Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 656 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      2) "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "4. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау қағидаларында:

      9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін берілгеніне алты ай толмаған № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин