Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 395 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 104-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

EIKON

Refinitiv, Ұлыбритания

Мұнай

2709 00 900

Шикі мұнай өнімдері, мұнай өнімдері

2709 00 100,
2710

Табиғи газ

271 121 000 0

Мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі қызметтер

-

Бағалы металдар

7106 10 000 0,
7106 91 000,
7106 91 000 9,
7106 92 000 0,
7108 11 000 0,
7108 12 000,
7108 13 100 0 -
7108 20 000

Түсті металдар

7402 00 000 0,
7403 11 000 0 -
7403 29 000 0,
7801 10 000 0 -
7801 99 900 0,
7901 11 000 0 -
7901 20 000 0,
8103, 8104, 8108

Өзге де бағалы емес металдар

8112

Алюминий оксиді

2818 20 000 0

Уран

2844

Ферроқорытпалар

7202

Титан

8108

Мақта

5201 00 900 0

Қаржылық қызметтер

-

  ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

"Цена Дайджест" журналы, "Ценовая информация" бюллетені – "Цена Дайджест" журналына қосымша

"Цена-Информ" ЖШҚ, Ресей

Дәнді дақылдар

1001-1008

Мақта

5201 00 900 0

Кен және концентраттар

2601,
2610 00 000 0

  ";

      реттік нөмірлері 20, 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

"Соtlооk Соttоn Quotes" баға ақпараты

"Соtlооk Limited", Ұлыбритания

Мақта

5201 00 900 0

21

"Соttоn Оutlооk" журналы

"Соtlооk Limitеd", Ұлыбритания

Мақта

5201 00 900 0

22

"Факты о хлопке" ақпараттық бюллетені

"Соtlооk Limitеd", Ұлыбритания

Мақта

5201 00 900 0

  ".

      2) "Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 147-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларда мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) "Цена Дайджест" журналы және "Ценовая информация" бюллетені ("Цена Дайджест" журналына қосымша), ("Цена-Информ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы);

      2) "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты ("Cotlook Limited" ақпараттық агенттігі, Ұлыбритания);

      3) EIKON, ("Refinitiv" компаниясы, Ұлыбритания).";

      2-тараудың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Оңтүстік Шығыс Азия елдері болып табылады.

      9. EIKON ақпарат көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Еуропа елдері (басқа АКҚӨ-де көрсетілгендерді қоспағанда) болып табылады.";

      3-тараудың 10-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      4-тарауда:

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі";

      2-параграфтың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.";

      3-параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "EIKON ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі"

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. EIKON ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы осы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.

      28. EIKON бағалары бойынша қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын есептеу үшін CIF-Бременнің (Германия Федеративтік Республикасы) жеткізуі шарттарымен жарияланатын COT BRE CIS SM (Mid Price Close)-ден және COT BRE CIS M (Mid Price Close)-ден алынған орташа баға пайдаланылады. Көрсетілген бағалар болмаған жағдайда, COT BRE SP SM (Mid Price Close) орташа бағасы пайдаланылады.

      29. Егер, қандай да бір уақыт кезеңінде EIKON жарияланымдарында ТМД елдерінен алынған мақтаның бағалары болмаса, онда нарықтық бағаны есептеу үшін соңғы баға пайдаланылатын болады.";

      5-тарауда:

      4-параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Cotlook Cotton Quotes" баға ақпараты АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі";

      42-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) CFR-межелі порттың жеткізу шарттарында тиеу станциясынан Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) базалық межелі портына дейін есептелген көліктік шығыстардан тұрады. Жеткізіп беру Владивосток (Ресей Федерациясы) ауыстырып тиеу базалық портына дейін жабық теміржол вагондарымен және әрі қарай Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) портына дейін теңіз көлігімен жүргізіледі;";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "EIKON АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі";

      6-тараудың 46-тармағы алып тасталсын;

      7-тарауда:

      48-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ

НБ – ЖА) ) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмеген деп танылады, мұнда:";

      үшінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин