Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) құрылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы этносаралық қатынастар саласындағы қолданбалы этносаяси зерттеулер болып айқындалсын.
3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуді;
2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 262 қаулысына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | Кондиционерлеуге арналған жабдық | дана | 3 |
2 | "Seven Hills of Kazakhstan" ЖШС термопринтері | дана | 1 |
3 | "Seven Hills of Kazakhstan" ЖШС деректерді жинау терминалы | дана | 1 |
4 | Электрографиялық көшіру машинасы | дана | 1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 262 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-195-жолмен толықтырылсын:
"21-195. "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-9-6-жолмен толықтырылсын:
"375-9-6. "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
мына:
"
13 | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 340 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
13 | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 386 |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 46 | |
1) | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" РММ | 46 |
". |
4. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";
"Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі.".