Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 389 қаулысына қосымша |
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысы.
2. "Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 461 қаулысы.
3. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы.