрсете отырып, кандидаттың еркін нысанда жазылған түйіндемесін ұсынады.
Түйіндемедегі ақпараттың дұрыстығына кандидатты ұсынған ұйым жауапты болады.
Кеңестер құрамына кандидаттар тізімдері кандидаттың осы Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер көрсетіліп, ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында жарияланады.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган кеңесті қалыптастыру кезінде кеңес мүшелерінің кеңестің бағытына жататын негізгі салаларға өкілдік етуін қамтамасыз етеді.
Кеңестің құрамына ұсынылған әрбір кандидаттың біліктілік саласы кеңестің бағытына сәйкес келуге тиіс.
6. Кеңестердің құрамдарына сайланатын қазақстандық ғалымдар кеңес құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл бойы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын немесе болған немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:
1) кеңес бағыты бойынша кемінде 10 (он) жыл ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;
2) кандидатураны ұсынған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі;
3) Web of Science базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде кандидатура ұсынылған күнге дейін жарияланған кемінде 2 (екі) мақаласы және (немесе) шолуы болуға тиіс.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарға Хирш индексінің болуы туралы талап қолданылмайды. Осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптың орнына әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарға қатысты кандидатура ұсынылған күнге соңғы 5 (бес) жыл ішінде Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымның болуы ескеріледі.
Хирш индексінің және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда мақалалардың болуы туралы талап тиісті кеңеске қосуға ұсынылатын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қазақстандық ғалымдарға қолданылмайды. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қазақстандық ғалымдардың соңғы 5 (бес) жылда рецензияланатын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақаласы және (немесе) шолулары болуға тиіс.
7. Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу осы Ереженің 6-тармағына сәйкес келетін кандидаттар арасынан ғылым саласындағы уәкілетті орган жасаған Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда жарияланған ғылыми еңбектерінен дәйексөздер алыну саны бойынша өзінен дәйексөз алу есепке алынбай сараланған тізімнің негізінде жүргізіледі.
Кеңестердің құрамдарына сараланған тізімге сәйкес неғұрлым көбірек дәйексөздер алынған ғалымдар іріктеледі. Қазақстандық ғалымдардан аталған екі халықаралық базаға сәйкес дәйексөздер алынса, сараланған тізімді жасау кезінде дәйексөз алудың ең көп саны ескеріледі.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарды іріктеу кезінде кеңестердің құрамдарына сараланған тізімнің негізінде кандидатура кеңес құрамына ұсынылған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған мақалаларының және (немесе) шолуларының саны ең көп ғалымдар кіреді.
8. Әрбір кеңес құрамының 20 % (жиырма пайыз) аспайтын бөлігі, бірақ кемінде бір мүшесі ағылшын тілін меңгерген және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 10 (он) Хирш индексі бар, ғылыми ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми қоғамдық бірлестіктер немесе дербес білім беру ұйымдары ұсынған шетелдік ғалымдар қатарынан қалыптастырылады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінде және (немесе) дербес білім беру ұйымында немесе шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарында немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын шет мемлекеттердің азаматтары (азаматтығы жоқ адамдар) шетелдік ғалымдар болып саналады.
Шетелдік ғалымдарды кеңес құрамына енгізу туралы талап ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы кеңеске қолданылмайды.
9. Әрбір кеңестің 50 %-дан (елу пайыз) аспайтын құрамы кеңестің бағытына сәйкес келетін салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар:
1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдар;
2) тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
3) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері қызметкерлерінен қалыптастырылады.
Кеңес құрамындағы пайыздық қатынас бойынша осы тармақта көзделген талаптар ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңеске қолданылмайды.
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру" бағыты бойынша кеңес құрамының кемінде 50 %-ы (елу пайыз) кеңестің бағытына сәйкес келетін салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар:
1) тиісті ұйымдар ұсынған мемлекеттік органдарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда;
2) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілерінде және олардың бірлестіктерінде;
3) венчурлық бизнес өкілдерінен, маркетологтардан, тәуекел-менеджерлерден, ірі инвестициялық жобаларға қатысушылардан, халықаралық сертификаттары бар қаржылық сарапшылардан қалыптастырылады.
10. Кеңестің құрамына:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің құрылтайшылары;
3) әрбір кеңес үшін аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын бір ұйымнан бір қызметкерден артық қосылмайды.
11. Кеңестің жаңа құрамының бірінші отырысында осы Ереженің 31-тармағына сәйкес кворум болған жағдайда, кеңестің отырысына қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық түрде дауыс беру арқылы кеңестің төрағасы және кеңес төрағасының орынбасары сайланады.
Кеңестің төрағасы осы Ереженің 6 және 7-тармақтарына сәйкес кеңес мүшелері ұсынатын кеңестің құрамындағы қазақстандық ғалымдар болып табылатын кемінде 2 (екі) кандидатураның арасынан сайланады.
Кеңес төрағасының орынбасары кеңес мүшелерінің кеңес мүшелері ұсынатын кемінде 2 (екі) мүшесінің кандидатурасының арасынан сайланады.
Кеңестің төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары өкілеттігінің мерзімі олар сайланған күннен бастап 1 (бір) жылды құрайды. Бір жыл өткеннен кейін кеңестің төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары қайта сайланады. Жұмыс істеп жатқан кеңес төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары бір реттен артық қайта сайлана алмайды.
Кеңес мүшелері отырыста Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі мәтінімен танысады. Танысу парағы сараптама орталығында сақталады.
12. Кеңестің төрағасы оның қызметін басқарады, жұмысын жоспарлайды және мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен және тұлғалармен кеңес қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау кезінде кеңестің атынан өкілдік етеді.
13. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
14. Әрбір кеңес үшін сараптама орталығы өз қызметкерлерінің арасынан отырыстарды ұйымдастыруға және хаттамаларды ресімдеуге жауап беретін кеңестің хатшысын белгілейді. Кеңестің хатшысы кеңестің мүшесі болып табылмайды және кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
15. Кеңестердің мүшелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі немесе орындаушысы ретінде қатыса алады, бұл ретте өздері қатысатын немесе үлестес адамдар қатысатын жобалар (бағдарламалар) бойынша бағалау және дауыс беру рәсіміне қатыспайды.
Мыналар:
1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
2) кеңестің мүшесі еңбек қатынасында немесе ұйымдардан қаржылық немесе өзге де ресурстар алуды көздейтін басқа да қатынастарда тұрған және (немесе) кеңестің құрамына кандидат ретінде ұсынылған ұйымдардың қызметкерлері;
3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде кеңестің мүшесімен бірге жариялаған мақалалардың және шолулардың тең авторлары;
4) кеңес мүшесінің жетекшілігімен диссертация қорғаған жобаның жетекшісі немесе орындаушылары немесе кеңес мүшесінің ғылыми жетекшісі (консультанты) кеңес мүшесінің үлестес тұлғалары болып табылады.
16. Мыналар кеңес құрамынан мүшелерді шығару үшін негіздемелер болып табылады:
1) кеңес мүшесінің кеңес құрамынан шығу ниеті туралы өтініші:
2) салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің кеңес құрамына ұсынылған мүшелерді кері шақырып алуы;
3) кеңес мүшесінің бір жыл ішінде кеңестің 3 (үш) және одан да көп отырысына дәлелсіз себеппен қатыспауы;
4) кеңес мүшесінің сараптама объектілері туралы ақпаратты жария етуі және (немесе) оны өз мүддесіне пайдалануы;
5) кеңес мүшелерінің іс-әрекеттерінде ғылыми этиканы бұзу фактілерінің (плагиат, бұрмалау, жалған деректерді қосу, жалған тең авторлық, өтінімдерден бөтен нәтижелерді иемдену, сараптама объектілерін толығымен немесе ішінара қайталау) болуы;
6) осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындауы, сондай-ақ тиісті мән-жайлардың туындауы туралы сараптама орталығын хабардар етудің белгіленген мерзімінің бұзылуы;
7) осы Ереженің 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген талаптардың бұзылуы.
Кеңес мүшесі осы Ереженің бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша кеңес құрамынан шығарылған жағдайда, оның кандидатурасын жаңадан қалыптастырылатын келесі кеңестің құрамына енгізу үшін қайтадан ұсынуға болмайды.
Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда, кеңес мүшесі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, сараптама орталығына жазбаша хабарлама жібереді.
Осы Ереженің 16-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың өтініштері бойынша мән-жайлардың туындауын мониторингтеуді сараптама орталығы жүзеге асырады.
Сараптама орталығы тиісті мән-жайлар белгіленген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, ғылым саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган сараптама орталығынан жазбаша хабарлама алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, өзіне қатысты тиісті мән-жайлар анықталған кеңес мүшесінің кеңес отырыстарына қатысуына тыйым салу туралы бұйрық шығарады және шығарылатын кеңес мүшесінің және оның кандидатурасына ұсыным берген ұйымның біліктілік саласын ескере отырып, оны белгіленген тәртіппен осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін кандидатқа ауыстыруды жүргізеді.
Осы Ереженің 31-тармағын сақтау кеңестің құрамына өзгерістер енгізілгенге дейін бұйрыққа сәйкес отырыстарға қатысуға тыйым салынған кеңес мүшелерін есепке алмай жүргізіледі.
17. Кеңестердің мүшелері кеңестерді күн тәртібіндегі нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы хабардар етеді және кеңестер қабылдайтын әрбір белгіленген бағалау өлшемшарты бойынша шешімдердің объективтілігі мен негізділігіне жауаптылықта болады.
18. Кеңестердің мүшелері:
1) қабылданған шешімге қатысты дәлелді негіздемені ұсынады;
2) өздеріне толық және дәйекті ақпарат беруді талап етеді, өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатысты деректерді жасыруға және бұрмалауға жол бермейді;
3) осы Ережеге 10-қосымша болып табылатын Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексінің талаптары мен ережелерін сақтайды;
4) қызметті жүзеге асыру кезінде ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне, оның ішінде өздеріне белгілі болған фактілер туралы сараптама орталығын хабардар ету арқылы ден қояды;
5) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
6) қызмет процесінде кеңестің басқа мүшелерінің, өтінім берушілердің, сарапшылардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін дөрекі, ғайбат сөздерді, айыптауларды қолданбайды;
7) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға алып келетін немесе басқа адамдардың ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіретін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасамайды;
8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қарау кезінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын қамтамасыз етеді;
9) осы Ереженің негізінде өздерін кеңестердің құрамына қосуға негіз болған объективті мәліметтерді бермегені немесе анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады;
10) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтайды және кеңестердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілері бар фактілер туралы сараптама орталығын хабардар етеді.
19. Кеңес мүшелері мынадай:
1) объектінің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болған;
2) соңғы үш жылда бірлескен авторлықты қоса алғанда, жоба авторымен бірлескен жарияланымдары болған, өтінім дайындауға тікелей қатысқан, зерттеулердің нәтижелері және осы нәтижелерді қолдану бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлаған;
3) соңғы үш жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік еткен, оның қарамағында болған немесе оған консультациялық қызметтер көрсеткен;
4) осы Ереженің 15-тармағына сәйкес үлестес болған жағдайларда, нақты ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны қараудан және шешім қабылдаудан бас тартады және отырыс залынан шығады не кеңес мүшесі отырысқа нақты уақыт режимінде қатысқан жағдайда, желіден өшіріледі.
3-тарау. Кеңестердің міндеттері, функциялары және құқықтары
20. Кеңестердің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;
2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру көлемдерін айқындау;
4) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңашылдығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалылығын, әзірлену дәрежесін, сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау;
5) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттарға қажеттіліктерін бағалау;
6) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде конкурстық өтінімдерді іріктеуге қатысу;
8) сараптама орталығы ұсынатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылу мониторингінің қорытындыларын қарау, осындай есептер мен мониторингтің қорытындыларын қараудың нәтижелері бойынша шешім қабылдау болып табылады.
21. Кеңестердің негізгі функциялары:
1) бағыттың атауын, бағытты таңдаудың негіздемесін, таңдалған бағытты іске асыру көлемін, экономикалық және әлеуметтік әсерлерін қамтитын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру көлемін айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемін айқындау және ғылым саласындағы уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағыттың даму стратегиясын және (немесе) бағдарламасын, стратегиялық міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу тақырыптарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың түпкілікті нәтижесін, стратегиялық міндетті іске асыру үшін ресурстарды, экономикалық және әлеуметтік әсерлер болжамын қамтитын ЖҒТК-ге ұсынымдар әзірлеу;
3) ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың гранттық қаржыландыруға ұсынған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша ЖҒТК-ге ұсынымдар әзірлеу;
4) жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (қаржыландыруды тоқтату), оның ішінде сараптама орталығы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылу барысын және нәтижелілігін мониторингтеу қорытындылары бойынша шешім қабылдау;
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдау;
6) ғылым саласындағы уәкілетті орган бекітетін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылуы мен нәтижелілігін мониторингтеу туралы ережеге сәйкес сараптама орталығы ұсынатын іске асырылу мен нәтижелілікті мониторингтеу қорытындыларын қарау және қабылдау;
7) заңды тұлға таратылған/қайта ұйымдастырылған немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, ғылыми жетекші жаңа жұмыс орнына ауысқан жағдайларда және заңнамада белгіленген басқа да жағдайларда жобаны немесе бағдарламаны ғылыми жетекшісінен және жобаны немесе бағдарламаны қабылдайтын субъектіден беруді келісудің ресми хаттарын қоса бере отырып, жобаны немесе бағдарламаны беретін субъектінің дәлелді өтініші негізінде жобаны немесе бағдарламаны басқа орындаушыға беру туралы шешім қабылдау;
8) ғылыми жетекшіні ауыстыру, ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың өтініші негізінде өтінімде көрсетілген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, орындаушы ұйымның дәлелді өтінішін қоса бере отырып, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша жиынтық есепке, жобалар мен бағдарламалар бойынша жасалған шарттардың күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау;
9) грант алушыны, жекеше әріптесті, жобалар жетекшісін ауыстыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша жасалған шарттардың жиынтық есебіне, күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ орындаушы ұйымның дәлелді өтінішін қоса бере отырып, ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың өтініші негізінде жобаны іске асыру мерзімін және (немесе) грант сомасын өзгерту болып табылады.
22. Кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының салалық уәкілетті органдарымен, ғылыми ұйымдарымен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік органдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін ақпараттық-талдамалық және анықтамалық деректер алуға;
3) ғылым саласындағы уәкілетті органға, салалық уәкілетті органдарға, ұлттық және салалық ғылым академияларына кадрлар даярлауды, қаржылық қамтамасыз етуді және ғылымның материалдық-техникалық базасын дамытуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық даму жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және белгіленген тәртіппен енгізуге;
5) қосымша түсініктемелер беру үшін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың немесе бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жетекшілері мен орындаушыларын отырыстарға шақыруға;
6) заңды тұлға таратылған/қайта ұйымдастырылған немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, сондай-ақ жобаның ғылыми жетекшісі жаңа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарт бойынша жұмыстарды орындаушыны ауыстыруға (жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және орындаушы ұйым басшысының ғылым саласындағы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға өтінішхаты болған кезде) рұқсат беруге;
7) ғылыми жетекшінің жұмыс орны өзгерген жағдайда, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарт бойынша ғылыми жетекші ретінде оның жұмысын жалғастыруға (ғылыми жетекшінің және орындаушы ұйым басшысының ғылым саласындағы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға өтінішхаты болған кезде) рұқсат беруге;
8) ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеңеске ұсынылған материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін нақты ғылым саласы бойынша сарапшылар мен мамандарды тарта отырып, мамандандырылған секцияларды құруға;
9) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімде көрсетілген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша күнтізбелік жұмыс жоспарын және жиынтық есепті түзетуге рұқсат беруге (жобаларды және (немесе) бағдарламаларды орындаушының негіздемесі мен өтінішхаты болған кезде жиынтық есептің жалпы сомасын өзгертпей, қаржыландыру көлемін қысқарту, сондай-ақ шығыстар баптары арасында үнемдеудің пайда болу жағдайлары түзету үшін негіз болып табылады);
10) егер объектіні бағалау процесінде кеңес мүшелерінің ең көп саны өтінімде көрсетілген сомадан жиырма бес және одан көп пайызға төмен қаржыландыру көлемін көрсеткен болса, жобаны немесе бағдарламаны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
11) егер кеңес сараптама объектісінің кеңес бағытына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған, сараптама объектісі берілетін кеңес тарапынан келісім болған жағдайда, сараптама объектілерін басқа кеңестерге қарастыруға беруге құқылы.
23. Ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңашылдығын, ғылыми-техникалық деңгейі мен перспективалылығын бағалауды осы Ереженің 20-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму басымдықтарына сәйкес келуін ескере отырып, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі – МҒТС) қорытындысы негізінде кеңестер жүргізеді.
24. Осы Ереженің 39, 40, 41-тармақтарына сәйкес сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалауды МҒТС қорытындысы негізінде кеңестер жүргізеді.
4-тарау. Кеңестер қызметін ұйымдастыру
25. Кеңестер қызметінің негізгі нысаны олар қабылдайтын шешімдердің жариялылығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін кеңестің ашық отырысы болып табылады.
26. Кеңестердің отырыстары кеңес мүшелерінің тікелей қатысуымен немесе қашықтық режимінде өткізіледі. Отырыстарды қашықтық режимінде өткізу кезінде кеңес мүшелерімен үздіксіз бейнеконференцбайланыс қамтамасыз етіледі.
Отырысқа жеке қатысу мүмкін болмаған жағдайда кеңес мүшесі кеңес хатшысына хаттаманы ресімдеу үшін қойылған балдары бар бағалау парағын ұсына отырып, кеңес отырысына интернет-ресурстарды пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде қатысады.
27. Кеңестердің отырыстары кеңестердің жұмыс жоспары мен отырыстарының кестесіне сәйкес, бірақ жылына кемінде 2 (екі) рет өткізіледі.
28. Кеңестер жыл сайын бірінші отырыста кеңестердің жылдық жұмыс жоспарын және отырыстарының кестесін ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Кеңестердің жылдық жұмыс жоспарына және отырыстарының кестесіне өзгерістер ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, бірақ жылына 2 (екі) реттен асырмай енгізіледі.
29. Кеңестер отырысының күн тәртібін сараптама орталығы қалыптастырады және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен бірге отырыстың басталуына дейін 3 (үш) жұмыс күнінен, жедел жағдайда 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді, мәселелер отырыс күні келіп түскен жағдайда – күн тәртібіне енгізіледі не ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен келесі отырысқа ауыстырылады.
Кеңес өткізілетін күн мен уақытты көрсете отырып, кеңес отырысын шақыруды және кворумды қамтамасыз етуді сараптама орталығы оның әрбір мүшесіне электрондық поштамен ресми жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырады.
30. Барлық қаралатын мәселелер бойынша кеңестер отырыстары күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
31. Егер отырыста кеңес төрағасын және (немесе) кеңес төрағасының орынбасарын қоса алғанда, оның ішінде отырысқа интернет-ресурстарды пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде қатысқан кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан болса, өздеріне қатысты уәкілетті орган отырыстарға қатысуға тыйым салған мүшелерді қоспағанда, кеңес отырысы заңды болып табылады.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын мәселелер қаралған жағдайда, егер отырыста мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан болса, кеңес отырысы заңды болып табылады. Бұл жағдайда кеңестер отырыстары кеңес мүшелерінің тікелей қатысуымен өткізіледі.
32. Қажет болған жағдайларда, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша толық мәліметтер болмаған кезде кеңестер сараптама орталығынан қосымша түсініктемелер, негіздемелер мен ақпарат сұратады. Сараптама орталығы жауапты 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
Гранттық қаржыландыру жобаларын конкурстық іріктеу жөніндегі кеңестердің отырыстарына сараптама орталығы әрбір өтінім бойынша мынадай материалдар дайындайды:
1) аннотация;
2) сараптамалық қорытындылар (қойылған балдар көрсетілмей);
3) ғылыми жетекшінің соңғы 5 жылдағы жарияланымдарының тізімі (Web of Science базасындағы журналдарға арналған квартильдерді және Scopus базасындағы журналдарға арналған CiteScore бойынша процентильдерді, өзінен дәйексөз алу және осы базалардағы дәйексөздер алу санын көрсете отырып; хат-хабар немесе бірінші автор үшін автор ретінде жарияланымдар жеке белгіленеді);
4) сұрау салынған соманың негізділігін бағалау жөніндегі сарапшының қорытындысы;
5) өтінімнің тақырыбын немесе мазмұнын қайталауды тексеру жөніндегі мәліметтер;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде қаржыландыру үшін бұрын мақұлданған және/немесе аяқталған гранттық қаржыландыру жобаларының немесе мақұлдау кезеңінде басшысы қаралатын өтінімнің ғылыми жетекшісі болған бағдарламалардың тізімі.
33. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды конкурстық іріктеу бойынша кеңестердің отырыстарындағы мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен қаралады.
34. Кеңестер отырыстарының хаттамалары отырысты өткізу аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және оған кеңестердің отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды және ол мыналарды қамтуға тиіс:
1) кеңестердің толық атауы және құрамы;
2) отырысты өткізуді басталған және аяқталған күндері;
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
4) отырыстың күн тәртібі;
5) отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық талқылаулар;
6) дауыс беруге қойылған мәселелер және кеңестер отырысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері көрсете отырып, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
7) қабылданған шешімдер және осы Ереженің 39-тармағына сәйкес қорытынды мен сараптама объектілерінің сараланған тізімі және осы Ереженің 41-тармағына сәйкес сараптама объектілерін қаржыландыру көлемі туралы шешіммен қоса олардың негіздемелері;
8) кеңестер шешімі бойынша өзге де мәліметтер.
Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша кеңестер мүшелерінің ерекше пікірі болған кезде кеңестердің хатшылары хаттамаға тиісті жазба енгізеді.
35. Кеңестердің отырыстары ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңесті қоспағанда, сараптама орталығының интернет-ресурсында онлайн-трансляциялау арқылы өтеді және бейнежазба жасауға жатады. Кеңес отырысының бейнежазбасы 2 (екі) данада сақталады, оның біріншісі кеңес отырысы аяқталғаннан кейін ғылым саласындағы уәкілетті органға, ал екіншісі – сараптама орталығына беріледі. Кеңестер отырыстарының хаттамалары, бейнежазбалары белгіленген тәртіппен сараптама орталығында сақталады.
36. Кеңестердің мүшелері кеңестердің жылдық жұмыс жоспары және жұмыс кестесі туралы ақпарат сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.
37. Жылдық жұмыстың нәтижелері бойынша кеңестер онлайн-конференция өткізеді, онда кеңестің жұмысы, қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігі туралы ақпарат береді, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында жарияланатын қызметі туралы таныстырылымды қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша есепті ұсынады.
5-тарау. Кеңестердің шешімдері
38. Кеңестер:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың бағдарламаларын;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
3) Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын тиісті қаржы жылына арналып бекітілген бюджет шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.
39. Осы Ереженің 38-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген объектілер (бұдан әрі – объектілер) бойынша кеңестер шешімдерін кеңестер мүшелері сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалауды қамтитын МҒТС қорытындысы негізінде нысан бойынша:
1) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға ұсынылатын жобалар үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес;
2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылатын бағдарламалар үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес;
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі конкурстан тыс рәсімдер арқылы ұсынылатын бағдарламалар үшін осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште бағалау парағындағы әр өтінім үшін әрбір бағалау өлшемшарты бойынша кеңестің балдарын қою жолымен және (немесе) сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы қабылдайды.
Кеңестер мүшелері қойған балдардың негізінде кеңестің қорытынды пікірін көрсететін әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл қосындысының нәтижесі ретінде әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл және әр өтінім бойынша кеңестің орташа балы айқындалады.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша кеңестің жалпы балының 8 (сегіз) балынан кем жинаған өтінімдер әрі қарай қаралмайды.
Әр өтінім бойынша кеңестің қорытындысы нысан бойынша:
1) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға ұсынылатын жобалар үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес;
2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылатын бағдарламалар үшін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес;
3) конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар үшін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Гранттық қаржыландыруға өтінім бойынша кеңестің қорытындысы оны талқылау аяқталғаннан кейін экранға шығарылады және сараптама орталығының ақпараттық жүйесінде объектінің ғылыми жетекшісінің жеке кабинетінде орналастырылады.
40. Әрбір объект бойынша кеңестің шешімі МҒТС нәтижелері бойынша бағалау балын және кеңестің қорытындысына сәйкес жалпы балын қосу жолымен алынған қорытынды балл негізінде қабылданады. МҒТС нәтижесінде белгіленген қаржыландыру сомасы нұсқаларының бірі, егер оны бағалау процесінде кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің көпшілігі көрсеткен болса, тиісті негіздемемен объектіні қаржыландыру көлемі ретінде айқындалады.
Егер қаржыландырудың екі түрлі көлемі кеңес мүшелерінің бірдей ең көп дауыс санын алса, онда объектіні қаржыландыру көлемі ретінде олардың ең азы айқындалады. Егер объектіні бағалау процесінде кеңес мүшелерінің ең көп саны сұратылғаннан 25 (жиырма бес) %-ға төмен соманы көрсетсе, онда кеңес объектіні қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
Іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын жобалар бойынша өтінімдер үшін объектіні қаржыландыру көлемі ретінде МҒТС нәтижесінде белгіленген сома айқындалады.
Объектілер қорытынды балдың үлкен мәнінен кіші мәніне кему тәртібімен объектілерді орналастыра отырып, қорытынды балдың негізінде сараланған тізім түрінде ресімделеді.
Бірдей қорытынды балл жинаған объектілер кеңес таңдаған қаржыландыру көлемінің өсуі бойынша сараланады.
Гранттық қаржыландыру бойынша 30-дан (отыз) кем қорытынды балл жинаған объектілер сараланған тізімге енгізілмейді және кеңес ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңесті қоспағанда, жобаны қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
Жиынтық қаржыландыру көлемі тиісті жылдарға ЖҒТК шешімімен көзделген осы бағытқа арналған қаржыландырудың жалпы көлемінен аспайтын ең жоғары балы бар объектілер гранттық қаржыландыруға мақұлданған болып саналады. Қаржыландыруға мақұлданған объектілердің соңғысы шекті сызықты – қорытынды балдың мәнін құрайды. Шекті сызықтан төмен балл жинаған объектілер қабылданбайды.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша сараланған тізімдер ғылыми-зерттеу жұмысына арналған әрбір техникалық тапсырма бойынша жеке қалыптастырылады. Сараланған тізімде ең жоғары қорытынды балл жинаған объект қаржыландыруға мақұлданған болып саналады. Қалған объектілер қабылданбайды.
Конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландыруға ұсынылатын объектілер бойынша сараланған тізім қалыптастырылмайды. Мұндай объектілерді мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешімдер кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
41. Кеңестердің әрбір объектіні қаржыландыру көлемі туралы шешімдері осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектінің атауы, қаржыландырудың жалпы көлемі мен жылдар бойынша қаржыландыру сомалары, өтінім берушінің өтінімде сұратып отырған сомасымен салыстырғанда қаржыландыру көлемдерін азайтудың негіздемесі көрсетіле отырып (қаржыландыру көлемдері азайған жағдайда), хаттамаға қосымшамен ресімделеді.
42. Кеңестердің осы Ереженің 38-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша шешімдерін кеңестердің мүшелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптаудың жиынтық қорытындысы негізінде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі бағалау парағына және (немесе) сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы әр өтінім үшін әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балл қою арқылы жеке қабылдайды.
Кеңес мүшелері қойған балдардың негізінде әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл және әрбір өтінім бойынша жалпы балл кеңестің қорытынды пікірін және сараптаманың жиынтық қорытындысының қорытынды балын көрсететін әрбір өлшемшарт бойынша орташа балдар қосындысының нәтижесі ретінде айқындалады. Әр өтінім бойынша кеңестің қорытындысы осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру көлемі азайған кезде кеңес жиынтық қорытындыны басшылыққа алады және өтінім беруші өтінімде сұратқан соманың 25 %-дан (жиырма бес пайыздан) артық азайта алмайды.
Егер кеңес коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру сомасын өтінім беруші өтінімде сұратып отырған соманың 25 %-дан (жиырма бес пайыздан) артық азайту туралы шешім қабылдаса, жоба қабылданбауға тиіс және сараланған тізімге енгізілмейді.
Әрбір коммерцияландыру жобасы бойынша шешімді кеңестер жоба бойынша сараптаманың (технологиялық және экономикалық (маркетингтік)) жиынтық қорытындысының балдарын және кеңестің орташа балын қосу арқылы алынған сараланған жиынтық балдың және кеңестің толық көлемде қаржыландыру немесе қаржыландыруды қысқарту жөніндегі ұсынымы негізінде қабылдайды.
43. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде аралық және қорытынды есептерді қабылдау туралы кеңестің шешімдері МҒТС қорытындысы және мониторинг актілері (бар болса) есепке алына отырып, кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде (жоба аяқталғаннан кейін) жобаларды қаржыландыруды тоқтату (қаржы жылы аяқталғаннан кейін) және қорытынды есептерді қабылдау туралы кеңестің шешімдері:
1) іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын жобалар үшін күнтізбелік жоспарға және мониторинг актісіне (бар болса) сәйкес жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтер;
2) қорытынды есептер үшін МҒТС қорытындысы және мониторинг актілері (бар болса) есепке алына отырып, кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
44. Конкурстық іріктеу мәселелерімен байланысты емес мәселелер бойынша кеңестің шешімдері кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңестердің көрсетілген шешімдері кеңес төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
45. Кеңестер қабылдаған хаттамадан үзінділер түріндегі шешімдерді сараптама орталығы ғылым саласындағы уәкілетті органға және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттарды ұсыну бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты заңды тұлғаға және қажет болған жағдайда, салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.
46. Кеңестердің шешімдерін ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
47. Кеңестер өздері қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
48. Әрбір мақұлданған объектіге бөлінген қаражат көлемі туралы мәліметтер конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
49. Кеңестер қабылдаған барлық шешімдер шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Гранттық қаржыландыру туралы шешімдерді ұлттық ғылыми кеңес шығарады және конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекітеді.
6-тарау. Кеңестер мүшелеріне сыйақылар беру
50. Нақты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға және бағдарламаға (есептерге), оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізгені үшін сыйақыны, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді сараптама орталығы мемлекеттік бюджеттен жүргізеді.
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 1-қосымша |
Нысан
Форма
Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша өтінімді бағалау парағы ____________________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)
1. Ғылыми жобаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балдар* | Кеңес мүшесінің бағалауы, балдар |
---|---|---|---|
1. | Зерттеу нәтижелерінің ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық (оның ішінде кадрлық) әлеуетіне және бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету дәрежесі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
2. | Жобаның әзірлену дәрежесі, яғни мәлімделген параметрлерге сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда дайындаманың болуы және жобаны ойдағыдай іске асыру ықтималдығы (ғылыми жетекшінің басқа жобаларда қамтылуын және басшы ретінде бұрын қаржыландырылған гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыру тәжірибесін ескере отырып, егер мұндайлар болса) |
5 балға дейін, мұндағы: | |
3. | Зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін коммерцияландыруға немесе өзге де сапада қолдануға әзірлік дәрежесі (бұрын ғылыми басшы басқарған гранттық қаржыландыру жобаларының әсерін ескере отырып, егер мұндайлар болса) |
5 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар қосындысы) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі _________________________________________
(ҰҒК атауы)
____________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)
* – Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қағидаларына сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінім, МҒТС қорытындысы және өзге де материалдар негізінде кеңес мүшелері өздерінің кәсіби пайымдауларына сүйене отырып, жеке айқындайды.
2. Ғылыми жобаны қаржыландыру көлемі (іске асыру мерзімі 12 айдан асатын жобалар үшін ғана толтырылады)
Р/с № | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратып отырған сома | Бағалардың негізділігін бағалауды ескере отырып, МҒТС сарапшыларының пікірлері | ҰҒК мүшесінің ұстанымы (МҒТС нұсқаларының бірін көрсету) | ||||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | ||||
1. | Барлығы (жобаны іске асырудың барлық кезеңіне) | |||||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі______________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.) (бар болса)
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 2-қосымша |
Нысан
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімді бағалау парағы _______________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балдар* | Кеңес мүшесінің бағалауы, балл |
---|---|---|---|
1. | Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылығын, негізділігін, жүйелілігін, болжамдылығын ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырмада көрсетілген қойылған міндеттердің күрделілік деңгейіне және күтілетін тікелей нәтижелерге сәйкестігі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
2. | Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып) |
5 балға дейін, мұндағы: | |
3. | Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып) |
5 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар қосындысы) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі __________________________________________
(ҰҒК атауы)
____________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.) (бар болса) |
* – Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қағидаларына сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінім, МҒТС қорытындысы және өзге де материалдар негізінде кеңес мүшелері өздерінің кәсіби пайымдауларына сүйене отырып, жеке айқындайды.
2. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратып отырған сома | Бағалардың негізділігін бағалауды ескере отырып, МҒТС сарапшыларының пікірлері | ҰҒК мүшесінің пікірі (МҒТС сарапшылары нұсқаларының бірін көрсету) | ||||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | ||||
1. | Барлығы (жобаны іске асырудың барлық кезеңіне) | |||||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі_______________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.) (бар болса) | |
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 3-қосымша |
Нысан
Конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі өтінімді бағалау парағы ___________________________ (объектінің ЖТН және атауы)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балдар* | Кеңес мүшесінің бағалауы, балл |
---|---|---|---|
1. | Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылықты, негізділікті, жүйелілікті, болжамдылықты ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) өтінімде көрсетілген қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелердің күрделілік деңгейіне сәйкестігі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
2. | Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып) |
5 балға дейін, мұндағы: | |
3. | Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып) |
5 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар қосындысы) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі ______________________________________
(ҰҒК атауы)
________________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.) (бар болса) |
Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қағидаларына сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінім, МҒТС қорытындысы және өзге де материалдар негізінде кеңес мүшелері өздерінің кәсіби пайымдауларына сүйене отырып, жеке айқындайды.
2. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратып отырған сома | Бағалардың негізділігін бағалауды ескере отырып, МҒТС сарапшыларының пікірлері | ҰҒК мүшесінің пікірі (МҒТС сарапшылары нұсқаларының бірін көрсету) | ||||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | ||||
1. | Барлығы (жобаны іске асырудың барлық кезеңіне) | |||||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі _______________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.) (бар болса) | |
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 4-қосымша |
Нысан
"_________________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі (Ұлттық ғылыми кеңестің атауы) Гранттық қаржыландыру бойынша өтінімге _____ жылғы "_______________" №__________қорытынды ___________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)
1. Ғылыми жобаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін – 19 балл).
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл* |
---|---|---|
1. | Зерттеу нәтижелерінің ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық (оның ішінде кадрлық) әлеуетіне және бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету дәрежесі | |
2. | Жобаның әзірлену дәрежесі, яғни мәлімделген параметрлерге сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда дайындаманың болуы және жобаны ойдағыдай іске асыру ықтималдығы (ғылыми жетекшінің басқа жобаларда қамтылуын және басшы ретінде бұрын қаржыландырылған гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыру тәжірибесін ескере отырып, егер мұндайлар болса) | |
3. | Зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін коммерцияландыруға немесе өзге де сапада қолдануға әзірлік дәрежесі (бұрын ғылыми басшы басқарған гранттық қаржыландыру жобаларының әсерін ескере отырып, егер мұндайлар болса) | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері бағалауының нәтижелері бойынша ортақ балл |
* – Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшелерінің әрқайсысы өлшемшарт бойынша қойған балдардың орташа мәні болып айқындалады
Қосымша өлшемшарт:
1 | Жеке сектор тарапынан немесе жобаның ғылыми нәтижелерін басқа да тұтынушылар тарапынан қоса қаржыландырудың болуы (тек қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін) | Жобаның жалпы құнының әрбір 5 % қоса қаржыландыру үшін 1 балл, бірақ жиынтығында 4 балдан аспайтын есеппен | |
Қорытынды балл |
2. Ғылыми жобаны қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратып отырған сома | ҰҒК шешімі | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___ жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы _________________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(Төрағаның Т.А.Ә. (бар болса) |
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы ___________________________________
(ҰҒК атауы)
_______________________** | |
(Төрағаның) (хатшының) Т.А.Ә. (бар болса) |
** – Әрбір парақты Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы дәйектеуге тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 5-қосымша |
Нысан
"____________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі (Ұлттық ғылыми кеңестің атауы)
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімге ___ жылғы "________" №__________қорытынды ________________________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін 19 балл).
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл* |
---|---|---|
1. | Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылығын, негізділігін, жүйелілігін, болжамдылығын ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырмада көрсетілген қойылған міндеттердің күрделілік деңгейіне және күтілетін тікелей нәтижелерге сәйкестігі | |
2. | Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып) | |
3. | Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып) | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері бағалауының нәтижелері бойынша ортақ балл |
*– Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшесінің әрқайсысы өлшемшартқа сәйкес қойған балдардың орташа мәні болып айқындалады
Қосымша өлшемшарт:
1. | Жеке сектор тарапынан немесе жобаның ғылыми нәтижелерін басқа да тұтынушылар тарапынан қоса қаржыландырудың болуы (тек қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін) | Жобаның жалпы құнының әрбір 5 % қоса қаржыландыру есебінен 1 балл, бірақ жиынтығы 4 балдан аспауға тиіс | |
Қорытынды балл |
2. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратып отырған сома | ҰҒК ұсыным беретін сома | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы _______________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(Төрағаның Т.А.Ә.) (бар болса) |
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы _____________________________________
(ҰҒК атауы)
_______________________** | |
(Хатшының Т.А.Ә. (бар болса) |
** – Әрбір парақты Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы дәйектеуге тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 6-қосымша |
Нысан
"_______________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі (Ұлттық ғылыми кеңестің атауы)
Конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі ұсынылған өтінімге ________ жылғы "___________" № ____ қорытынды ____________________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін 19 балл).
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл* |
---|---|---|
1. | Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылықты, негізділікті, жүйелілікті, болжамдылықты ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) өтінімде көрсетілген қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелердің күрделілік деңгейіне сәйкестігі. | |
2. | Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып) | |
3. | Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып) | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері бағалауының нәтижелері бойынша ортақ балл |
* – Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшесінің әрқайсысы өлшемшартқа сәйкес қойған балдардың орташа мәні болып айқындалады
Қосымша өлшемшарт:
1. | Жеке сектор тарапынан немесе жобаның ғылыми нәтижелерін басқа да тұтынушылар тарапынан қоса қаржыландырудың болуы (тек қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін) | Жобаның жалпы құнының әрбір 5 % қоса қаржыландыру есебінен 1 балл, бірақ жиынтығы 4 балдан аспауға тиіс | |
Қорытынды балл |
2. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратын отырған сомасы | ҰҒК ұсыным беретін сома | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы _______________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(Төрағаның Т.А.Ә.) (бар болса) |
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы ____________________________________
(ҰҒК атауы)
_______________________** | |
(Хатшының Т.А.Ә.) (бар болса) |
** – Әрбір парақты Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы дәйектеуге тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 7-қосымша |
Нысан
____________________________________________________ (ҰҒК атауы)
Ұлттық ғылыми кеңес отырысының хаттамасына №_________ қосымша _________________________________ конкурсына ұсынылған (конкурстың және оны жариялаған органның атауы) объектілерді қаржыландыру көлемі
Р/с | Объектінің ЖТН* | Өтінім беруші | Қаржыландыру көлемі, мың теңге | |||||||
Мәлімделгені, барлығы | ҰҒК қолдағаны, барлығы | оның ішінде жылдар бойынша, мың теңге | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Бірінші жылы | Негіздеме қысқартылған шығыстарды көрсете отырып, әрбір бап бойынша | Екінші жылы | Негіздеме қысқартылған шығыстарды көрсете отырып, әрбір бап бойынша | Үшінші жылы | Негіздеме қысқартылған шығыстарды көрсете отырып, әрбір бап бойынша | |||||
1. | ||||||||||
2. | ||||||||||
3. | ||||||||||
Барлығы |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы _______________________________
(Төрағаның Т.А.Ә.) (бар болса)
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы _______________________________
**(Хатшының Т.А.Ә.) (бар болса)
* – Өтінім беруші ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беру кезінде берілетін МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі
** – Әрбір парақты Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы дәйектеуге тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 8-қосымша |
Нысан
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша өтінімді бағалау парағы ___________________________________ (Объектінің атауы)
Ең жоғары балл – 30 балл.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балдар | ҰҒК мүшесінің бағалауы |
---|---|---|---|
1. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мәлімделген жоба мақсатына сәйкестігі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
2. | Ұсынылатын жоба бойынша бұрын өтінім беруші жүргізген ғылыми жұмыстың сапасын бағалау |
5 балға дейін, мұндағы: | |
3. | Жобаны іске асыру шеңберінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты беру туралы мәмілелер жасасу жоспарланған ба |
5 балға дейін, мұндағы: | |
4. | Экономикалық тиімділігі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
5. | Қоса қаржыландыру деңгейі |
5 балға дейін, егер қоса қаржыландырудың сұрау салынған гранттық сомаға қатынасы: | |
6. | Жобаны іске асыру шеңберінде өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді болжамды өткізу нарығының географиясы |
5 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар қосындысы) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі __________________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.) (бар болса) | |
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 9-қосымша |
Нысан
"______________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі
(Ұлттық ғылыми кеңес атауы)
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша өтінімге _____ жылғы "___" №_______қорытынды _________________________________________________________________________ (Объектінің атауы)
Ең жоғары балл – 102 балл.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Жалпы балл |
---|---|---|
1. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мәлімделген жоба мақсатына сәйкестігі | |
2. | Ұсынылатын жоба бойынша бұрын өтініш беруші жүргізген ғылыми жұмыстың сапасын бағалау | |
3. | Жобаны іске асыру шеңберінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты беру туралы мәмілелер жасасу жоспарланған ба | |
4. | Экономикалық тиімділігі | |
5. | Қоса қаржыландыру деңгейі | |
6. | Жобаны іске асыру шеңберінде өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді болжамды өткізу нарығының географиясы | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша ортақ балл |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобасын қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
---|---|---|---|---|
Өтінім беруші сұратып отырған сомасы | ҰҒК ұсыным беретін сома | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___ жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы _______________________________________
(ҰҒК атауы)
__________________________ | |
(Төрағаның Т.А.Ә.) (бар болса) |
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы _______________________________________
(ҰҒК атауы)
___________________________ | |
(Хатшының Т.А.Ә.) (бар болса) |
** – Әрбір парақты Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы дәйектеуге тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 10-қосымша |
Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – кеңестер) мүшелері үшін міндетті моральдық-әдептілік құндылықтарын, адамгершілік және кәсіби мінез-құлық қағидаттарын, нормалары мен қағидаларын белгілейді.
2. Кеңес мүшелері өз қызметін орындау кезінде "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519, "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулыларын басшылыққа алуға тиіс.
3. Осы Кодекс ашықтықты, жариялылықты, объективтілікті қамтамасыз етуге және кеңестер мүшелерінің мынадай:
объективтілік және тәуелсіздік;
бейтараптылық;
кәсіби құзыреттілік;
құпиялылық;
жауапкершілік қағидаттарын сақтауы арқылы олар қабылдаған шешімдерге қоғамның сенімін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Объективтілік, тәуелсіздік, бейтараптылық
4. Кеңес мүшелерінің тұжырымдары, ұсынымдары мен қорытындылары үшін объективті негіз талап етілетін ақпараттың жеткілікті көлемі ғана бола алады. Кеңес мүшелері тек анық және тексерілген фактілерді қолдануға және ұсынуға міндетті.
5. Кеңестер мүшелері өздерінің кәсіби қызметінде туындайтын барлық жағдайлар мен шынайы фактілерді объективті түрде қарауға, нақты көзқарастарға, бағалаушы пайымдауларға, қоғамдастықтың біржақты пікірлеріне немесе жеке мүдделерге тәуелді болмауға және жеке теріс түсініктің немесе сырттан болатын қысымның олардың пайымдаулары объективтілігіне әсер етуіне жол бермеуге тиіс.
6. Кеңес мүшесі өзі шешім қабылдаған кезде тараптардың бірін жактаудан және өзінің қызметін сынайды деген қауіптен аулақ болуға тиіс.
7. Кеңес мүшесі кеңестің әрбір мүшесінің өзіне тек білікті және бейтарап пікір қалыптастыруға ұмтылатын тәуелсіз тұлға ретінде қарауына ұмтылуға тиіс.
8. Кеңес мүшесі өзінің пайымдаулары мен тұжырымдарының объективтілігіне ықпал ете алатын адамдармен өзара қарым-қатынастан аулақ болғаны не кеңес мүшесіне кез келген нысанда қысым жасауға жол берілмейтінін көрсете отырып, оларды дереу тоқтатқаны жөн. Ал мұндай факт анықталған жағдайда, сараптама орталығын және/немесе ғылым саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етуге тиіс.
9. Кеңес мүшесі өзі қатысатын немесе үлестес тұлғалар қатысатын жобалар (бағдарламалар) бойынша бағалау және дауыс беру рәсімдерінен бас тартуға тиіс.
10. Кеңес мүшесі кез келген жағдайда жеке басының қадір-қасиетін сақтауға, өзінің ар-намысын қорғауға, өзінің беделіне нұқсан келтіруі және шешім қабылдау кезінде өзінің объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән келтіруі мүмкін кез келген нәрседен аулақ болуға тиіс.
11. Кеңес мүшесі өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде нормативтік құқықтық актілердің, осы Кодекстің талаптарын басшылыққа алуға, кез келген бөгде ықпал етудің жолын кесуге, кеңес отырыстарының күн тәртібі бойынша шешімдер қабылдау процесіне, олар кімнен шықса да, қысым мен заңсыз ықпал етуге, тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұруға міндетті.
12. Кеңес мүшесі өзінің іс-әрекеттері мен шешімдерінде жалпы адамзаттық моральдық ережелер мен адамгершілік нормаларын ұстануға міндетті.
13. Кеңес мүшесінің кәсіби қызметінің міндетті шарттары оның сатылмайтындығы, адалдығы мен риясыздығы болып табылады.
14. Кеңес мүшесі өзінің кәсіптік қызметінде жеке мүдделерді көздемеуге тиіс.
15. Кеңес мүшесі бейтарап болуға, өзінің қызметіне кімнің болса да ықпал етуіне жол бермеуге міндетті.
16. Кеңес мүшесі деректерді, материалдарды бұрмалау мен қолдан жасауға жол бермеуге міндетті, шешімдерді уақтылы және сапалы шығару үшін қажетті барлық мәселелерді ескере отырып, өз өкілеттіктерін құзыретті және адал орындауға міндетті.
3. Кәсіби құзыреттілік
17. Кеңес мүшесі өзінің кәсіби құзыреттілігі шегінен шығатын, сондай-ақ өз құзыретінің саласына сәйкес келмейтін кәсіби іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
18. Кеңес мүшесі істерді кәсіби құзыреттілікпен, тиімділікпен және нәтижелі жүргізуге, жоғары кәсіби деңгейге ұмтылуға міндетті.
19. Кеңес мүшесі өзінің құзыретіндегі мәселелерді шешуге қатысты деректерді жасыруға және бұрмалауға жол бермей, оған толық және объективті ақпарат беруді талап ете алады және талап етуге міндетті.
20. Кеңес мүшесі Кеңестің барлық отырыстарына қатысуға, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға міндетті. Кеңес мүшесінің шешім қабылдаудан және дауыс беруден негізсіз жалтаруына тыйым салынады.
4. Құпиялылық
21. Кеңес мүшесі өзінің міндеттерін орындау барысында алған кез келген ақпарат пен мәліметтерді, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны таратпауға міндетті.
22. Кеңес мүшесі өзіндегі материалдар бойынша мәлімдемелер жасауға, оның ішінде жария пікірлер беруге және сөз сөйлеуге құқылы емес, шешімдер қабылдау және Кеңестер отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелерді қарау кездерінде оның қызметін жария талқылауға немесе қандай да бір бағалауға жол бермеуге және қатыспауға міндетті.
23. Кеңес мүшесі өзіне белгілі болған құпия ақпаратты өз мүдделерінде, үшінші тұлғалардың мүдделерінде, сондай-ақ ақпараттың құқық иеленушілерінің, ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдаланбауға тиіс.
24. Кеңес мүшесі қызметтік мүдделердің, Кеңес мүшесі еңбек және өзге де қатынастарда тұрған оның жұмыс берушілері мен басқа да адамдар мүдделерінің оның шешімдер қабылдауына әсерін болдырмауға міндетті.
5. Анықтығы, толықтығы және негізділігі үшін жауапкершілік
25. Кеңес мүшесі қабылданған шешімдердің анықтығын, толықтығын және негізділігін қамтамасыз ету үшін өзіне жауапкершілік алады.
26. Кеңес мүшесі өзінің кәсіптік міндеттерін адал орындауға және материалдарды уақтылы әрі сапалы қарау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
27. Кеңес мүшесі деректерді жасыруға және бұрмалауға жол бермей, толық және шынайы ақпарат беруге міндетті.
6. Мінез-құлықтың басқа стандарттары
28. Кеңес мүшесі дәлелді себептермен қатыса алмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық отырыстарға қатысуға тиіс.
29. Кеңес мүшесі сараптама орталығы қалыптастырған күн тәртіптерін ұстануға тиіс.
30. Кеңес мүшесі өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және бейтарап ұстанымды ұстануға, нақты мәселені қарауға байланысты өзіне келіп түскен кез келген ауызша не жазбаша өтініштер туралы сараптама орталығын хабардар етуге міндетті.
31. Кеңес мүшесі өзінің әріптестеріне сыпайылықпен қарап, мораль қағидаттарын, адалдықтың, парасаттылық пен әділдіктің жоғары стандарттарын ұстануға тиіс. Кеңес мүшесі кеңестің басқа мүшелерінің, өтінім берушілердің, ғылыми жетекшілердің, сарапшылардың ар-намысын, қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін кемітетін сөздерді қолданбауға тиіс.
32. Кеңес мүшесі кеңестің басқа мүшелерін, өтінім берушілерді, сарапшыларды тілі, ұлты, жасы, жынысы және басқа да белгілері бойынша кемсітуге жол бермеуге тиіс.
33. Кеңес мүшесі Кеңестің басқа мүшелерінің пікіріне құрметпен қарауға және талқыланатын мәселелер бойынша олардың тарапынан сындарлы сынға теріс ден қоймауға тиіс.
7. Қорытынды ережелер
34. Осы Кодекс жалпыға қолжетімді және жария құжат болып табылады және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысымен бекітілген кеңестер мүшелерінің онымен танысуын талап етеді.
35. Кеңес мүшесінің осы Кодекстің талаптарын бұзуы оны Кеңес құрамынан шығаруға негіз болып табылады.
_______________/________________________
(Т.А.Ә.) (бар болса) (қолы)