ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 14.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 887-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортында (бұдан әрі – үлгілік паспорт):
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Объект туралы жалпы мәліметтер";
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) басшының, басшы орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жұмыс, үй және ұялы телефондары)";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Объектінің сипаты";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған адамдардың (оның ішінде жеке күзет ұйымы, тәуліктік жасақ, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым жұмыскерлерінің) саны:
Жұмылдырылған жұмыскерлердің, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің барлығы: __;
күндізгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;
түнгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;
тәулік бойы: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін.
12. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, оның ішінде тәуліктік жасақтағы, қарауылдағы, кезекші жауынгерлік ауысымдағы жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінде, қызметкерлерде, әскери қызметшілерде қару-жарақ пен арнайы құралдардың болуы:
қызметтік, табельдік атыс қаруы _______ бірлік.
арнайы құралдар ________________________________________________;
(әрбір түрінің және моделінің атауы мен саны көрсетілсін)
қызметтік (қарауылдық) иттердің саны ___________________________.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Объектінің жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)";
16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттер, сондай-ақ техникалық бақылау құралдары, күзет сигнализациясы, бейнебақылау камералары орналастырылған жерлер;"
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)";
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттерінің орналасуы;";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік коммуникациялық схемалары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)";
Үлгілік паспорт мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Ішкі істер органдарының мемлекеттік бақылауына жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөліністері басшыларымен келісуге жатпайды.".
2. Осы қаулы 2020 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |