Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2022 № 736 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында:
"Мемлекеттік бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Қаржыландыру көздері мен көлемдері" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:
млрд. теңге
2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | Барлығы | |
РБ* | 652,6 | 637,2 | 592,5 | 505,6 | 394,2 | 388,3 | 3 170,4 |
ЖБ* | 32,6 | 32,6 | 32,2 | 28,9 | 29,1 | 28,9 | 184,3 |
Бюджеттен тыс қаражат | 494,5 | 322,9 | 280,9 | 200,4 | 200,2 | 202,0 | 1700,9 |
Барлығы | 1179,7 | 992,7 | 905,6 | 734,9 | 623,5 | 619,2 | 5 055,6 |
*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады.
";
"Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:
"1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру
Бұл мақсатқа қол жеткізу нәтижелердің мынадай нысаналы көрсеткіштерімен өлшенетін болады:
Нәтижелер көрсеткіштері* | Ақпарат көзі | Өлшем бірлігі | Қол жеткізуге жауаптылар | 2018 жыл (факт) |
2019 | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл |
1. Әлеуметтік тұрғын үй көлемі, оның ішінде: | ЖАО деректері | тұрғын үй бірлігі | ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | 14144 | 25938 | 41152 | 26991 | 23916 | 20079 | 20063 | 20235 |
сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй | тұрғын үй бірлігі | 3678 | 15050 | 16700 | 16700 | 13700 | 9700 | 9700 | 9700 | ||
1) республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін | тұрғын үй бірлігі | - | 3000 | 3000 | 3000 | - | - | - | - | ||
2) жағдайы төмен отбасылар үшін | тұрғын үй бірлігі | - | 6048 | 10000 | 10000 | 10000 | 6000 | 6000 | 6000 | ||
3) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін | тұрғын үй бірлігі |
3678 | 6002 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | ||
кредиттік тұрғын үй | тұрғын үй бірлігі | 10466 | 10888 | 24452 | 10291 | 10216 | 10379 | 10363 | 10535 | ||
2. Жеке құрылыс салушылардың субсидияланатын кредиттерінің көлемі | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деректері | млрд. теңге | ИИДМ, ЕДБ, ҰКП, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | 24,5 | 37 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 |
3. ҚТҚЖБ қарыздарының саны | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деректері | қарыздар бірлігі | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, ҚТҚЖБ | 3057 | 8382 | 12916 | 13333 | 13125 | 13125 | 3125 | 3125 |
жағдайы төмен отбасылар үшін (2%) | - | 5000 | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 | - | - | |||
ЖАО кредиттік тұрғын үйді сатып алуы үшін (5 %) | 3057 | 3382 | 2916 | 3333 | 3125 | 3125 | 3125 | 3125 | |||
4. Тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдіктердің көлемі | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деректері | млрд. теңге | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, ҰКП | 65,8 | 71,4 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 |
5. Тұрғын үйге қол жетімділік коэффициенті** | ИИДМ ведомстволық деректері | жыл | ИИДМ, Еңбекмині | 11,0 | 10,9 | 10,8 | 10,6 | 10,4 | 10,1 | 9,8 | 9,5 |
* көрсеткіштерге қол жеткізу тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай айқындалады
** тұтынуға жұмсалатын шығыстарды шегергенде ауданы 54 шаршы метр пәтердің орташа құнының 3 адамнан тұратын отбасының орташа жылдық ақшалай табысына қатынасы (ҰЭМ СК деректері негізінде есеп) (ҚР бойынша мән өңірлер бойынша орташа арифметикалық мән ретінде есептелген)
";
"Бағдарламаға қатысуға арналған өлшемшарттар (тұрғын үйдің қолжетімділік сатысы)" деген 5.1.1-кіші бөлімде:
төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Бағдарлама шеңберінде қатысушының 1 (бір) бірліктен артық тұрғын үй сатып алуына жол берілмейді.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді, оның ішінде осы кіші бөлімнің 4-тармағының шеңберінде өткізілетін тұрғын үйді сатып алуды және ҚТҚЖБ қаражатының айналымын қамтамасыз ету үшін 20 жыл мерзімге жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша бюджеттік кредиттер бөлінеді.
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖАО-да кезекте тұрғандардың қатарынан әлеуетті сатып алушылар болмаған жағдайда ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес балдық жүйені қолдана отырып, ҚТҚЖБ өткізілмеген пәтерлерді ҚТҚЖБ салымшыларына, оның ішінде ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылатын адамдарға ұсынады. ЖАО-да кезекте тұрмаған ҚТҚЖБ салымшылары мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасына дейінгі табысының болуы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды ескермегенде);
3) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында үй алуға үміткер өтініш берушілер үшін өтініш берілген күннің алдындағы кемінде соңғы 2 (екі) жыл бойы осы қалаларда тұратын жері бойынша тұрақты тіркеуде болуы;
4) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жылда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктің, тұрғын үй бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің жалпы бірлескен (үлестік) меншігінің болмауы), мыналар оған кірмейді:
отбасының әрбір мүшесіне шаққанда пайдалы ауданы 15 (он бес) шаршы метрден кем жатақханадағы бөлменің болуы;
құлау (қирау) қаупі бар, балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты типтегі авариялық күйдегі тұрғын үйлер.";
оныншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Іріктеу кезеңдерінен кейін сұраныс болмаған жағдайда ҚТҚЖБ ішкі құжаттарға сәйкес тұрғын үйді балдық жүйені қолданбай өткізеді не ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерді өтеуді қамтамасыз ете отырып, осы тұрғын үйге өз қалауы бойынша иелік етеді.";
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Бағдарлама қолданысқа енгізілгенге дейін салынып жатқан немесе салынған кредиттік тұрғын үйді өткізу жасалған келісімдер мен бұдан бұрын қолданыста болған бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.";
"Әлеуметтік тұрғын үйді дамыту жөніндегі шаралар" деген 5.1.2-кіші бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржыландырылатын жобаларды ЖАО таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) және өткізудің:
1) республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жобалары бойынша:
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында 180 мың теңгеге дейінгі;
қалған өңірлерде 140 мың теңгеге дейінгі;
2) облигациялар шығару есебінен қаржыландырылатын кредиттік тұрғын үй жобалары бойынша:
Алматы қаласында 240 мың теңгеге дейінгі;
Нұр-Сұлтан қаласы мен оның қала маңы аймақтарында 220 мың теңгеге дейінгі;
Шымкент қаласында және Алматы қаласының қала маңы аймақтарында 200 мың теңгеге дейінгі;
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында 180 мың теңгеге дейінгі;
қалған өңірлерде 160 мың теңгеге дейінгі;
жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобалары шеңберінде 120 мың теңгеге дейінгі шекті есептік құнын (инженерлік желілердің құнын қоспағанда) негізге ала отырып қалыптастырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлерді өткізу
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымынан алып, облигациялық қарыз шеңберінде "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында ЖАО облигацияларын сатып алу үшін еншілес ұйымға қаражат бөледі.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы бөлінген қаражаттың шеңберінде ішкі құжаттарға сәйкес ЖАО облигациялық қарыздарын мынадай шарттармен ұсынады:
қарыздың мақсаты – әлеуметтік кредиттік тұрғын үй салу;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4,25 % (төрт бүтін жүзден жиырма бес пайыз);
қарыз мерзімі – 22 (жиырма екі) айға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жарты жылда 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен.
ЖАО бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру тәртібіне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыру мүмкіндігін қарайды.
Жеке құрылыс салушылардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жобаларды іске асыруға қатысуын үлесін растаудың негізгі шарттары:
меншік құқығындағы ауыртпалықтан немесе ұзақ мерзімді жалдаудан бос жер учаскесінің болуы;
ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
жеке құрылыс салушының жер учаскесін, аяқталмаған құрылысын және жобалау-сметалық құжаттамасын кепіл түрінде беруге келісімі;
ЖАО-ның қатысуымен жобаны іске асыру бойынша өтінім берген сәтке дейін құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үй бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалған көлемі туралы техникалық зерттеп-қарау қорытындысының болуы;
көппәтерлі тұрғын үйлерде қоғамдық мақсаттағы паркингтер, жапсарлас және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайлар құрылысына ақшалай қаражаттың болуын растау болып табылады.
Бағдарламада көзделген тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құнының шегінен асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылады.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді сату құны тұрғын үйдің жалпы нақты ауданы бойынша айқындалады.";
"Тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі шаралар" деген 5.1.3-кіші бөлімде:
2.1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Түсетін жалдау төлемдерін және бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға немесе тиісті келісімдер (меморандумдар) жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін тұрғын үй сатып алуға "Бәйтерек" "ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға жол беріледі.
Қосымша түсетін жалдау төлемдері ЕДБ ипотекалық қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға, қабылданған міндеттемелерді өтеу және (немесе) Бағдарлама шеңберінде кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға бұрын бағытталған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымының меншікті қаражатын қайтару (алмастыру) үшін пайдаланылуы мүмкін.";
2.3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына (бұдан әрі − уәкілетті ұйым) тұрғын үй құрылысының проблемалы нысандарын аяқтау үшін төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен кредит береді. Қосымша 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне уәкілетті ұйымның тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 38,5 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлу көзделуде.";
"Тұрғын үй қорын реновациялау" деген 5.4.4-кіші бөлімде:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Реновациялауға жататын объектілердің тізбесін ЖАО тұрғын үй қорының құрылыс конструкцияларының тозуын, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ тұрғынжай меншік иелерінің пікірін ескере отырып айқындайды. Авариялық (тозығы жеткен) жеке тұрғын үйдің меншік иелері ЖАО-ға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарында белгіленген тәртіп сақталған кезде реновациялау бағдарламасына қосу жөнінде өтініш береді.";
6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қажетті ресурстар
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:
млрд. теңге
2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | Барлығы | |
РБ* | 652,6 | 637,2 | 592,5 | 505,6 | 394,2 | 388,3 | 3 170,4 |
ЖБ* | 32,6 | 32,6 | 32,2 | 28,9 | 29,1 | 28,9 | 184,3 |
Бюджеттен тыс қаражат | 494,5 | 322,9 | 280,9 | 200,4 | 200,2 | 202,0 | 1700,9 |
барлығы | 1179,7 | 992,7 | 905,6 | 734,9 | 623,5 | 619,2 | 5 055,6 |
*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады.";
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қосымшада:
"Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген кестеде:
мына:
"
1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру | |||||||||||||
Көрсеткіштер** | |||||||||||||
1. Әлеуметтік тұрғын үй көлемі, оның ішінде: | тұрғын үй бірлігі |
ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым | 27129 | 28020 | 24927 | 21105 | 21086 | 21276 | 143543 | ||||
сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй | 16700 | 16700 | 13700 | 9700 | 9700 | 9700 | 76200 | ||||||
1) республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін | 3000 | 3 000 | 6000 | ||||||||||
2) жағдайы төмен отбасылар үшін | 10000 | 10000 | 10000 | 6000 | 6000 | 6000 | 48000 | ||||||
3) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 22200 | ||||||
кредиттік тұрғын үй | 10429 | 11320 | 11227 | 11405 | 11386 | 11576 | 67343 | ||||||
2. Жеке құрылыс салушылардың субсидияланатын кредиттерінің көлемі | млрд. теңге | ИИДМ, ЕДБ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 120,0 | бюджеттен тыс қаражат | |||
3. ҚТҚЖБ қарыздарының саны | бірлік |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), | 12916 | 13333 | 13125 | 13125 | 3125 | 3125 | 58 749 | ||||
жағдайы төмен отбасылар үшін (2%) | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 | 40 000 | ||||||||
ЖАО кредиттік тұрғын үйді сатып алуы үшін (5 %) | 2916 | 3333 | 3125 | 3125 | 3125 | 3125 | 18 749 | ||||||
4. Тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдіктердің көлемі | млрд. теңге |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 394,8 | бюджеттен тыс қаражат | |||
5. Тұрғын үйге қол жетімділік коэффициенті** | жыл | ИИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині | 10,8 | 10,6 | 10,4 | 10,1 | 9,8 | 9,5 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру | |||||||||||||
Көрсеткіштер** | |||||||||||||
1. Әлеуметтік тұрғын үй көлемі, оның ішінде: | тұрғын үй бірлігі | ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 41152 | 26991 | 23916 | 20079 | 20063 | 20235 | 152436 | ||||
сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй | 16700 | 16700 | 13700 | 9700 | 9700 | 9700 | 76200 | ||||||
1) республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін | 3000 | 3000 | - | - | - | - | 6000 | ||||||
2) жағдайы төмен отбасылар үшін | 10000 | 10000 | 10000 | 6000 | 6000 | 6000 | 48000 | ||||||
3) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 3700 | 22200 | ||||||
кредиттік тұрғын үй | 24452 | 10291 | 10216 | 10379 | 10363 | 10535 | 76236 | ||||||
2. Жеке құрылыс салушылардың субсидияланатын кредиттерінің көлемі | млрд. теңге | ИИДМ, ЕДБ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | бюджеттен тыс қаражат | |||
3. ҚТҚЖБ қарыздарының саны | қарыздар бірлігі |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), | 12916 | 13333 | 13125 | 13125 | 3125 | 3125 | 58 749 | ||||
жағдайы төмен отбасылар үшін (2%) | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 | - | - | 40000 | ||||||
ЖАО кредиттік тұрғын үйді сатып алуы үшін (5 %) | 2916 | 3333 | 3125 | 3125 | 3125 | 3125 | 18 749 | ||||||
4. Тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдіктердің көлемі | млрд. теңге | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 65,8 | 394,8 | бюджеттен тыс қаражат | |||
5. Тұрғын үйге қол жетімділік коэффициенті** | жыл | ИИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині | 10,8 | 10,6 | 10,4 | 10,1 | 9,8 | 9,5 |
";
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Әлеуметтік кредиттік тұрғын үй салуға ЖАО-ның облигациялық қарыздар шығаруы | млрд. теңге | мәміле туралы есеп | жыл сайын, 2020 – 2025 жылдар | ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) | 281,2 | 109,6 | 108,6 | 110,4 | 110,2 | 112,0 | 832,0 | бюджеттен тыс қаражат |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |