Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 715 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және жолмен толықтырылсын:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорын:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" деген 5-бөлімде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорны:" деген кіші бөлім алып тасталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин