Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 297 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-6-жолмен толықтырылсын:

      "389-6. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 397-жол алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген 1-бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" деген 6-бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:

      2) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:

      "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы" деген жол алып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин