Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы" 2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 396 қаулысы

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      1-бөлімде:

      мына:

      "

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

148 820

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

149 270

  ";

      мына:

      "

1.2

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

83 325

1)

Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,

31 705


оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:

13 348

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.2

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

83 775

1)

Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,

32 155


оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:

13 798

  ";

      2) "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 34 358 ер азаматты 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин