Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Комиссия қызметінің мақсаттары";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
4) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
7) бюджеттік мониторингің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
8) республикалық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
9) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.";
5-тармақтың 2) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, оның ішінде бюджеттік өтінімді жасау кезінде шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар ұсынылмайтын орталық мемлекеттік органдардың базалық шығыстарының тізбесі;";
жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтар алып тасталсын;
жиырма бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резерв бөлу;";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Комиссияның құқықтары";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |