Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда:
"8. Дарынды жастардың дамуына жәрдемдесу" деген бөлімде:
реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
44 | "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын іске асыру |
Үкіметке ақпарат | АҚДМ | 2021 – 2025 жылдар |
АҚДМ | РБ (007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |