Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 38-23), 38-24) және 38-25) тармақшалармен толықтырылсын:
"38-23) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді;
38-24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді;
38-25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;";
21-тармақ мынадай мазмұндағы 19-98) және 19-99) тармақшалармен толықтырылсын:
"19-98) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
19-99) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |