Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ақерке Естайқызы Ахметова Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілі және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ербол Қанатұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.04.2021 № 222; 20.11.2021 № 824; 09.06.2022 № 381 қаулыларымен.2. "Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 617 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |