Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 49, 253-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында Бағдарламаға қатысушының бизнес-жобасын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.";
2) "Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында:
"1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:
мына:
"
Қаржыландыру көздері және көлемі |
1) республикалық бюджеттен қаражат: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қаржыландыру көздері және көлемі |
1) республикалық бюджеттен қаражат: |
";
"4. "Еңбек" бағдарламасының мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:
"4.2.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген тармақта:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5-кесте. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/микрокредиттердің көлемі, оның ішінде | млн теңге | ЖАО есептері | 30 114 | 54 070 | 74 070 | 52570 | 52570 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ"АҚ ЕҰ (келісу бойынша), "Даму" КДП" АҚ (келісу бойынша) |
1.1 | әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға | млн теңге | ЖАО есептері | - | - | 10 000 | 10 000 | 10 000 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ кредит бойынша (келісу бойынша), "Даму" КДП" АҚ (келісу бойынша) |
2 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/микрокредиттердің саны, кемінде, оның ішінде: | % | ЖАО есептері | 5 800 | 14 000 | 19 000 | 13 294 | 13 294 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП |
2.1 | жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жастар қатарындағы кәсіпкерлер, жас табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер, кемінде | бірлік | ЖАО есептері | - | - | 5000 | 5000 | 5000 | |
3 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кепілдіктердің саны, кемінде | бірлік | ЖАО есептері | 752 | 690 | 820 | 846 | 873 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ кредит бойынша (келісу бойынша), "Даму" КДП" АҚ (келісу бойынша) |
4 | Ауылдық елді мекендердегі және шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде | мың адам | ЖАО есептері | 20 | 20 | 20 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО |
";
"4.2.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген тармақта:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6-кесте. Жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан "Еңбек" бағдарламасына тартылған адамдардың үлесі | % | ЖАО есептері | 75 | 92,3 | 92,8 | 93 | 93,3 | Еңбекмині, ЖАО |
2 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі | % | ЖАО есептері | 65 | 67 | 70 | 72 | 75 | Еңбекмині, ЖАО |
3 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі | % | ЖАО есептері | 45 | 45 | 45 | 46 | 48 | Еңбекмині, ЖАО |
4 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жастардың үлесі | % | ЖАО есептері | 60 | 65 | 68 | 70 | 75 | Еңбекмині, ЖАО |
5 | Жастар практикасына қатысушылардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 12,7 | 16,0 | 24,6 | 34,6 | 21,7 | Еңбекмині, ЖАО |
6 | "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысушылар саны | мың адам | ЖАО есептері | 0,5 | 0,6 | ||||
7 | "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысушылар саны | мың адам | ЖАО есептері | 1 | 1,5 | ||||
8 | Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 11,3 | 21,3 | 12,4 | 12,0 | 12,3 | Еңбекмині, ЖАО |
8.1. | Қоғамдық жұмыстарға орналасқан адамдардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 107,5 | Еңбекмині, ЖАО | ||||
9 | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны | мың адам | ЖАО есептері | 60,6 | 61,2 | Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, ЖАО | |||
10 | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны, оның ішінде: | мың адам | ЖАО есептері | - | 3,0 | 28,5 | 23,6 | 8,8 | Еңбекмині, ЖАО |
10.1. | жастардың, көпбалалы және/немесе табысы аз отбасы мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің саны | мың адам | ЖАО есептері | - | - | 9,5 | 6,0 | 6,5 |
";
"5. "Еңбек" бағдарламасының негізгі бағыттары, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде:
"5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімде:
"5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау" деген тармақ:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Еңбек" бағдарламасына қатысушы кредит/микрокредит алу үшін қағаз түрінде немесе электрондық нысанда МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ"АҚ-ға/ "Алқаптан сөреге дейін" пилоттық жобасы бойынша кредиторларға Ауылда және шағын қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында және Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттар тізбесін/мәліметтерді ұсынады.";
мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Алқаптан сөреге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту бойынша пилоттық жоба Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында 2020 жылы іске асырылады.
"Алқаптан сөреге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту бойынша пилоттық жоба шеңберінде берілетін кредиттер/микрокредиттер екі бағытта іске асырылады.
Бірінші бағыт бойынша кредиттер/микрокредиттер "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға микробизнес ашуға, ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейтуге, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға және өнім өндіру бойынша зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамытуға беріледі.
Екінші бағыт бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің аграрлық өнімдерін өндіруді, сатып алуды және өткізуді қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.";
мынадай мазмұндағы жиырма бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алқаптан сөреге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде берілетін кредиттер/ микрокредиттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жергілікті деңгейде бюджеттік бағдарламаның әкімгерімен айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.";
жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға кредит/микрокредит беру үшін Жамбыл облысы халқының табысын арттыру бойынша жоба, "Алқаптан сөреге дейін" кооперативтік тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде ЖАО-ға берілетін бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне микрокредит беру;
3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және ЖАО-ға бюджеттік кредитті аударған кезден бастап есептеледі.";
мынадай мазмұндағы жиырма үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алқаптан сөреге дейін" кооперативтік тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобаның екінші бағыты шеңберінде ЖАО-ға берілетін бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 12 айға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – аграрлық өнімді сатып алу және өткізу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне кредит/микрокредит беру;
3) негізгі қарызды бюджеттік кредиттің мерзімі аяқталғанда өтеу;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 11 айды құрайды және ЖАО-ға бюджеттік кредитті аударған кезден бастап есептеледі.";
жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы, "Алқаптан сөреге дейін" кооперативтік тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға – агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 %-тен аспайды;
4) кепілдікті қамтамасыз ету.";
мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Алқаптан сөреге дейін" кооперативтік тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобаның екінші бағыты шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға – кәсіпкерлік субъектілеріне кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 6 айға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %-тен аспайды;
4) кепілдікті қамтамасыз ету.";
мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Кредитордың кредиттік өнімі "Еңбек" бағдарламасының талаптары мен шарттарына сәйкес болуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы отыз төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алқаптан сөреге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту жөніндегі пилоттық жобаның бірінші және екінші бағыты шеңберінде берілетін кредиттер/микрокредиттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жергілікті деңгейде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.";
"5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" деген тармақта:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік гранттар қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді сатып алуға, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында "Еңбек" бағдарламасына қатысушының бизнес-жобаларын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде пайдаланылады.";
"5.4.2 "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту" деген тармақта:
отыз жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек" бағдарламасын іске асыруға қажет ресурстар:
1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге, 2018 жылы – 66 364 449 мың теңге, 2019 жылы – 86 280 228 мың теңге, 2020 жылы – 132 731 397 мың теңге, 2021 жылы – 80 042 511 мың теңге көзделеді;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер қаражаты есебінен: 2019 жылы – 49 200 315 мың теңге;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат: 2020 жылы – 3 000 000 мың теңге;
4) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.".
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Мақсат. Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Жұмыссыздық деңгейі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 4,9 | 4,9 | 4,8 | 4,8 | 4,8 | * | ||
2 | Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі | % | * | * | БҒМ, ЖАО | 25 | 24 | 23 | 22 | 20 | * | ||
3 | Жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген санатының құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 15 | 10,3 | 10,3 | 9,5 | 9,0 | * | ||
4 | Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі | % | * | * | ҰЭМ, ЖАО | 3 | 5 | 7 | 9 | 10 | * |
";
"Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген бөлімде:
"2-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредиттер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау" деген кіші бөлімде:
"Іс-шаралар" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 1-1, 2 және 2-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Іс-шаралар | ||||||||||||
1 | Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын бекіту | Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||
1-1 | Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | 2020 жылғы қаңтар | ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||
2 | Ауылдарда және шағын қалаларда кредит беру/ микрокредит беру қағидаларын бекіту | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||
2-1 | Ауылдарда және шағын қалаларда кредит беру/ микрокредит беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Ауыл шаруа шылығы министрінің бұйрығы | 2020 жылғы қыркүйек | АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
";
"Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген бөлімде:
"1-міндет. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан "Еңбек" бағдарламасына тартылған адамдардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 75 | 92,3 | 92,8 | 93 | 93,3 | * | * | |
2 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 65 | 67 | 70 | 72 | 75 | * | * | |
3 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 45 | 45 | 45 | 46 | 48 | * | * | |
4 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың қатарындағы тұрақты жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 60 | 65 | 68 | 70 | 75 | * | * | |
5 | Жастар практикасына қатысушылардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 12,7 | 15,6 | 24,6 | 34,6 | 21,7 | * | * | |
6 | "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысушылардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 0,5 | 0,6 | * | * | ||||
7 | "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысушылардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 1 | 1,5 | * | * | ||||
8 | Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 11,3 | 12,3 | 12,4 | 12,0 | 12,3 | * | * | |
8.1. | Қоғамдық жұмыстарға орналастырылған адамдардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 107,5 | * | ||||||
9 | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны | мың орын | Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, ЖАО | 60,6 | 61,2 | * | * |
";
"Іс-шаралар" кіші деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Іс-шаралар | |||||||||||||
1 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 және 515 бұйрықтарымен бекітілген: - әлеуметтік жұмыс орындарын; - жастар практикасын; қоғамдық жұмыстарды; - жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті қоныс аударуын; - әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі нің бұйрығы | 2020 жылғы маусым | Еңбекмині, ЖАО | талап етілмейді |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |