Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулы:
1) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 282-2) тармақшасын;
2) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 692) тармақшасын және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын ведомстволар функцияларының 505) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, аэронавигация және әуежайлар қызметі саласындағы табиғи монополия, әуежайлар қызметі саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";
орталық аппараттың функцияларында:
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"34) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"44) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";
78) және 79) тармақшалар алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:
"79-1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар беру;";
103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"103) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 133-1), 133-2) және 133-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"133-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын бекіту;
133-2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдас бөліктерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын бекіту;
133-3) оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 610-1) және 610-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"610-1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту;
610-2) әуежай аумағындағы әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 689-1) тармақшамен толықтырылсын:
"689-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;";
692) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"692) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 708-3), 708-4), 708-5), 708-6) және 708-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"708-3) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыстың өткізілуін ұйымдастыру үшін порталды және ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту;
708-4) инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
708-5) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту;
708-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін бекіту;
708-7) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 709-28) тармақшамен толықтырылсын:
"709-28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
16-тармақта:
ведомстволардың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 69-1) және 69-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"69-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлеу;
69-2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдас бөліктерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:
"96-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келісу;";
мынадай мазмұндағы 123-1) 123-2) және 123-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"123-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасу;
123-2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасу;
123-3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасу;";
205) және 207) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 209-1) тармақшамен толықтырылсын:
"209-1) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөнінде ақпарат беру;";
мынадай мазмұндағы 442-3) және 442-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"442-3) әуежай аумағындағы әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
442-4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;";
489) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"489) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыру, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, олардың күшін жою);";
495) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"495) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";
мынадай мазмұндағы 499-1) тармақшамен толықтырылсын:
"499-1) әзірленген және бекітілген қала құрылысы жобаларының (шағын елді мекендер бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы – егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, дамыту және құрылыс салу схемаларының) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 520-1), 520-2), 520-3), 520-4) және 520-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"520-1) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыстың өткізілуін ұйымдастыру үшін порталды және ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу;
520-2) инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
520-3) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу;
520-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу;
520-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдіснамалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |