"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 418 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын бекіту;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізу;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;";

      мынадай мазмұндағы 76-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "76-1) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту;";

      103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "103) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "103-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту;";

      131), 132) және 133) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 137-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "137-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту;";

      146) тармақша алып тасталсын;

      147) және 148) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "147) жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту;

      148) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу;";

      151) тармақша алып тасталсын;

      153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "153) кеден іс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуын тану қағидаларын бекіту;";

      155) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "155) арнайы экономикалық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы, сондай-ақ республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарайтын сарапшылық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 282-4), 282-5) және 282-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "282-4) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;

      282-5) жою жоспарының кешенді сараптамасын жүргізу;

      282-6) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізуіне мемлекеттік бақылауы жүзеге асыру;";

      338) тармақша алып тасталсын;

      357) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "357) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;";

      384) тармақша алып тасталсын;

      582) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "582) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беру, сондай-ақ осы ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;";

      590), 591) және 592) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      590) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерделеу және қолдау;

      591) мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;

      592) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;";

      627) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "627) аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;";

      631) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "631) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу мен келісу тәртібін, міндетті құрамы мен мазмұнын белгілеу;";

      16-тармақта:

      ведомстволардың функциялары:

      30) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру;";

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 55-1) және 55-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;";

      55-2) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;";

      87) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "104-1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 109-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "109-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлеу;";

      110), 149), 181) және 209) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 209-1), 209-2) және 209-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "209-1) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын әзірлеу;

      209-2) өнеркәсіптің жетекшілік ететін салаларында таңбалануға және қадағалауға жататын тауарларға реттеушілік әсерге талдау жүргізу;

      209-3) таңбалауға және қадағалауға жататын тауарлардың тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды таңбалауды енгізудің және қадағалаудың орындылығын талдаумен тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға енгізу;";

      315) тармақша алып тасталсын;

      474) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "474) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметiн ұйымдастыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мүлкі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин