Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

47.

"География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы

  ";

      2) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. "ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (2-санат)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – акционерлік қоғам) 2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған, 2017 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер:

      1) акционерлік қоғам мен Орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер: арнайы киім, шығыс материалдары, жанар-жағармай материалдары, стационарларды қамтамасыз етуге арналған отын мен көмір, жету қиын биік таулы жерлерде жұмыс істеуге арналған экспедициялық және арнайы керек-жарақтар;

      2) ұйымдастыру техникасы, компьютерлер, өлшеу аспаптары, метеорологиялық жабдық пен аспаптар, зертханалық жабдық, пилотсыз ұшу аппараттары (дрон), экспедициялық зерттеулерге қызмет көрсетуге арналған арнайы машиналар мен жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік техникасы;

      3) техникалық қолдауымен ArcGIS (ESRI) үстелдік және серверлік бағдарламалары;

      4) серверлік бағдарламалық қамтылымды өрістетуге арналған серверлер;

      5) талшықты-оптикалық кәбілді, байланыс жабдығын орнату, әкімшілік ғимарат пен ғылыми стационарлар үшін құрылымдалған кәбілдік желіні монтаждау жөніндегі көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар;

      6) Орталық Азия өңірінің биік таулы аудандарында Орталықтың зерттеу бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы, автокөлік құралдарын жалға алу;

      7) әкімшілік ғимараттың және ғылыми стационарлардың қызметтік үй-жайларын офистік жиһазбен, жабдықпен, аспаптармен және шығыс материалдарымен жарақтандыру, үй-жайларды, өлшеу аспаптарын/жабдықтарды және автокөлік техникасын жөндеуге арналған пайдалану шығыстары;

      8) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу: ғылыми мақалаларды жариялау, жинақтарды, монографияларды, атластарды, мерзімді журналдарды басып шығару, патенттеу және талдамалық материалдарды сатып алу;

      9) Қазақстан Республикасының аумағындағы дүлей табиғи қауіптер: селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқа да төтенше гидрометеорологиялық құбылыстар, су және экологиялық қауіпсіздік қатерлеріне байланысты ғылыми-қолданбалы жұмыстар;

      10) Орталықтың әкімшілік ғимаратын және ғылыми стационарларды салу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин