ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың атаулары ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті атаулары ауыстырылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 368 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық), сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Негізгі міндеттері";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Комиссияның негiзгi функциялары мен құқықтары";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.";
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика салаларындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Министрліктің миссиясы – мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика саласындағы мемлекеттік реттеу.";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия, ономастика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялар:
орталық аппараттың функциялары:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, ономастика салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;
4) халықаралық мәдени ынтымақтастық және архив ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
5) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдер, меморандумдар және шарттар, оның ішінде Министрлік реттейтін салада халықаралық шарттар әзірлеу және жасасу;
6) архив ісі бойынша халықаралық ұйымдарда, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді қамтамасыз ету;
7) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
8) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық жұмысты жүзеге асыру;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
10) Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;
11) Министрлік реттейтін салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізу;
12) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту;
14) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
15) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
16) Министрлік реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;
17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;
18) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;
19) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды бекіту;
20) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
21) қоғамдық маңызы бар әдебиетке және (немесе) оның басылымдарына мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу қағидаларын бекіту;
22) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
23) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;
25) көтермелеудің салалық жүйесін бекіту;
26) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіпқой көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын бекіту;
27) республикалық конкурстар мен фестивальдар өткізудің үлгі қағидаларын бекіту;
28) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту;
29) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекіту;
30) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың және мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;
31) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу;
32) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп-ұстау тәртібін бекіту;
33) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту;
34) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
35) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
36) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту;
37) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiту;
38) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту;
39) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту;
40) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын бекіту;
41) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
42) жеңімпаздары мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға жіберілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың тізбесін бекіту;
43) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атақтар беру қағидаларын бекіту;
44) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіптік көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
45) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекіту;
46) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекіту;
47) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
48) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
49) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту;
50) мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидаларын бекіту;
51) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
52) мемлекеттік мәдениет ұйымдарында билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту;
53) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын бекіту;
54) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын бекіту;
55) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
56) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту;
57) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту;
58) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту;
59) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары мен шарттарын бекіту;
60) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
61) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру тәртібін бекіту;
62) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту;
63) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
64) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішхаттарын қарау;
65) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу;
66) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін қосу туралы өтінім жіберу;
67) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту;
68) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлеу;
69) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту;
70) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын бекіту;
71) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту;
72) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту;
73) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту;
74) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту;
75) тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
76) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту;
77) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту;
78) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту;
79) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау бағаларының нормативтерін бекіту;
80) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын бекiту;
81) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту;
82) республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту;
83) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту;
84) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту;
85) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту;
86) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту;
87) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту;
88) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту;
89) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту;
90) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидаларын бекіту;
91) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту;
92) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту;
93) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекіту;
94) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бекіту;
95) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту;
96) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту;
97) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізу;
98) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту;
99) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту;
100) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту;
101) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырау белгілерін беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту;
102) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекіту және олардың сыныптамасын айқындау;
103) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту;
104) спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекіту;
105) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт жарыстарына қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп тексеру тәртібін бекіту;
106) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруынан және жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
107) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;
108) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту;
109) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту;
110) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту;
111) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидаларын бекіту;
112) спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
113) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
114) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту;
115) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту;
116) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту;
117) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласының мамандары мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын бекіту;
118) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту;
119) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту;
120) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келісу;
121) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту;
122) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келісу;
123) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту;
124) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту;
125) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекіту;
126) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту;
127) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту;
128) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту;
129) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту;
130) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;
131) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту;
132) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту;
133) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту;
134) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту;
135) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындау;
136) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
137) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту;
138) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту;
139) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын бекіту;
140) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту;
141) мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу;
142) Орталық сараптамалық-тексеру комиссиясын құру;
143) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгі құжаттар тізбесін бекіту;
144) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;
145) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
146) құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;
147) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
148) Орталық сараптамалық-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ережелерін бекіту;
149) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын бекiту;
150) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
151) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту;
152) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындау;
153) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және құжаттар тізімін бекіту;
154) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
155) туризм жөнiндегi кеңестiң дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсыну;
156) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту;
157) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
158) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекіту;
159) туристендіру картасын бекіту;
160) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту;
161) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекіту;
162) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;
163) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту;
164) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту;
165) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту;
166) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту;
167) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту;
168) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын бекіту;
169) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
170) бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар мен олар бойынша төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға беру қағидаларын бекіту;
171) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту;
172) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
173) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
174) лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту;
175) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды бекіту;
176) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту;
177) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
178) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
179) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
180) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
181) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
182) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
183) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
ведомстволардың функциялары:
1) тиісті салаларда құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
2) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
3) Министрлік ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
4) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
5) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
6) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
7) тиісті салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жартыжылдық тексеру жүргізу кестелерін бекіту;
10) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу;
12) Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
13) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;
14) ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы сыйлықтар мен жүлделерді тағайындау;
15) республикалық конкурстар мен фестивалдар өткізудің үлгі қағидаларын әзірлеу;
16) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
17) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын әзірлеу;
18) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын әзірлеу;
19) мәдениет, өнер және спорт саласындағы білім беру қызметін ұйымдастыру;
20) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын әзірлеу;
21) мәдениет саласындағы білім берудің барлық деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
22) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы, мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;
23) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекіту;
24) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
25) жеңімпаздары мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға жіберілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру;
26) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға жіберуге рұқсат беру;
27) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
28) талантты жастарды, перспективалы шығармашылық ұжымдарды, оның ішінде жастар ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
29) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;
30) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атақтар беру қағидаларын әзірлеу;
31) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі бойынша сараптамалық комиссия құру;
32) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіпқой көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіпқой көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізу;
33) Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болып табылатын тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сұрау салуына сәйкес белгілерді тауар таңбасы ретінде қолдану үшін оларды келісу не келісуден бас тарту;
34) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу;
35) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлеу;
36) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
37) Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидаларын және музейдің дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
38) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
39) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
40) мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
41) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
42) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу;
43) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді әзірлеу мен өткізу қағидаларын әзірлеу;
44) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
45) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлеу;
46) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлеу;
47) мәдениет саласындағы қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
48) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
49) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру;
50) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
51) мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
52) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлеу;
53) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
54) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;
55) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу;
56) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіпқой көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін берудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу;
57) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру қағидаларын әзірлеу;
58) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін әзірлеу;
59) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
60) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді және оны іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу;
61) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссиясын құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;
62) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
63) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
64) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне қосу;
65) тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
66) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесінен айыру және оны республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;
67) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келісу;
68) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобаларын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің және оларды қорғау аймақтарының аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметті келісу;
69) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру;
70) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсыну;
71) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
72) мемлекеттік меншік болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;
73) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келісу;
74) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
75) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
76) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлеу;
77) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
78) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлеу;
79) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлеу;
80) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
81) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
82) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлеу;
83) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлеу;
84) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау бағаларының нормативтерін әзірлеу;
85) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;
86) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
87) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
88) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
89) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне Қазақстан Республикасының атынан меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру;
90) тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша арнайы комиссия құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;
91) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия құру;
92) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келісу;
93) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау;
94) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру туралы және оларды өзгерту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру туралы және оларды өзгерту туралы шешімді келісу;
95) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
96) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспарларын бекіту, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізу;
97) материалдар мен олжаларды республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдау;
98) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар ету;
99) фильмдердің Мемлекеттік тізілімін жүргізу;
100) ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
101) республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының театр, музыка өнерін, кинематографияны дамыту бойынша, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет, архив ісі саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
102) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлеу;
103) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;
104) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;
105) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;
106) ұлттық фильм куәлігін беру;
107) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлеу;
108) кинематография саласында субсидиялар төлеудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
109) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыру;
110) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп тану;
111) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
112) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
113) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату мен жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйелеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;
114) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асыру;
115) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу;
116) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
117) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығаруды қаржыландыру көлемін белгілеу үшін фильмдерді санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау;
118) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидаларын әзірлеу;
119) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін әзірлеу;
120) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
121) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту;
122) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізу;
123) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлеу;
124) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық, оның ішінде ардагер спортшылар арасында спорттық жарыстар өткізу;
125) халықтың физикалық даму деңгейін айқындау;
126) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
127) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;
128) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлеу;
129) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
130) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын беру, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айыру;
131) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру, олардан айыру;
132) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлеу;
133) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
134) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізу;
135) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысу;
136) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;
137) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлеу;
138) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
139) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін әзірлеу;
140) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін әзірлеу;
141) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлеу;
142) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізу және олардың төленуін қамтамасыз ету;
143) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлеу;
144) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын әзірлеу;
145) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекіту;
146) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлеу;
147) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекіту;
148) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлеу;
149) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
150) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын әзірлеу;
151) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
152) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
153) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
154) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын жыл сайын бекіту;
155) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
156) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындау және олардан босату;
157) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлеу;
158) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;
159) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оларға қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;
160) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
161) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
162) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
163) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар мен спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлеу;
164) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын әзірлеу;
165) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;
166) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлеу;
167) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын әзірлеу;
168) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын әзірлеу;
169) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын әзірлеу;
170) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлеу;
171) халықаралық және республикалық спорт жарыстарының ережелерін (регламенттерін) бекіту;
172) спорттық іс-шаралар шығыстарының құрылымын бекіту;
173) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныстар енгізу;
174) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлеу;
175) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлеу;
176) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлеу;
177) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келісу;
178) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлеу;
179) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;
180) Қазақстан Республикасының спорт этикасын әзірлеу;
181) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін әзірлеу;
182) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
183) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу;
184) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлеу;
185) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
186) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;
187) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;
188) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлеу;
189) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежелі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;
190) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;
191) паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін, мүгедектерге арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесінің бағдарламаларын бекіту, даярлау кезеңдерінің мазмұны;
192) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;
193) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мүгедектер арасындағы құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадалық ойындарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру;
194) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және оны бақылау;
195) тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тізімдерін бекіту;
196) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығару туралы шешім қабылдау;
197) тарихи және өзгеше құндылығы жоқ әрі практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу;
198) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде түзілетін құжаттардың мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар сақтау мерзімдерін көрсете отырып әзірлеген салалық (ведомстволық) тізбелерін келісу;
199) Ұлттық архив қорының құжаттары және оны жинақтау көздері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қор каталогын жүргізу және "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оны пайдалануды қамтамасыз ету;
200) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;
201) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын әзірлеу;
202) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың және мемлекеттік музейлердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;
203) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу;
204) құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау ережесін әзірлеу;
205) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамалар мен архив құжаттарының көшірмелеріне апостиль қою;
206) автоматтандырылған архивтік технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі мен дерекқор құру;
207) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;
208) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
209) республикалық меншіктегі тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
210) шетелдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі архив құжаттарын жинау және елге қайтаруды жүргізу;
211) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету;
212) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
213) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру;
214) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтерін толықтыру көздеріндегі электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
215) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауы бойынша конкурс өткізу;
216) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
217) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
218) туристік қызмет саласында салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
219) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;
220) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
221) туроператордың және турагенттің туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
222) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесін жалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұру;
223) халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiру және олардың жұмысына қатысу;
224) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын әзірлеу;
225) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу;
226) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
227) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттеу;
228) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен тарату;
229) туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;
230) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын турагенттік қызметтің, гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізу;
231) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын әзірлеу;
232) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
233) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын әзірлеу;
234) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіру;
235) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
236) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу;
237) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу;
238) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келісу;
239) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
240) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу;
241) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу;
242) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
243) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау;
244) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
245) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастыру;
246) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
247) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар ету;
248) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекiтуі үшін Туризм жөнiндегi кеңестің дербес құрамын және ол туралы ереженi әзірлеу;
249) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп, туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
250) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;
251) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылды жүзеге асыру туралы шешімін келісу;
252) лицензиаттардың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылау;
253) ақпаратты талдау нысанында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
254) бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды ресімдеу және жолдау;
255) мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізу;
256) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша қабылданған бәс тігу (оның ішінде электрондық) мөлшерлемелері, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар және олар бойынша төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғаларға беру қағидаларын әзірлеу;
257) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
258) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлеу;
259) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
260) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;
261) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру;
262) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
263) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинау және интернет-ресурстардың мазмұнын талдау;
264) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізу;
265) казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтардың шекараларын келісу;
266) жеке тұлға туралы мәліметтерді осындай өтініш түскен күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Министрліктің интернет-ресурсы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ғана қол жеткізуі қамтамасыз етілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізімінен алып тастауды қамтамасыз ету, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тізімнен алып тастау;
267) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
268) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;
269) лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
270) Республикалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
271) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіру;
272) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде сараптамалық кеңесті құру, сондай-ақ ол туралы ережені бекіту;
273) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлеу;
274) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
275) рұқсат беру тұрғысынан бақылауды жүзеге асыру;
276) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды әзірлеу;
277) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ архив ісін басқару және жүргізу органдарын үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
278) құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
279) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 56, 57, 58, 59 және 60-жолдар алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31 және 32-жолдар алып тасталсын;
мына:
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесімен;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен;
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесімен;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен;
осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесімен;
осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын.
5. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 2) тармақшасының жүз жетпіс бірінші, жүз жетпіс үшінші, жүз жетпіс төртінші, жүз жетпіс бесінші, жүз жетпіс алтыншы, жүз жетпіс жетінші, жүз жетпіс сегізінші абзацтарын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 2) тармақшасының жүз жетпіс екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 1-қосымша |
Атаулары ауыстырылатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі ̶ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
1998 жылғы 21 сәуірдегі | |
№ 368 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары
"Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісу бойынша)
"Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
"С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры (келісу бойынша)
"Орталық Қазақстан академиясы" жеке меншік мекемесі "Лингва" ғылыми білім беру орталығының профессоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
"Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы (келісу бойынша)
"Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының қазақ тілі, әдебиет және мәдениет департаментінің ассистент-профессоры (келісу бойынша)
"Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Республикалық академиялық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
18. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21. "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
22. "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
23. "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
24. "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
25. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
26. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
27. "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
28. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
29. "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
30. "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
31. "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
32. "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
33. "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
34. "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
35. "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
36. "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
37. "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
38. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
39. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.
40. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.
41. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
42. "Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
43. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Нұр-Сұлтан" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
14. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысына |
|
8-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
2. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.