Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін құру және мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптамасы орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 253 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      13-бөлімде:

      мына:

      "

13

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

344


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

30

1)

"Дінтану сараптамасы орталығы" РММ

30

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

340

  ".

      2. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі".";

      16-тармақта:

      1) тармақшада:

      елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтар алып тасталсын;

      2) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы жүз отыз сегізінші, жүз отыз тоғызыншы, жүз қырқыншы, жүз қырық бірінші және жүз қырық екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс- шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      республикадағы этносаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;

      этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру.";

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі алып тасталсын.

      3. "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы 2019 ж. , № 11-12 109-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласының (бұдан әрі – бағдарлама) жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік жастар мен отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын".

      4. "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 226 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 11-12, 110-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету, дін саласындағы ахуалды зерделеу, дінтану сараптамасы объектілеріне кешенді сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын танымал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.".