ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01. 2021 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат, 2016 ж., № 67, 457-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Өтемақы төлеу республикалық бюджеттің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы
Департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
департамент бастығының орынбасары – жедел басқару орталығының бастығы;
дербес басқарманың бастығы;
дербес басқарма бастығының орынбасары;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;
бас криминалист;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші;
Жедел басқару орталығының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;
Жедел басқару орталығының аға инспекторы;
барлық атаудағы кезекші аға инспектор;
барлық атаудағы кезекші инспектор.
Ескертпе: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бойынша функционалдық міндеттері:
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
ведомствоаралық үйлестіруді және профилактиканы;
есірткінің заңды айналымын лицензиялауды және бақылауды іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Жетінші бөліністер және "Р" бөліністері
Облыс, қала бойынша, көліктегі департамент, басқарма (бөлім):
Департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
кезекші бөлімнің кезекшісі – аға инспектор;
кезекші бөлімнің кезекшісі – инспектор;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл;
кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтасты;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.".
"2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Жедел басқарма
Бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
Бастық;
кезекші аға инспектор;
кезекші инспектор;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим, қадағалау және күзет басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;
аға инспектор, инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
бас маман;
бас маман – психолог;
аға инспектор;
инспектор, инспектор – психолог.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Арнайы есепке алу бөлімі
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Медициналық қамтамасыз ету бөлімі
бөлім бастығы –дәрігер;
бас маман – дәрігер;
бас маман – мемлекеттік санитарлық дәрігер;
аға инспектор – дәрігер;
инспектор – дәрігер.
Сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімі
Бөлім бастығы;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.".
"3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)
"Сұнқар" арнайы мақсаттағы жасағы
Жасақ командирі;
жасақ командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
штаб бастығының орынбасары, әрі кезекші бөлімнің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлімнің құрамындағы бөлімше бастығы;
шабуылшы, мерген, жару технигі;
автоброньды танк қызметі жөніндегі аға техник, полицей – жүргізуші;
кезекші аға инспектор;
кезекшінің көмекшісі.
Кинологиялық орталық
Орталық бастығы;
орталық бастығының орынбасары;
бөлім (бөлімше, қызмет) бастығы;
кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың аға жедел уәкілі;
барлық атаудағы аға инспектор;
кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың жедел уәкілі;
барлық атаудағы инспектор;
жүргізуші полицей;
кезекшінің көмекшісі.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді;
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
штаб жұмысын;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет бөліністері
Мекеме бастығы;
мекеме бастығының орынбасары;
мекеменің басқарма бастығы;
мекеменің басқарма бастығының орынбасары;
полк (батальон, рота, взвод) командирі;
полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;
бөлім (бөлімше) бастығы;
кезекші бөлімінің бастығы;
ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
бас маман;
барлық атаудағы аға инспектор;
взвод командирінің көмекшісі, әрі бөлімше командирі;
бөлімше командирі;
аға инженер;
барлық атаудағы инспектор;
старшина;
кезекшінің көмекшісі;
барлық атаудағы кіші инспектор;
техник;
инженер;
жүргізуші полицей;
барлық атаудағы полицей.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді (полиция жүргізушілерін қоспағанда);
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері
Бастық;
бастықтың орынбасары.
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
инспектор.
Режимдік бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
аға өрт сөндіруші;
қарауыл бастығы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Кезекші бөлім
Колония бастығының кезекші көмекшісі;
колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;
Бақылау қызметі бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
қарауыл бастығы;
қарауыл бастығының көмекшісі;
жасақша бастығы;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
тәрбиеші;
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор – психолог;
инспектор – психолог;
барлық атаудағы инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
аға инспектор;
инспектор.
Медициналық бөлімше (денсаулық пункті), аурухана
Бастық;
бастықтың орынбасары;
медициналық бөлімше бастығы – дәрігер;
сәби үйінің бастығы – дәрігер;
бөлімше бастығы – дәрігер;
медицина бөлімшесінің бастығы;
барлық атаудағы дәрігерлер;
санитарлық дәрігер;
барлық атаудағы фельдшерлер;
мейіргер.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы)
Бастық;
аға инспектор;
инспектор.
Тергеу изоляторлары
Бастық;
бастықтың орынбасары.
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник.
Режим және күзет бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
корпус бойынша басшы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Кезекші қызмет
Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі;
тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары.
Арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор – психолог;
инспектор – психолог;
барлық атаудағы инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
инспектор;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник.
Медициналық бөлімше (денсаулық пункті) аурухана
Бастық;
бастықтың орынбасары;
сәби үйінің бастығы – дәрігер;
бөлімше бастығы – дәрігер;
медицина бөлімшесінің бастығы;
барлық атаудағы дәрігерлер;
санитарлық дәрігер;
барлық атаудағы фельдшерлер;
мейіргер.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы)
Бастық;
аға инспектор;
инспектор".
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі
Бастық;
бастықтың орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;
патрульдік полиция полицейі.
Криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері
Бөлім, бөлімше бастығы;
бөлім бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист.
Кезекші бөлім
Кезекші аға инспектор;
кезекшінің көмекшісі.
Уақытша ұстау изоляторы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
кезекші полицей;
полицей;
жүргізуші полицей;
айдауыл полицей.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері, Көліктегі полиция департаменттері
Бастық;
бастықтың орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін);
басқарма (жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығы;
басқарма (жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығының орынбасары.
Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік қызметтері
Басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
бас криминалист;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл, тергеушінің көмекшісі, техник-криминалист.
Арнайы бөліністер
"Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері
Арнайы мақсаттағы бөліністің командирі;
арнайы мақсаттағы бөлініс командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлініс құрамындағы взвод командирі;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;
шабуылшы – аға инспектор;
жару технигі – аға инспектор;
мерген – аға инспектор;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;
шабуылшы – инспектор;
жару технигі – инспектор;
мерген – инспектор;
полицей, жүргізуші полицей.
Арнайы жедел ден қою жасақтары
Арнайы жедел ден қою жасағының командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы взвод командирі;
саптық бөліністің аға инспекторы;
мерген – аға инспектор;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор (суатқыш машинасының);
кезекші – аға инспектор;
арнайы техника жөніндегі аға инженер;
саптық бөліністің инспекторы;
мерген – инспектор;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;
инспектор (суатқыш машинасының);
инспектор – психолог (келіссөз жүргізуші);
кезекші – инспектор (оқиға болған орынға шығу үшін);
арнайы техника жөніндегі инженер;
кезекші – полицей;
кезекшінің көмекшісі;
жүргізуші полицей.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді;
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
штаб жұмысын;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Жедел басқару орталығы, кезекші бөлім, Полиция департаменті аппараттарындағы Штабтың кезекші бөлімдеріне, Жедел басқару орталығына басшылық ету жөніндегі бөліністер
Бастық;
бастықтың орынбасары;
басқарма бастығының орынбасары – кезекші бөлім бастығы;
бөлім (бөлімше) бастығы;
бөлім бастығының орынбасары – жедел кезекші;
аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
"102" операторы;
кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері)
Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері
Қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);
полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімінің бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімі бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл;
тергеушінің көмекшісі;
техник – криминалист;
жергілікті полиция қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, учаскелік полиция пункті жұмысын ұйымдастыруға жауапты);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);
учаскелік полиция инспекторының көмекшісі.
Жедел басқару орталығы, кезекші бөлім
Бастық;
бастықтың орынбасары;
жедел кезекші;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
"102" операторы;
кезекшінің көмекшісі;
техник.
Патрульдік полиция, айдауылдау қызметі, жолаушылар поездарымен бірге жүретін батальон
Полк (батальон, рота, взвод) командирі;
полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;
взвод командирінің көмекшісі, әрі бөлімше командирі;
бөлімше командирі;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
барлық атаудағы полицей;
кезекші бөлімнің бастығы;
кезекші аға инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
кезекші инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
кезекшінің көмекшісі.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді;
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
штаб жұмысын;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Уақытша ұстау изоляторлары, арнайы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға инспектор;
инспектор;
взвод командирі;
бөлімше командирі;
жүргізуші полицей;
полицей;
кезекшінің көмекшісі;
старшина.
Кинологиялық қызмет орталығы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
кинологиялық қызметтің бөлімше бастығы;
кинологиялық қызметтің аға инспекторы;
кинолог – аға инспектор;
кинологиялық қызмет инспекторы;
кинолог – инспектор;
кезекші инспектор;
кинологиялық қызметтің кіші инспекторы;
кинолог – кіші инспектор;
кіші инспектор;
кезекшінің көмекшісі;
жүргізуші полицей.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға, медициналық қызметке, сотталғандар еңбегін ұйымдастыруға жетекшілік ететін).
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
кезекші аға инспектор;
кезекші инспектор;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим және қадағалау бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Өзіндік қауіпсіздік тобы
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Медициналық қамтамасыз ету бөлімі
Бастық;
бас маман – дәрігер;
аға инспектор – санитарлық дәрігер;
инспектор – дәрігер.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы)
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.".
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |