"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 140 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      10-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте АХҚО инвестициялық резиденті отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі АХҚО инвестициялық резидентінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттер азаматтарының АХҚО инвестициялық резиденті мәртебесін растайтын АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты болған кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бес жылға дейінгі мерзіммен "инвестор" санатындағы визаларды беруді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзартуды жүзеге асырады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сот шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы шешім шығарған кезде оларды шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұстап алуға және ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин