"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 543 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2020 жылдың қорытындылары бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірісінің 14,2 (он төрт бүтін оннан екі) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин