"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 203 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Гранттың мөлшерлері:

      1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1906300 (бір миллион тоғыз жүз алты мың үш жүз) теңгені;

      2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2804200 (екі миллион сегіз жүз төрт мың екі жүз) теңгені құрайды.

      Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин