"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысы.

Қолданыстағы

      Баспасөз релизі

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 12-13, 117-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:

      төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;

      жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;

      дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті белгіленсін.

      Осы тармақтың ережелері мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:

      міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есебіне жазу) міндеттемелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;

      міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин