"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 62-бабының 2-тармағына, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 83-бабының 1-тармағына және 86-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы оған "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы қайта құру жолымен "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Осы қаулының 2-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) оған "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинақтау, өңдеу және тарату, Қазақстан Республикасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты тарату болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы № 743 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қ." деген бөлімде:
реттік нөмірлері 21-139 және 21-140-жолдар алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 375-3 және 375-4-жолдар алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж. , № 5-6, 64-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;" және "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;" деген жолдар алып тасталсын.