"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 469 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 шілдедегі
№ 469 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі

      1. "Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      2. "Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      3. "Энергетика және машина жасау" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      4. "Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      5. "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      6. "Өмір және денсаулық туралы ғылым" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      7. "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      8. "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      9. "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      10. "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.