Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жүзінші, жүз бірінші және жүз екінші абзацтармен толықтырылсын:
"бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |