Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 315 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      17-бөлімде:

      мына:

      "

17.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

24 812

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

25 306

      ";

      мына:

      "

17.1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

21 662

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

22 156

      ";

      мына:

      "

3)

Көкшетау техникалық институты

304

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

3)

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

304

      ";

      мына:

      "

5)

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

18 833


оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

17 037

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5)

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

19 327


оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

17 531

      ";

      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы.".

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин