ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 ж. қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Гранттың мөлшерлері:
1)жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2140733 (екi миллион жүз қырық мың жетi жүз отыз үш) теңгені;
2)жатақханада тұруды есептегенде жылына 3038333 (үш миллион отыз сегіз мың үш жүз отыз үш) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.".
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |