"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы Ереженің 16-тармағы орталық аппараттың функцияларының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 282-2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 54-1) және 54-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "54-1) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      54-2) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілік нысаны мен оны ұсыну мерзімін айқындау;";

      273) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "273) аукцион өткізу тәртібін және оның қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 282-1), 282-2) және 282-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "282-1) мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді беру тәртібін айқындау;

      282-2) мемлекет меншігіндегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық беру тәртібін айқындау;

      282-3) жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттардың ережелерін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 442-1), 442-2), 442-3), 442-4), 442-5), 442-6) және 442-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "442-1) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;

      442-2) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;

      442-3) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын келісу;

      442-4) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту;

      442-5) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту;

      442-6) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;

      442-7) жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 479-24) тармақшамен толықтырылсын:

      "479-24) су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 564-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "564-1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларды бекіту;";

      632) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "632) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 646-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "646-1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;";

      652) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "652) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      653) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "653) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;";

      654) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "654) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;";

      655) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "655) өзі басқаратын көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болып табылмайтын көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;";

      659) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "659) тұрғын үй қорын басқарудың заманауи әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 690-1), 690-2), 690-3), 690-4), 690-5), 690-6), 690-7), 690-8), 690-9), 690-10), 690-11), 690-12) және 690-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "690-1) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      690-2) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      690-3) көппәтерлі тұрғын үйдің мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      690-4) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      690-5) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      690-6) қарапайым серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      690-7) тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      690-8) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сертификаттау, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау жөніндегі мамандардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысу;

      690-9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      690-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      690-11) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      690-12) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      690-13) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;";

      ведомстволардың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 298-1), 298-2), 298-3), 298-4) және 298-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "298-1) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;

      298-2) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу;

      298-3) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын әзірлеу;

      298-4) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу;

      298-5) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу;";

      516) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин