Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 620 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.11.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бір бірлік үшін 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин