"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 184 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 550 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 29-30, 161-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбелер (бұдан әрі – тізбе) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында (бұдан әрі – Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары) көзделген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдердің 50 % (елу) пайыз мөлшеріндегі қаражат Ұлттық қорға аударылады, 50 % (елу) пайызы мөлшеріндегі қалған сома Қор басқармасы айқындайтын тәртіппен оларды одан әрі қайта инвестициялау мақсаттары үшін Қор тобының иелігінде қалады.

      Өткізудің, қайта ұйымдастырудың, таратудың мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын Қор басқармасы айқындайтын Қордың еншілес, тәуелді ұйымдарын және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды сатудан түсетін қаражат Ұлттық қорға аударылуға жатпайды және толық көлемде Қор тобының иелігінде қалады.

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына қаражат түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин