Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |