ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07. 2021 бастап қолданысқа енгізіледі
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 25-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 342 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілері:
1) "Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі;
2) "Интеграцияланған деректерді сақтау орны" ақпараттық жүйесі;
3) "Акциз" ақпараттық жүйесі;
4) "Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;
5) "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;
6) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;
7) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;
8) "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесі;
9) "Ақпараттық есепке алу орталығы" ақпараттық жүйесі;
10) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
11) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
12) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
13) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
14) "Азаматтық хал актілерінің жазбалары" ақпараттық жүйесі;
15) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
16) "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
17) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
18) "Талдау орталығы" ақпараттық жүйесі;
19) "Төрелік" автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
20) "Сервистік орталық" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
21) "Сатып алудың бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі;
22) көліктік дерекқордың және тасымалдаулар қауіпсіздігі мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі.