ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе);
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға ("қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін.";
2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын.";
3) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтар – 2023 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.";
4) көрсетілген қаулыға қоса берілетін акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесінің жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 1-қосымша"; |
5) көрсетілген қаулыға қоса берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 2-қосымша"; |
6) көрсетілген қаулыға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы" деген 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 4-қосымша"; |
мына:
"Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі,
Ахметжан Смағұлұлы Есімов – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жалғыз акционерінің өкілі,
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы";
7) көрсетілген қаулыға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары" деген 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оған қосымшаның 2019 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |