Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 479 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 29 шілдедегі
№ 479 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары


Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Қажетті қаржыландыру көлемі
(млн. теңге)

1

2

3

4

5

6

Су ресурстары

Ұлттық деңгейде су ресурстарының тапшылығын төмендету

Халықты сумен қамтамасыз ету

1

Халықты сумен тұрақты жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру
 

ЭГТРМ-ға ақпарат

ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

2

Қалаларда халықты ағынды суларды тазартумен қамту үлесін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыру
 

ЭГТРМ-ға ақпарат
 
 

ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

3

Сумен жабдықтау желілерінде тасымалдау кезінде су шығынын азайту бойынша шараларды жүргізу

ЭГТРМ-ға ақпарат

ИИДМ (жинақтау), ЭГТРМ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

1.1.2 Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету

4

Суарудың қазіргі заманғы әдістерін және басқа да қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын енгізу

ЭГТРМ-ға ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

5

Тамшылатып суару және бүрку әдісін қолдану арқылы жабық жер көлемін ұлғайту

ЭГТРМ-ға ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

6

Қосылған құны неғұрлым жоғары және суды аз қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу

ЭГТРМ-ға ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

7

Кәсіпорындардың суды үнемдеу және суды қайта пайдалану технологияларын енгізуі

ЭГТРМ-ға ақпарат
 
 

ИИДМ (жинақтау), АШМ, ЭГТРМ, ЭМ
 
 

жыл сайын

талап етілмейді*

8

Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тетігін жетілдіру

ЭГТРМ-ға ақпарат
 

АШМ (жинақтау), ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЭМ, ХЖТИЖО, ЭГТРМ

2022 жыл

талап етілмейді*

Бассейндік деңгейде су ресурстарының тапшылығын төмендету

Бассейндер бойынша тапшылықты өтеу

9

Гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау

Орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

10

Суару арналарын салу және жаңғырту
     

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

11

Су тасқыны кезінде су ағысын тежеу үшін су қоймалары мен резервуарларды салу

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың, әкімдіктері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

Әрбір бассейн бойынша су тапшылығын болдырмау жөніндегі шаралар

12

Су сапасын қорғау жөніндегі, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімдерді іске асыру

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), СІМ

жыл сайын

талап етілмейді*

13

Ағаш отырғызуды, атырауларды қалпына келтіруді, тұнба шөгінділерден тазартуды қоса алғанда, бассейндік жүйелерді қалпына келтірудің кешенді тәсілі

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

14

Жерасты суларын ұтымды пайдалану (барлау және алу)

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

15

Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасының мемлекеттік мониторингі

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), "Қазгидромет" РМК
 

жыл сайын

талап етілмейді*

16

Каспий теңізінің суына мемлекеттік экологиялық мониторинг жүргізу (pH)

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), "Қазгидромет" РМК
 

жыл сайын

талап етілмейді*

Ауыл шаруашылығы

17

Органикалық ауыл шаруашылығын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу

рындалған жұмыстар туралы есеп

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері
 
 

жыл сайын

талап етілмейді*

18

Ауыл шаруашылығын жүргізудегі қазіргі заманғы технологиялары мен озық әлемдік практиканы тарту

ЭГТРМ-ға ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

19

Жер ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу
 

ЭГТРМ-ға ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктер

жыл сайын

талап етілмейді*

20

Тозған жерлерді талдау бойынша іс-шаралар жүргізу

орындалған жұмыстар туралы есеп

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

21

Жайылымдарды суландыру шараларын жүргізу

орындалған жұмыстар туралы есеп

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

Энергия тиімділігі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жылыту жүйесі саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар

22

Ірі кәсіпорындардың энергия тұтыну мониторингін қамтамасыз ету
 
 

ЭГТРМ-ға ақпарат

ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

23

Жылу желілерін, өндірістік қуаттарды жаңғырту

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ИИДМ, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, электр энергетикалық компаниялары

жыл сайын

талап етілмейді*

24

Энергия үнемдейтін технологияларды пайдаланып көше жарығын жаңғырту

ЭГТРМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

Құрылыс саласы мен өнеркәсіпте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар

25

Жылу қорғаудың соңғы стандарттарына сәйкес терможаңғырту элементтері бар тұрғын үй қорын салу және күрделі жөндеу

орындалған жұмыстар туралы есеп

ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

26

Энергия аудиті нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыру жөнінде мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерін жыл сайын тыңдауды қамтамасыз ету
 

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ИИДМ, ЭМ

жыл сайын

талап етілмейді*

27

Қазақстан Республикасы энергия үнемділігі мен энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2022 – 2026 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу және бекіту

жол картасы

ИИДМ, ЭГТРМ, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ (келісу бойынша)

2021 жыл
 

Дүниежүзілік банк пен DENA Германия энергетикалық агенттігінің техникалық көмегі есебінен
 

28

Есепті жыл ішінде ұсынылған іс-шаралардан алынған экономикалық әсерлердің қорытындылары бойынша энергия аудиторлық компаниялардың рейтингін жыл сайын анықтауды қамтамасыз ету

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ИИДМ, ЭМ

жыл сайын

талап етілмейді*

Көлік секторында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды енгізу

29

Көліктің балама түрлерін және электромобильдер мен газ отынымен жүретін автомобильдер үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ИИДМ, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 
 

жыл сайын

талап етілмейді*

30

Көлік легін басқару жүйесін жетілдіру ("smart traffic control system")

ЭГТРМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

Электр энергетикасында көмірқышқыл газының шығарылу деңгейін төмендету

31

Нұр-Сұлтан қаласын және Ақмола, Қарағанды облыстарын газдандыру

орындалған жұмыстар туралы есеп

Нұр-Сұлтан қаласының, Ақмола, Қарағанды облыстарының әкімдіктері

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

32

Электр станцияларында жаңа қазандықтарды орнатуды және қолданыстағыларды жаңғыртуды жүзеге асыру

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді*

33

Көлемі мен бағасы бойынша қолжетімді болған жағдайда газдандырылған облыстардың барлық ірі қалаларында ЖЭО көмірден газға көшіру

ЭГТРМ-ға ақпарат

ЭМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

34

Отынды пайдалану тиімділігі мен экологиялық параметрлері бойынша үздік әлемдік технологияларға сәйкес жаңа жылу станцияларын салу

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭМ (жинақтау),
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

5. Ауаның ластануы

35

Ауа сапасын реттейтін халықаралық хаттамаларға қосылу

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ЭМ, ИИДМ, АШМ

2024 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

36

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту

мәслихат шешімі

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

2021 жыл

талап етілмейді*

37

Қоршаған ортаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі деректерін интеграциялау

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2025 жыл

талап етілмейді*

Қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, өңдеу және көму

Халықтың тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен қамтылуы

38

Қазақстан Республикасында қалдықтарды басқару мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
 

Мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасының жобасы

ЭГТРМ (жинақтау), ЭМ, ДСМ, АШМ, ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

2021 жыл

талап етілмейді*

39

Елді мекендерде қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру

ЭГТРМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

40

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің құрылысын дамыту және қолдау

ЭГТРМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2021-2025 жылдар

талап етілмейді*

Тұрмыстық қатты қалдықтар көму полигондары

41

Экологиялық талаптарға, санитариялық қағидаларға және құрылыс нормаларына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуді қамтамасыз ету

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері,
ДСМ

жыл сайын
 
 

талап етілмейді*

42

Заңнама талаптары мен нормаларына сәйкес келетін жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

43

Заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалдықтарды кейіннен сұрыптау, қайта өңдеу пункттеріне шығару
 

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді*

Өңделген қалдықтардың үлесін арттыру

44

Қалдықтарды басқару, оның ішінде оларды қайта өңдеу саласын дамыту үшін арнайы қолдау шараларын әзірлеу

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

45

Органикалық қалдықтарды қайта өңдеп биогаз алуды дамыту

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

46

Кәріз тазалау станцияларында және құс фабрикаларында биогаз қондырғыларын салу

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

47

Тарихи қалдықтарды жою

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), "Жасыл Даму" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді*

Экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

7.1 Балық ресурстары

48

Оңтайлы рұқсат етілген балық аулауды айқындау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және балық аулау лимиттерін бекіту

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ

жыл сайын

талап етілмейді*

49

Балық ресурстарының өсімін молайту

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ

жыл сайын

талап етілмейді*

7.2 Орман ресурстары

50

Ормандарға ұлттық түгендеу жүргізу

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

2021-2030 жылдар

талап етілмейді*

51

Жайық, Ертіс, Іле, Сырдария өзендері бассейндерінің су жинау алаңдарының орманды жерлерін ұлғайту жөнінде іс-шаралар жүргізу
 

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Қызылорда облыстарының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

52

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардың айналасында жасыл аймақтар құру

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді*

53

Жеке өнеркәсіптік плантациялар мен орман питомниктерін құруды қолдау тетігін жетілдіру

бұйрық

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

2022 жыл

талап етілмейді*

54

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде өнеркәсіптік плантациялар мен орман питомниктерін құру жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ (жинақтау), облыстардың әкімдіктері

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

55

Орман көмкерген аумақ алаңының үлесін ұлғайту бойынша іс-шаралар жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету

орындалған жұмыстар туралы есеп

облыстардың әкімдері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

7.3 Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы

56

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің санын, оның ішінде тау жоталарындағы және аң аулау объектілері болып табылатын түрлердің санын есепке алу, аулау лимиттерін бекіту (аң аулау объектілері үшін)
 

Орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ

2021 – 2030 жылдар

талап етілмейді*

57

Табиғат қорғау және қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу және тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері популяциясының мониторингі
 

орындалған жұмыстар туралы есеп

ЭГТРМ

жыл сайын

талап етілмейді*

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

58

Жариялау, қағидалар мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуші және компаниялар арасындағы тікелей байланыстар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін салалық наградалар беру арқылы "жасыл" саясатты іске асыру және ілгерілету
 

ЭГТРМ-ға ақпарат

АҚДМ (жинақтау), АШМ, ИИДМ, ХЖТИЖО (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері
 

жыл сайын

талап етілмейді*

59

"Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі ұлттық баяндаманы дайындау

ұлттық баяндама

ЭГТРМ (жинақтау), мүдделі
мемлекеттік органдар

3 жылда 1 рет

талап етілмейді*

60

Қазақстан Республикасындағы жасыл жобалардың таксономиясын әзірлеу және бекіту

бұйрық

ЭГТРМ (жинақтау), ИИДМ, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, АХҚО, ХЖТИЖО

2022 жыл

талап етілмейді*

61

Жасыл қаржыландыру туралы хабардарлықты арттыруға, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибемен алмасуға бағытталған Жасыл өсу форумын өткізу
 

форумға қатысушылардың бірлескен коммюникесі

АХҚО

жыл сайын

талап етілмейді*

62

АХҚО халықаралық инвесторларының апталығы" аясында жасыл облигация шығарылымының ерекшеліктері туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу
 

баспасөз хабарламалары

АХҚО

жыл сайын

талап етілмейді*


      Ескертпе:

      * қосымша шығындар талап етілмейді, іс-шаралар республикалық және жергілікті бюджеттен көзделген қаражат есебінен жүргізілетін болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасыазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "Атамекен" ҰКП - ...

      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы

      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      "Жасыл Даму" АҚ – ...

      ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "Қазгидромет" РМК – ...

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ХЖТИЖО – "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ - ...

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі