ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 125 655 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 126 105 |
"; |
мына:
"
1.2 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 62 513 |
1) | Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері, | 30 953 |
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: | 13 175 |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.2 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 62 963 |
1) | Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері, | 31 403 |
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: | 13 625 |
"; |
2) "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 34 808 ер азаматты 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;".
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |