Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 428-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 276 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 2-қосымша |
Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Р/с | Екінші санаттағы рұқсаттар | Уәкілетті орган | Келісуші мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | |||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi | |||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |