"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 279 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген |
Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 22-5-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт), Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен (бұдан әрі – Комиссия регламенті) және осы Қағидалармен бекітілген.
3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына сараптама жүргізу тәртібін регламенттемейді.
2-тарау. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу шеңберіндегі құзыреті
4. Комиссиямен өзара іс–қимылды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдары (бұдан әрі – мемлекеттік органдар), квазимемлекеттік сектор субъектілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) өз құзыреті шегінде өз қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) органдары отырыстарының күн тәртібінің тармақтары бойынша ұстанымдарды әзірлеу және экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жіберу.
Бұл ретте нысанды мемлекеттік орган қаралатын мәселе өзінің қызмет саласына қатысты болған жағдайда ғана толтырады.
2) ЕАЭО органдары актілерінің жобаларын, оның ішінде сыртқы саяси қызмет, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету салаларындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ Әділет министрлігімен келісу;
3) Комиссия жанындағы консультациялық органдардың, жұмыс (сараптама) топтарының құрамына енгізу үшін уәкілетті өкілдерді айқындау;
4) ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Комиссия шешімдерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;
5) экономикалық интеграцияны, сыртқы саяси қызметті реттеу саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша мүше мемлекеттер мен Комиссия қатысатын халықаралық іс-шараларды дайындау;
6) Комиссияның құзыретіне жататын өзге де мәселелер:
Комиссия шешімдерінің жобаларын мемлекетішілік келісуді қоса алғанда, осы шешімдердің жобалары бойынша қазақстандық тараптың ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау;
Комиссия шешімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының тиісті үкіметтік және ведомствоаралық үйлестіру және кеңесші органдарының отырыстарында қарау;
7) осы Қағидалардың 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында белгіленген тәртіппен экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Комиссияның сұрау салулары бойынша ақпаратты, статистикалық деректерді және өзге де материалдарды дипломатиялық арналар арқылы ұсыну;
8) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультациялар өткізу және Комиссия департаменттерінің кеңестері мен отырыстарына немесе Комиссия мүшелерінің басшылығымен қатысу;
9) осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында белгіленген тәртіппен ЕАЭО шеңберінде халықаралық шарттардың, сондай-ақ Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуын мониторингтеу мен талдау;
10) Комиссия отырыстарының материалдарына мемлекеттік органның ресми ұстанымын экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жіберу;
11) ЕАЭО туралы шарт және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзге де нысандары.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Комиссия шешімдерінің жобалары ЕАЭО туралы шартқа сәйкес реттеуші әсерді бағалау шеңберінде ҰКП-мен келісуге жатады.
6. ЕАЭО органдарының отырыстары барысында қабылданатын шешімдерге (өкімдерге) парақтап қол қою экономикалық интеграция, сыртқы саяси қызмет саласындағы, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарға, Әділет министрлігіне, сондай-ақ қабылданатын шешімдер (өкімдер) құзыретін қозғайтын мемлекеттік органдарға жүктеледі.
7. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес Елшілік өкілдері қатысатын осы отырыстардың қорытындылары туралы ақпаратты сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органға жұмыс тәртібімен 1 (бір) жұмыс күні ішінде, ресми тәртіппен 3 (үш) жұмыс күні ішінде одан әрі жіберу үшін апта сайын Комиссия Алқасының отырысынан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
8. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен ҰКП-ның Комиссиямен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіруді, оның ішінде:
1) мүдделі мемлекеттік органдарға және ҰКП-ға Комиссия отырыстарына материалдар жіберу;
2) Комиссия отырыстары шеңберінде қарауды талап ететін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ҰКП-мен келісілген қазақстандық тараптың ұстанымын қалыптастыру;
3) Комиссия шешімдерінің күшін жою немесе өзгерту туралы мемлекеттік органдар мен ҰКП ұсыныстарын келісу;
4) Комиссия жанындағы консультациялық органдардың және жұмыс (сараптама) топтарының құрамына енгізу үшін уәкілетті өкілдер туралы ұсыныстарды Комиссияға жіберу;
5) Комиссия отырыстарының материалдарына қазақстандық тараптың келісілген ұсыныстары мен ескертулерін жіберу;
6) ресми ұсыныстарды және (немесе) мемлекеттік органдардың сұрау салуларын, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуларына жауаптарды Комиссияға жіберу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады.
3-тарау. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру және орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы тәртібі
1-параграф. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ақпарат алмасу
9. ЕАЭО туралы шартқа № 1 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен Алқа төрағасы немесе Комиссия Алқасының мүшесі қол қойған Комиссияның сұрау салуларын (бұдан әрі – Комиссияның сұрау салулары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарамағындағы салаларға сәйкес мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ҰКП-ға жібереді.
Комиссияның сұрау салуына жауап қажетті құжаттармен (Комиссияның сұрау салуы, мүдделі мемлекеттік органдардың ресми жауаптары) қоса мемлекеттік органға келіп түскен күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе ҰКП-ның Комиссияға ресми ұсынысы және (немесе) сұрау салуы экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП Комиссияға жіберетін ресми ұсынысты және (немесе) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе ҰКП сұрау салуын, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуларына берілген жауапты ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне орай және келіскен жағдайда мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП хатының түпнұсқасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП хаттың түпнұсқасын құжаттың электрондық нұсқасы жіберілген күні экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз Комиссияның сұрау салуына мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе ҰКП ұсынысын, жауабын, сондай-ақ мемлекеттік органның сұрау салуын Комиссияға жіберуге жол берілмейді.
Жіберілетін ұсыныс және (немесе) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе ҰКП-ның сұрау салуы, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына жауап ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП хатының түпнұсқасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органға, квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе ҰКП-ға сәйкессіздіктерді көрсете отырып, тиісті ескертулерді пысықтау үшін жіберуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган ұсынған ескертулермен келіскен жағдайда, мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП бойынша олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықтау қорытындылары ресми ұсынысты және (немесе) сұрау салуды, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына жауапты экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға қайта енгізеді.
Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган ұсынған ескертулермен келіспеген жағдайда, осы мәселені қарау осы Қағидалардың 35-тармағында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның немесе басқа мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе ҰКП хаттарының түпнұсқаларын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды дипломатиялық арналар арқылы Комиссияның мекенжайына жіберуді қамтамасыз етеді.
11. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе ҰКП Комиссияның сұрау салуын алған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сұрау салынған ақпаратты экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді, ол осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес одан әрі жіберіледі, бұл ретте осы ақпаратта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға немесе өзге де қорғалатын құпияға жатқызылған мәліметтердің болмауы шарт.
Егер Комиссияға берілуге тиіс ақпарат таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жататын болса, оны беру "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Келісілген қазақстандық ұстанымды тұжырымдау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, одан әрі қарауды жүргізу үшін Комиссияның сұрау салуына жауап беретін мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП Қазақстан тарапының ұстанымын белгіленген мерзімде жіберудің мүмкін еместігі туралы Комиссияны ресми хабардар етуді жүзеге асырады, сондай-ақ Комиссияға ұстанымды дайындаудың Комиссияның сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен аспайтын мерзімі туралы ақпарат береді.
Комиссияға Қазақстан тарапының ұстанымын белгіленген мерзімде жіберудің мүмкін еместігі туралы ресми хабарлау экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен немесе ҰКП-дан тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес кейіннен Комиссияның мекенжайына жіберу үшін сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2023 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП өз құзыреті шегінде ұсынылатын ақпараттың көлемі мен мазмұнын айқындайды.
13. Мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе ҰКП-ның ресми ұсынысы және (немесе) сұрау салуы, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына жауап Комиссияға ЕАЭО органдарының жұмыс тілінде жіберіледі.
14. Консультациялар өткізілгенге және Комиссия департаменттерінің, консультативтік комитеттердің, жұмыс және сараптама топтарының кеңестері мен отырыстарына қатысқанға дейін және/немесе Комиссия Алқасы мүшелерінің басшылығымен, оның ішінде бейнеконференция форматында қаралатын мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік органдар материалдарды жібереді және қаралатын мәселелер бойынша ұстанымды тұжырымдау үшін экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ҰКП өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырады.
Егер қаралатын мәселелер экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жататын болса, ұстанымды тұжырымдау рәсімі осы тармақтың жоғарыда көрсетілген абзацына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Қаралатын мәселелер бойынша экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген ұстаным болмаған жағдайда, консультациялар, кеңестер немесе Комиссия отырыстары барысында мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе ҰКП ұстаным білдіруден қалыс қалады.
2-параграф. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимылы
15. Мемлекеттік органдар мен ҰКП экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейде жауапты лауазымды адамды айқындайды, сондай-ақ экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға ЕАЭО жұмыс істеуі мәселелері бойынша экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органның ресми электрондық мекенжайын және басқа да байланыс ақпаратын ұсынады.
16. Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен Комиссия Алқасы отырыстарының күн тәртібін және оған қоса берілетін материалдарды, сондай-ақ консультативтік комитеттердің, жұмыс (сараптама) топтары отырыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты қарамағындағы салаларға сәйкес мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ҰКП-ға олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Мемлекеттік органдар мен ҰКП өз құзыреті шегінде Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібін, оған қоса берілетін материалдарды ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ресми ұстанымын экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Қажет болған жағдайда, Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібі бойынша қорытынды ұстанымды қалыптастыру мақсатында экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың уәкілетті лауазымды адамдарының қатысуымен кеңес өткізе алады. Қорытынды ұстаным осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес кейіннен Комиссияға жіберу үшін сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
18. Ұстанымды белгіленген мерзімде жіберу мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік орган немесе ҰКП белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органды Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібінің тиісті мәселесін уақтылы қарауға кедергі келтіретін себептерді көрсете отырып, оны қарауды ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді.
19. Комиссия Алқасының материалдары Комиссия Регламентінде белгіленген мерзімдерден кешіктірілмей қарауға түсетін жағдайларды қоспағанда, экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия Алқасы отырысының күніне дейін 6 (алты) жұмыс күнінен кеші келіп түскен мемлекеттік органның немесе ҰКП-ның ресми ұстанымын ескермеуге құқылы.
20. Мемлекеттік органдар немесе ҰКП өз құзыреті шегінде Комиссия Алқасы жанындағы консультативтік органдар, жұмыс (сараптама) топтары отырыстарының материалдарын қарайды және олар іс жүзінде келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган арқылы кейіннен Комиссияға жіберу үшін экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға ресми ұстанымы жібереді.
Мемлекеттік органның немесе ҰКП-ның ресми позициясында Комиссия Алқасы жанындағы консультативтік органдар, жұмыс (сараптама) топтары отырыстарының материалдарына мемлекеттік органның дәлелді ескертулері (ұсыныстары) болуға тиіс.
21. Комиссия Алқасы, консультативтік органдар, Комиссия жанындағы жұмыс (сараптама) топтары отырыстарының материалдарына экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның атына жіберілген, мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам (осы органда белгіленген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкілетті лауазымды адамы қол қойған ескертулер мен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органның ресми ұстанымы болып табылады.
22. Комиссияның осы актілерін іске асырудың перспективалары мен ықтимал тәуекелдерін көрсете отырып, экономика салалары бөлінісінде Комиссияның қабылданған актілерінің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсері мен ықпалын бағалау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тұрақты негізде Комиссияның қабылданған актілеріне мониторинг және талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
23. Экономика салалары бөлінісінде Комиссия актілерін талдау мен мониторингтеу нәтижелерін мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде жартыжылдық негізде экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік органдардың Комиссия актілерін талдау және мониторингтеу нәтижелерінде:
1) осы актілердің іске асырылу барысы (Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы үшін Комиссияның осы актілерін іске асырудың перспективалары мен ықтимал тәуекелдерін көрсете отырып, экономика салалары бөлінісінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ету);
2) ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізу;
3) қажет болған кезде Комиссияның осы актілерін және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
24. Егер талдау және мониторинг барысында Комиссияның қабылданған актісі экономиканың жекелеген салалары бөлінісінде экономикалық жағдайға теріс әсер ететіні немесе әсер етуі мүмкін екені анықталған жағдайда, мүдделі мемлекеттік орган осы Қағидалардың 3-параграфында көзделген тәртіппен мұндай актінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы ұсыныс дайындайды.
3-параграф. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімдерінің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар дайындау және енгізу
25. Қажет болған кезде мемлекеттік орган ЕАЭО туралы шартқа № 1-қосымшаның 29-тармағына сәйкес осы шешімді іске асыру нәтижесінде ықтимал залалдың дәрежесін бағалауды қоса алғанда, осындай ұстанымның негіздемесін қамтитын тиісті ұсынысты, сондай-ақ өзгерістер жобасын не Комиссия Алқасы қабылдаған шешімнің күшін жою туралы шешім жобасын әзірлеп, Комиссия Алқасының күшіне енбеген шешімінің (бұдан әрі – ұсыныс) күшін жою немесе оны өзгерту туралы шешім қабылдай алады.
26. Ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган оны Комиссия Алқасының тиісті шешімі жарияланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал таратылуы шектеулі құжаттарға жататын, Алқа қабылдаған Комиссия шешіміне қатысты ол қабылданған күннен бастап, бірақ ол күшіне енген күнге дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанда экономикалық интеграция, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ Әділет министрлігіне және қажет болған кезде басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға қарау үшін жібереді.
27. Мемлекеттік органдар ұсынысты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы ұсынысты дайындаған мемлекеттік органға Комиссия Алқасының күшіне енбеген шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы шешім қабылдауға қатысты өз ұстанымын жібереді.
28. Егер осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні өткеннен кейін ұсынысты дайындаған мемлекеттік органға экономикалық интеграция, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ Әділет министрлігінің немесе өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымы түспесе, онда бұл ұсыныс келісілген болып есептеледі.
29. Ұсынысты барлық мүдделі мемлекеттік органдар келіскен жағдайда, осы ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға осы мәселе бойынша материалдарды (Комиссия шешімінің жобасын, негіздемелері бар анықтамалық материалдарды), сондай-ақ Қазақстан Республикасы өкілінің Комиссия Кеңесіндегі тиісті өтінішінің жобасын Комиссия Алқасына жібереді.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген тиісті материалдарды алған кезде Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкіліне Комиссия Алқасы шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту рәсімін бастау туралы шешім қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
Егер Комиссия Алқасының шешімі күшіне енетін мерзім ЕАЭО туралы шартқа № 1 қосымшаның 16-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен аз болса, осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28 және 29-тармақтарында көзделген барлық іс-қимылдар барынша қысқа мерзімде орындалады.
30. Қазақстан Республикасының өкілі Комиссия Кеңесінде Комиссия Алқасы шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту рәсімін бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ол Комиссия Алқасына ЕАЭО туралы шартқа № 1 қосымшаға сәйкес тиісті ұсыныс енгізеді.
4-параграф. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының хабарламаларын қарау
31. Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен халықаралық шартты және (немесе) Комиссия шешімін орындау кезінде бұзушылықтарды жою туралы Комиссия Алқасының хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты ол келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарамағындағы салаларға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Хабарламаны қарау нәтижелерін мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Комиссия Алқасына жауап жобасымен қоса экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган хабарламаны қарау нәтижелерін осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес Комиссияға жібереді.
5-параграф. Еуразиялық экономикалық комиссия отырыстарында қарау үшін қазақстандық тараптың ұсыныстарын дайындау
33. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өз бастамасы бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің тапсырмаларына сәйкес Комиссия регламентіне сәйкес Комиссия отырысында қарау үшін ұсыныс дайындауды жүзеге асырады.
34. Ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган Комиссия регламентіне сәйкес ресми ұстаным мен материалдарды жіберу арқылы оны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз етеді.
Ұсынысты келісу мерзімі тиісті ұсыныс мүдделі мемлекеттік органдарға келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.
Экономикалық интеграция, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ Әділет министрлігі міндетті келісуші мемлекеттік органдар болып табылады.
Барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ҰКП-мен келісілген жағдайда, ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган одан әрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысына шығару үшін оны экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға енгізілетін ұсыныстар мен материалдардың әрбір парағына мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам (осы органда белгіленген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкілетті лауазымды адамы қол қояды.
35. Қарсылықтар болған кезде ұсынысқа және материалдарға келісуші мемлекеттік органның бланкісінде ресімделетін ескертулермен бұрыштама қойылады, мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам (осы органда белгіленген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкілетті лауазымды адамы қол қояды және келісілетін ұсыныстарға (олардың көшірмелеріне) қоса беріледі.
Ұсыныстар бойынша келіспеушіліктер болған кезде ұсынысты дайындаған мемлекеттік органның жауапты лауазымды адамы не оны алмастыратын адам заңнамада белгіленген тәртіппен хаттамамен ресімделетін өзара қолайлы шешім іздеу мақсатында оны келісуші мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды адамдарымен талқылауды қамтамасыз етеді.
Талқылау қорытындылары бойынша бар орын алған келіспеушіліктер бойынша өзара қолайлы шешім әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеушілік бар ұсынысты келісу кеңесінің хаттамасымен бірге одан әрі үйлестіру кеңесінің отырысына шығару үшін экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік орган әзірленген ұсынысты Үйлестіру кеңесінің отырысына қарауға шығарады.
36. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген және Үйлестіру кеңесінің отырысында мақұлданған ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган осы ұсынысты кейіннен осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган арқылы Комиссияға жіберу үшін экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
37. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган ұсынысты дайындаған мемлекеттік органды және Қазақстан Республикасының Комиссия Кеңесіндегі өкілін оны Комиссияда қарау қорытындылары туралы хабардар етеді.
6-параграф. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің қызметін қамтамасыз ету
38. Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібінің жобасын және оған қоса берілетін, Комиссия регламентінің 16-тармағына сәйкес Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкіліне келісуге келіп түскен материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты қарамағындағы салаларға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға және ҰКП-ға олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарау және ұсыныстар дайындау үшін жібереді.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Мемлекеттік орган Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібінің жобасы және оған қоса берілетін материалдар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және тиісті мәселе бойынша Қазақстан тарапының жалпы ұстанымын қалыптастыру үшін мемлекеттік органның ресми ұстанымын дайындауды, сондай-ақ қажет болған кезде Үйлестіру кеңесінің отырысында қарауды жүзеге асырады.
40. Комиссия Кеңесі отырысының бекітілген күн тәртібін және оған қоса берілетін, Комиссия регламентінің 21-тармағына сәйкес Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкіліне келіп түскен материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес Қазақстан тарапының ұстанымын қалыптастыру үшін қарауға, ұсыныстарды дайындауға және келісуге жібереді.
Мемлекеттік орган немесе ҰКП Қазақстан тарапының жалпы ұстанымын қалыптастыру үшін ресми ұстанымды дайындауды, келісуді, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жіберуді Комиссия Кеңесінің отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда қамтамасыз етеді.
Көрсетілген мерзімдерді Үйлестіру кеңесінің отырысында қарау қорытындылары бойынша Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі қысқартуы мүмкін.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ресми позицияларын жинақтайды және оларды Комиссия Кеңесі отырысының материалдары бойынша Қазақстан тарапының қорытынды ұстанымын қалыптастыру үшін Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысында қарауды қамтамасыз етеді.
42. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындылары бойынша экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган Комиссия Кеңесі отырысының материалдары бойынша қазақстандық тараптың қорытынды ұстанымын сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органға жұмыс тәртібімен 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
43. Қазақстан Республикасының Комиссия Кеңесіндегі өкілінің ЕАЭО туралы шартқа № 1 қосымшаның 26-тармағына сәйкес мәселені Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізу туралы ұсынысын, оның ішінде қажетті материалдарды дайындау осы Қағидалардың 5-параграфында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
44. Мүдделі мемлекеттік органдар өз өкілдерінің Комиссия Кеңесінің отырысына қатысуын мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының өкілімен келісім бойынша Комиссия Кеңесінде өзге де лауазымды адамдар айқындалуы мүмкін.
7-параграф. Мемлекеттік органдар өкілдерінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мен Кеңесінің отырыстарына қатысуы
45. Мемлекеттік орган Комиссия Алқасының отырысы өтетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға Қазақстан тарапының өкілі ретінде Комиссия Алқасының отырысына қатысу үшін мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өз өкілінің кандидатурасы туралы ұсыныс жібереді.
46. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібін ескере отырып, Комиссия Алқасының отырысына қазақстандық тарап өкілінің қатысуы туралы Комиссияға хабарлайды.
47. Мүдделі мемлекеттік органдар Комиссия Кеңесінің отырысы өтетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға Комиссия Кеңесінің отырысына қатысу үшін мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өз өкілдерінің кандидатуралары туралы ұсыныстар жібереді.
48. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган белгіленген мерзімде Қазақстан делегациясының құрамы туралы ақпаратты Комиссияға жібереді.
8-параграф. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы консультациялық органдардың құрамына енгізу уәкілетті өкілдерді анықтау үшін
49. Комиссия Алқасының жанындағы консультативтік органды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен уәкілетті өкілдердің кандидатураларын ұсыну туралы Комиссия Алқасының өтініштерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты қарамағындағы салаларға сәйкес мемлекеттік органдарға, сондай-ақ экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органның құзыретіне кіретін мәселелер қарамағындағы саласына жататын мемлекеттік органдар көрсетілген өтініштерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органның құрамына уәкілетті өкілдерді енгізу туралы ұсыныстар жібереді.
Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.50. Мемлекеттік органда құрылымдық бөлімшенің басшысынан не оның орынбасарынан төмен емес лауазымдарды атқаратын адамдар консультациялық органдағы уәкілетті өкілдер бола алады.
Мемлекеттік орган Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органның құрамына Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті біліктілігі бар бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, өзге де тәуелсіз сарапшыларды енгізу туралы да ұсыныстар жібере алады.
51. Консультативтік органның құрамына Қазақстан Республикасының өкілдерін енгізу туралы ұсынылған ұсыныстардың негізінде экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган өзі соңғы ұсынысты ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде консультативтік органда мүдделі мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің құрамын қалыптастырады және осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес кейіннен Комиссияға жіберу үшін сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органға жібереді.
9-параграф. Өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарламалардың нысандары және ерекше субсидияларды беру шарттарын бұзу фактілері бойынша Еуразиялық экономикалық Комиссияны хабардар ету мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
52. ЕАЭО туралы шартқа № 28 қосымшаға сәйкес экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) және Комиссияны:
1) жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей, республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы беру жоспарланатын барлық субсидиялар туралы;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, есепті тоқсан үшін республикалық және жергілікті деңгейлерде берілген субсидиялар туралы;
3) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, есепті жылға республикалық және жергілікті деңгейлерде берілген субсидиялар туралы хабардар етеді.
53. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өнеркәсіпке мемлекеттік қолдау көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау туралы ақпарат береді:
1) жыл сайын, 1 қазаннан кешіктірмей, республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы беру жоспарланатын барлық субсидиялар туралы хабарламалар;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, есепті тоқсанда республикалық және жергілікті деңгейлерде берілген субсидиялар туралы хабарлама;
3) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 мамырдан кешіктірмей, есепті жылға республикалық және жергілікті деңгейлерде берілген субсидиялар туралы хабарлама жібереді.
54. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы беру жоспарланатын ақша көлемі туралы сұрау салу жібереді.
55. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 53-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы беру жоспарланатын ақша туралы ақпарат жібереді.
56. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган дайындаған өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарлама жобаларын олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келісуді қамтамасыз етеді.
57. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Комиссия Кеңесіндегі өкілімен келісілген есепті және жоспарланған кезеңдер үшін өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарламаларды мүше мемлекеттерге және Комиссияға осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген мерзімдерде жібереді.
10-параграф. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
58. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалық регламенттерді (техникалық регламенттерге өзгерістерді) әзірлеу бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін (бұдан әрі − ЕАЭО ТР) әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу және ЕАЭО ТР өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган құжаттарды жіберу арқылы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен, мүдделі мемлекеттік органдармен, ҰКП-мен, жергілікті атқарушы органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, өзге де мүдделі тұлғалармен және ұйымдармен оны келісуді қамтамасыз етеді.
Ұсыныстарды келісу мерзімі тиісті ұсыныс келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Оң қараудың (келісудің) қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға кейіннен Комиссияға жіберу үшін ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу қажеттігін негіздейтін барлық қажетті материалдармен қоса хат жібереді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарау кезінде Қазақстан Республикасында ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдармен және ҰКП-мен бірлесіп, ұсыныстарды қарауды ұйымдастырады.
59. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ЕАЭО-ның ресми сайтында ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасын) жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей ЕАЭО ТР жобасын (ТР-ға өзгерістер жобасын) және оған құжаттар жиынтығын қарау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және ҰКП-ның атына таратуды жүзеге асырады.
ЕАЭО ТР жобасы (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасы) және құжаттарға ескертулер мен ұсыныстар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға ЕАЭО ТР жобасына (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасы) жария талқылау жүргізуді аяқтаудың жоспарланған күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда ұсынылады.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұстанымды экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның атына дербес жібере алады.
60. ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасын) мемлекетішілік келісуді жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ҰКП ескертулері мен ұсыныстары (пікірлері) 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ЕАЭО ТР жобасына және ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасына мемлекетішілік келісулер қорытындылары бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру туралы ақпаратты дайындау үшін ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның атына жіберіледі.
61. Ерекше жағдайларда, егер мемлекетішілік келісу нәтижелері бойынша шешім қосымша қарау жүргізу немесе қосымша ақпарат алу қажеттігіне байланысты Комиссиядан ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР өзгерістер жобасын) алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде Комиссияға жіберілмейтін болса, Қазақстан Республикасында ЕАЭО ТР (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер) әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Комиссияға көрсетілген шешімді дайындау мерзімі туралы жазбаша нысанда хабарлайды, ол Комиссиядан ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасын) алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауға тиіс.
62. ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер жобасын) мемлекетішілік келісу сатысында ЕАЭО ТР (ЕАЭО ТР-ға өзгерістер) әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін олардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізеді.
11-параграф. Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында жауап шараларын енгізу
63. Жауап шаралары Заңның 18-2-бабына сәйкес енгізіледі.
64. Жауап шараларын қолдану туралы ұсынысты мемлекеттік органдар экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
65. Мемлекеттік органның жауап шараларын қолдану туралы ұсынысы экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті органның атына жазбаша өтініш түрінде ұсынылады, оған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жауап шараларын қолдану туралы мемлекеттік орган беретін мәліметтер тізбесі қоса беріледі.
66. Осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген қандай да бір мәліметтер болмаған не дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда, сондай-ақ қосымша нақтылайтын ақпарат алу қажет болған кезде ұсынылатын жауап шараларының орындылығын анықтау үшін экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органда жауап шараларын қолдану туралы ұсыныс тіркелген кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мемлекеттік органның атына тиісті сұрау салу жібереді.
67. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган 65 және 66-тармақтарда көзделген мәліметтерді алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, жауап шараларын қолданудың орындылығына талдау жүргізеді. Қажет болған кезде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді.
68. Мемлекеттік орган 66-тармаққа сәйкес экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган сұратқан жетіспейтін не дұрыс мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жауап шараларын қолданудың орындылығын талдау нәтижелері теріс болған жағдайда, экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мемлекеттік органға жауап шараларын қолдану туралы ұсынысты одан әрі қарау туралы негізделген бас тартуды жібереді.
69. Ұсынылған жауап шараларын қолданудың орындылығын талдау нәтижелері оң болған жағдайда экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жауап шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындайды және оны шешім қабылдау үшін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді.
70. Жауап шараларын енгізу туралы ұсыныс Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралады.
71. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша:
1) жауап шараларының қолданылуы мақұлданған жағдайда, мемлекеттік орган құзыретінің саласына сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актінің қабылдануын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына тиісті ұсыныс енгізеді.
2) жауап шараларын қолдану мақұлданбаған жағдайда, тиісті шешім Үйлестіру кеңесінің хаттамасында тіркеледі.
72. Жауап шаралары енгізілгенге дейін экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қажет болған жағдайда ЕАЭО-ға тиісті мүше мемлекетпен келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдайды.
73. Экономикалық интеграция саласындағы уәкілетті орган алдын ала, бірақ жауап шараларын енгізу туралы акт қабылданған күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн қалғанда ЕЭК-ті және мүше мемлекеттердің әрқайсысын тиісті жауап шарасының қабылдағаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
74. Жауап шаралары уақытша сипатта болады және ЕАЭО туралы шарттың ережелерін және (немесе) ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін бұзатын шара ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне және ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес келетіндей түрде жойылғанға немесе өзгертілгенге дейін немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өзгеше уағдаласқанша ғана қолданылады.
Нысан
Ұстаным
Сұрақ № ____________________________________________________________
(ЕЭК алқасы отырысының күн тәртібі мәселенің нөмірі мен атауы және отырыс өткізілетін күн көрсетіледі)
Бастамашы: ________________________________________________________
(қаралатын мәселенің бастамашысы көрсетіледі)
Ұсынылады: ________________________________________________________
Мәселенің мәні: _____________________________________________________
___________________________________________________________________
ҚР ұстанымы:_______________________________________________________
(осы мәселе бойынша ұстаным көрсетіледі (шешім, өкім, ұсыным) қабылдау, Қазақстан тарапының ескертулерін ескере отырып шешім (өкім, ұсыным) қабылдау, қосымша пысықтауды талап ететін ретінде шешімді (өкім, ұсыным) күн тәртібінен алу, себептерін негіздей отырып шешім (өкім, ұсыным) қабылдамау)
Нысан
Ұстаным
Сұрақ № _____________________________________________________________
(ЕЭК Кеңесі отырысының күн тәртібі мәселесінің нөмірі мен атауы және отырыс өткізілетін күн көрсетіледі)
Бастамашы: __________________________________________________________
(қаралатын мәселенің бастамашысы көрсетіледі)
ЕЭК Алқасының осы мәселені қарау нәтижесі:
_____________________________________________________________________
Ұсынылады: __________________________________________________________
Мәселенің мәні: ______________________________________________________
Тараптардың ұстанымдары:____________________________________________
ҚР ұстанымы:________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ұстаным көрсетіледі (шешімге (өкімге) қол қою, қазақстандық тараптың ескертулерін есепке алу кезінде талқылау қорытындылары бойынша шешімге (өкімге) қол қою, қосымша пысықтауды талап ететін ретінде күн тәртібінен шешімді (өкімді) алып тастау, себептерін негіздей отырып шешімге (өкімге) қол қоймау)
Мәселені талқылауға арналған тезистер___________________________________
Нысан
Өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау туралы ақпарат*
Қолдау шарасы (субсидия) | Кәсіпкерлерді қаржыландыру көлемі, теңге | Кредиттеу/ лизингтік қаржыландыру мөлшерлемелері** | Деректер ұсынылатын кезең | ЭҚЖЖ коды*** (кемінде 2 таңбалы) | Соның негізінде қолдау көрсетілетін нормативтік құқықтық акт (бап, тармақ), |
Ескертпе:
* кестенің мәні мемлекет қаражаты (республикалық бюджет, жергілікті атқарушы органдар бюджеті, Ұлттық қордың қаражаты және т.б.) есебінен барлық бағыттар бойынша көрсетілетін қолдау.
Ақпаратты қаржыландыру көлемі мен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемелері (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) кодын кемінде 2 (екі) таңбалық деңгейде көрсете отырып, әрбір алушы бөлінісінде әрбір қолдау шарасы бойынша ұсыну қажет. Егер әрбір алушы бөлінісінде ақпарат беру мүмкін болмаса, онда ЭҚЖЖ 2 (екі) таңбалық деңгейіндегі жиынтық деректерді ұсыну қажет.
**кредиттер/лизингтік қаржыландыру берілген жағдайда толтырылады.
*** ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші.
Нысан
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасына мемлекетішілік рәсімдердің қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру туралы ақпарат
№Р/с | ЕАЭО ТР жобасының редакциясы | ЕАЭО ТР ұсынылатын редакциясы | Негіздеме |
Нысан
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті өзгерістерінің жобасына мемлекетішілік келісу рәсімдерінің қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру туралы ақпарат
Р/с | ЕАЭО ТР қолданыстағы редакциясы | ЕАЭО ТР өзгерістер жобасының редакциясы | ЕАЭО ТР ұсынылатын редакциясы | Негіздеме |
Жауап шараларын қолдану туралы мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер тізбесі
1. ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедергінің болуына әкеп соғатын проблемалық жағдайды сипаттайтын ақпарат.
2. ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергіден болатын экономикалық залалды негіздейтін ақпарат.
3. БЭЖ-ге мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының және/немесе сот инстанцияларында проблемалық жағдайды қарауы туралы ақпарат.
4. Қолданылуына (қолданылмауына) байланысты кедергі туындаған ЕАЭО құқық нормаларына және БЭЖ-ге мүше мемлекет заңнамасының нормаларына нұсқаулар.
5. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер органдарының әрекеттерін (әрекетсіздігін) сипаттайтын кедергілерге қатысы бар құжаттардың көшірмелері.