"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 382 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушiлiк қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептер жасау;";

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге арналған күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;";

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушыларды есепке алуды жүргізу;";

      76) тармақша алып тасталсын;

      91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "91) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және бақылау және қадағалау субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;";

      121) тармақша алып тасталсын;

      235) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "235) квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру;";

      279) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "279) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ мұндай ақпараттың құрамын және оны беру тәртібін бекіту;";

      291) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "291) уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;";

      315) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      321) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "321) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту;";

      354) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі;

      111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "111) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ мұндай ақпараттың құрамын және оны беру тәртібін әзірлеу;";

      125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "125) уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;";

      272) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "272) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын әзірлеу;";

      338) тармақша алып тасталсын".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин