Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 961 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері таратылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 28 және 50-жолдар алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 961 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/17 мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УК-161/4 мекемесі.